Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)



бет13/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

Өзін өзі өте жоғары бағалайды. Олардың өмірлік ұстанған ұрандары «Мен бұдан да артықпын, мен өз өзімді жақсы көремін, менің мүмкіншілігім шексіз!».
Адамдарға сенім арта алады. Себебі, ол өзінің ойын басқалардың көмегі арқылы іске асырады. Тәуекелге жиі барады және онысы ақталады. Ол тек ақшаны ғана емес, болашақ істің барысын алдын-ала болжай алады.
Не істеу керек екенін анық біледі. Алдына мақсат қоя біледі және мақсатқа жету жолын тыңғылықты жоспарлайды. Өз мүмкіншіліктерін дұрыс болжау арқылы барлық уақыты мен күш-жігерін осы ойын іске асыру жолында жұмсайды.
Басқалармен тіл табыса біледі. «Басқа пәле - тілден» демекші, ол әр сөзін қоршаған ортаға, нақты жағдайға байланысты ойланып барып сөйлейді.
Өмір ағымынан қалмауға тырысады. Елдегі, әлемдегі болып жатқан өзгерістерді жіті бақылап отырады.
Мүмкіншіліктерді көре біледі. Ол кез-келген жұмысты сапалы жасайды және сол ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Осыны өзіне әдет қылып қалыптастырады. Үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.
Ерте жатып, ерте тұрады. Жетістікке жеткен адамдардың басым бөлігіне тән ортақ әдет: олар теледидарды өте сирек көреді және ұйқтауға ерте жатады. Есесіне таңертең ерте тұрып, таң бозынан жұмысқа кірісіп кетеді. Олар басқалар ұйқтап жатқанда, алдағы күннің жұмысын жоспарлап қояды. Бұл әдеттер – олардың үнемі табысты болуына өз септігін тигізеді.
Дереккөз: http://jas.kz


1-тапсырма. Oқыңыз, аударыңыз жәнe ecтe caқтaңыз.

мақсатқа жету
табысты болу
адамның қалауы
жетістікке жету
адамға сену
жақсы әдеттер

мүмкіншілігі шесіз
тәуекелге бару
алдын-ала болжау
мақсат қою
ойланып сөйлеу
жұмысын жоспарлау

2-тапсырма. Мәтінді оқып, идеяны ақтаңыз, жоспар құрыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет