Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)


-тапсырма. Төмeндeгі бepілгeн cөз жәнe cөз тіpкecтepімeн cөйлeмдep құpacтыpыңыз



бет17/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

4-тапсырма. Төмeндeгі бepілгeн cөз жәнe cөз тіpкecтepімeн cөйлeмдep құpacтыpыңыз.
Уақыт, мәдениеттілігі, пайдасыз істер, басты қасиет, саяхат, жеке өмір, ең бастысы, пайдалы жұмыстар, уақытты үнемдеу.


5-тапсырма. Төмендегі есімшелерді септеңіз.
Демалған, істеген, айтқан, келетін.


6-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз және сөз құрамына талдаңыз.
Танысқанда, меңгергенде, тыныққанда, бөлгенде.


7-тапсырма. Мынa мaқaл-мәтeлдepді opыc тілінe aудapыңыз, жаттап алыңыз.

  • Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

  • Елу жылда ел жаңа.

  • Адамды заман билейді.

  • Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені.

  • Әр нәрсе уақытында қызықты.



8-тапсырма. Ғұламалардың айтқанына келісесіз бе? Пікіріңізді айтыңыз.
Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені – ең дұрыс жол.
В.Г. Белинский
Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат.
А.В. Суворов


9-тапсырма. Ойтүрткі: Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар.
а) Уақытты басқару дегеніміз не?
ә) Уақытты меңгеру не үшін қажет?
б) Бос уақытты қалай тиімді пайдалану керек?


10-тапсырма. «Бос уақытты тиімді пайдалану» тақырыбына сауалнама дайындаңыз.


11-апта. Қазақстандағы саяхатшыларды білесіз бе?
Сөз тудырушы жұрнақтардың қолданысы.
Қазақстандағы саяхатшыларды білесіз бе?

Саяхат – ұзақ сапар деген мағынаны білдіреді. Саяхат дегеніміз – белгілі бір жерде немесе шет елде серуендеу, қыдыру, сол жердің табиғатын көру. Саяхатшы барған елдерінің тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен шаруашылығын көркем суреттеуші, елге қажетті мәліметтерді жинаушы.


Кейбір адамдар әлемнің көптеген бөліктерін зерттеп, бұрын көрмеген нәрселерді көру үшін жолға шығады. Олардың тынымсыз сапарлары уақыт өте келе олардың саяхатшы ретінде танымал болуына себеп болады. Дүниенің кез келген жерінде дерлік саяхаттаған адамдар болуы керек. Дегенмен, кейбір саяхатшылар көргендері мен ашқандарының арқасында танымал болды.
Саяхатқа келгенде атақты саяхатшылар өздерінің ерекше маршруттарымен алға шығады. Бұл саяхатшылардың кейбірі құрлықпен, кейбірі теңіз арқылы саяхаттаған. Саяхатшыларды атақты еткен басты фактор олардың ашқан жерлері болды. Олардың осы уақытқа дейін адамзат ашпаған жерлерді ашуы дүниежүзілік тарих үшін өте маңызды.
Қазақстанда әлемнің жеті құрлығын аралап, тарихта өшпес із қалдырған саяхатшылар баршылық. Олар Шоқан Уәлиханов пен Әліби Жанкелдин және т.б.
Ең бастысы саяхат – бұл әсер алу. Қай мемлекетке барсаңыз да, Қазақстанның басқа облысына шықсаңыз да, жаңа әсер аласыз. Саяхаттау үшін ең бірінші, арман қуып жүре бермей, саяхатты жақын тұрған қаладан, аймақтан бастаған дұрыс. Астана маңында Қорғалжын қорығы, Бұйратау ұлттық табиғи паркі сияқты жерлерге шығуға болады. Шет мемлекетке ағылшын тілін білмесеңіз, орыс тілін түсінетін Украина, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және т.б мемлекеттерге баруға болады.
(https://www.bilet.com/kk/blog/ataqty-saiaxatsylar-zane-olardyn-marsruttary)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет