Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)


-тапсырма. Беpілген сөйлемді сөз құpамына талдаңыз



бет14/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

3-тапсырма. Беpілген сөйлемді сөз құpамына талдаңыз.
Табысқа жету осы өмірдегі іс-әрекетімізге қарай болмақ.


4-тапсырма. Мәтіннің мaзмұнынa бaйлaныcты cұқбaт құpастырыңыз.
5-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен қалау мәнді сөздерді қолданып, сөйлем құpаңыз.
Табысты болу, жеңімпаз болу, көтеріңкі көңіл-күй, үлкен жауапкершілік, ерте тұрып, мақсат қою, жетістікке жету.
Үлгі: Мен табысты болу үшін көп оқығым келеді.


6- тапсырма. Ырықсыз етістермен сөйлем құрастырыңыз.
Шақырылды, айтылды, қойылды, төленді, өткізілді, құрастырылды, жасалды, оқылды, бекітілді.
Үлгі: Келер жылға қаржылық жоспар жасалды.


7-тапсырма. Ұсынылған тұжырым бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз, аргумент қолданыңыз.
Тұжырым сұрақ: Табысқа жету үшін табандылық пен нақтылық керек пе?


8-тапсырма. « Білім – табысты болудың факторы» деген тақырыпта топ алдында сөйлеуге дайындалыңыз және сөйлеңіз.


9-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
Forbes журналының алдыңғы қатарын бастап тұрған Майкл Рубин. Әлемдегі ең бай он адамның алдыңғы қатарында. Болашақ миллиардер, қазіргі Kynetic компаниясының негізін салушы, бала кезінен бастап еңбек еткен. Еңбек өтілін көршісінің үйінде шемішке сатудан бастаған. 10 жасқа толғаннан кейінгі сатушы бала жанына 4-5 бала жинап көршісінің үйінің маңындағы қарларды жинап ақша таба бастайды. Майклдың 14 жасында жеке дүкені болды. 23 жасқа толғанда көлемі 50 миллион долларды қамтитын жеке компаниясы болады. Практикалық тұрғыдан қарастырсақ, ең табысты адамдар бала кезінен еңбек еткен тұлғалар болып табылады.
(https://bugin.kz/1635-dunie-dguzindegi-top-3-enh-tabysty-tulghalar)


10-тапсырма. «Табысты болудың жолдары» пікір-эссе жазыңыз.


9-апта. . ОТБАСЫ БЮДЖЕТІ. ГРАММАТИКА: ЕСІМШЕ ФОРМАЛАРЫНЫҢ СЕПТЕЛУІ; ЕТІСТІК +ЕСІМШЕ ЖҰРНАҚТАРЫ+ТАБЫС СЕПТІК
Отбасы бюджеті − отбасы кірісі мен шығысын есептей отырып жасалған қаржылық жоспар. Қаржы жоспарын дұрыс құру мен нақты орындау отбасы мүшелеріне тікелей қатысты. Мамандар отбасының қаржылық жоспарын құру сіз таңдаған бюджет түріне байланысты екенін айтады, яғни алдымен бюджет түрін анықтап алған дұрыс. Оған төмендегі 3 категория кіреді:

  1. Бірлескен отбасылық бюджет;

  2. Бөлек отбасылық бюджет;

  3. Араласқан отбасылық бюджет.

Бірлескен отбасылық бюджет деп − ерлі-зайыптылардың кірістерін бірге жинақтап, қаражатты барлық отбасы шығыны мен жеке шығындарға жоспарлы түрде жұмсауын айтамыз. Көп отбасылар осы тәсілді қолданады.
«Бюджет» сөзі ақша салатын әмиян деп аударылады екен. Біз әр күнімізді, жұмыстың бәрін жоспарлап отыруымыз керек. Сол секілді ақшаны да санап, жоспарлы жұмсаған дұрыс. Үй бюджеті дегеніміз үйге кіретін барлық табыстарды жәнге шығындарды тиімді құрастырып, есептеп отыру.
Отбасы бюджеті кірістерге барлық ақшаларыңыз, шәкіртақы, айлық жалақы, құнды қағаздар, жәрдемақы кіреді. Үкіметтен алған сыйлықтар, өндірістен, жеке адамнан ақшалай заттай бағалы қағаздай алатын құндылықтар т.б. жатады.
Отбасы бюджеті шығыстарына жаратылып жатқан ақшалар жатады. Киім-кешек, жихазға жететін қаржы, үйге, жихазға, тұрмыстық заттарды жөндеуге жұмсалған қаржыны да шығыстарға жатқызамыз.
Кіріс шығыстан көп болса, ол бюджетті профицит деп атайды.
Кіріс шығыстан аз болса, ол бюджетті дефицит деп атайды.
Шаңырақ көтеріп, отбасын құрғаннан кейін бәрі ортақ болады. Сіз енді бұрынғыдай жалғыз емессіз. Үй болып, болашаққа бірге ұмтылған соң «сенікі, менікі» деген болмайды.
Қаржыгерден кеңес:
- Отбасы бюджеті ақша ұстай алатын адамның қолында болғаны дұрыс.
- кез келген көлемді, қымбат заттарды ақылдаса отыра алған жөн.
- отбасы бюжеті екеуіңізге ортақ ақша екенін ұмытпай, барынша ұқыпты ұстауды үйреніңіз.
Дерекөз:massaget.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет