7 апта. Ұлтқа қызмет ету. Себеп үстеулері, табыс септігіндегі есімше Хакім Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» десе, «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» дейді Алаш көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. Демек, ғылыми-шығармашылық ізденістегі қажыр-қайраттан туған өрелі еңбектерімен халқының рухани кемелденуінің күретамырына қан жүгіртуде шын мәніндегі хас талантқа өршіл рухты мінез қажет. Қазақта ұлт тағдырын өз тағдырынан биік қойған ұлы тұлғаларымыз жетерлік.
Қазақ елінің жарқын болашағы үшін күрескен Алаш арыстарының еңбегі туралы кеңінен сөз қозғауға болады. Алаш арыстары өз халқының алдында перзенттік парызын адал атқарған тұлғалар. Алаштық ұстаным қашанда елдің өсуі мен өркендеуінің қайнар бұлағы. Әрдайым солай болып қала береді.
Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен еңбектері ұлтқа қызмет етудің үлгісі.
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ақыны, әдебиетті зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. А.Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» - деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да, тіл екендігін алғаш аңғартты.
Тапсырмалар: 1. Сөздерді орыс тіліне аударып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
ақыл жарқын
мінез болашақ
ар қайраткер
қызмет жетекші
кемелдену арыс
2. Әлихан Бөкейхановтың қанатты сөзін қалай түснетініңізді жазыңыз.
3. Мәтін бойынша бес сұрақтан тұратын сұқбат құрастырып жазыңыз.
4. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтап жазыңыз.
5. Себеп үстеулерін қатыстырып мәтін тақырыбына байланысты екі сөйлем құрастырып жазыңыз.
6. Мәтін бойынша үш сұрақтан тұратын тест тапсырмасын жасаңыз.
7. Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатты сөзіндегі тірек сөзді жазыңыз.
8. Мәтіндегі бірінші сөзді орыс тіліне аударыңыз?