6-апта 1 сабақ. МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАДЫҢЫЗ БА? ГРАММАТИКА: МЕЗГІЛ МӘНДІ ҚҰРЫЛЫМ, -ҒАНДА, -ҒАН, СОҢ, КЕЙІН/ УАҚЫТТА/ ШАҚТА ҚҰРЫЛЫМДАРЫ Мамандықты дұрыс таңдау арқылы бақытты өмірдің алғашқы баспалдағына қадам басамыз. Оны таңдар кезде, өте мұқият болуымыз керек. Ол өмірімізді жаңа арнаға бағыттап, бұрын-соңды жүрмеген жолдармен өтуге мәжбүрлейді.
Мамандық таңдау – болашақ өміріңізге қатысты өте маңызды және жауапты қадам. Сондықтан шешім шығармас бұрын, сіз қай салада жұмыс істегіңіз келетінін шешіп алу керек.
Дұрыс таңдау жасау үшін мына қарапайым кеңестерді ұсынамыз.
Болашақ мамандығыңыздан не қалайтыныңызды ойлаңыз.
Кім болғыңыз келетінін, немен айналысуды ұнатасыз, неге қол жеткізгіңіз келетінін, қандай қызмет саласында жұмыс істеген қызықты, жоғары жалақы қаншалықты маңызды екенін анықтаңыз.
2. Сіз қандай жұмысқа бейімсіз, қабілеттеріңізді, қызығушылығыңыз бен ынтаңызды ескеріңіз. Қызығушылық дегеніміз – затты немесе құбылысты білуге, оны зерттеуге ұмтылу. Бейімділік – белгілі бір қызметпен айналасуға ұмытылу. Қызығушылықтар мен бейімділік сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Қызығушылық адамды білім алуға итермелейді, мамандықты меңгеру жолындағы кедергілерді жеңуге көмектеседі. Сондай-ақ, кәсіби қызметте табысқа жету үшін сізге ұнайтын жұмыс түріне қабілеттілік қажет. Ал, қабілет дегеніміз – кез келген іс-әрекеттің табысты болуын қамтамасыз етеді. Мысалы: сіз химияны жақсы көретін болсаңыз, болашақта сіз фармацевт бола аласыз т.б.
Денсаулық жағдайыңызды ескеріңіз.
Денсаулығыңызға байланысты сізге істеуге болмайтын мамандықты таңдамас үшін міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз. Қазіргі уақытта белгілі бір мамандықтарды алуға көптеген қарсы көрсеткіштер бар. Мысалы: жүрегі ауыратын адамдар ұшқыш бола алмайды.
Еңбек нарығына талдау жасаңыз.
Қазіргі уақытта қандай мамандықтар сұранысқа ие екені туралы мүмкіндігінше мол ақпарат жинаңыз. Бес жылдан кейін, оқу бітірген кезде қандай жұмыс орындары сұранысқа ие болатынын ойлаңыз. Бұл жағдайда ең жақсы көмекші БАҚ, жұмысқа орналасу сайттары.
Қаржылық жағдайды талдаңыз.
Мамандықты меңгеру сіздің қаржылық жағдайыңызға да байланысты болуы мүмкін. Сіз ақылы бөлімде оқи аласыз ба, соны ойлаңыз. Бұл мәселені отбасылық кеңесте талқылаңыз.
Кеңес тыңдаңыз, бірақ таңдауды өзіңіз жасаңыз.
Көбіне ата-анаңыз бен достарыңыздың пікірі болашақ мамандықты таңдауда әсер етеді. Олардың кеңесі бойынша мамандық таңдауға болмайды. Сіз тек олардың пікірлерін тыңдай аласыз, бірақ мамандық таңдау сіздің жеке ісіңіз.
7. Сізді қызықтыратын мамандық бойынша жұмыс істейтін адамдармен сөйлесіңіз. Сізді қызықтыратын мамандықтар туралы көбірек біліңіз. Сізді қызықтыратын мамандықтар туралы түрлі мамандық өкілдерінен сұраудан ұялмаңыз. Олар қызмет саласы туралы құнды ақпараттар бөлісе алады, өзіңізге ұнайтын мамандықтың артықшылықтары мен қиындықтары туралы айтып береді.
Мамандық таңдауда адасып, адаспауымыз тікелей таңдауымызбен байланысты болады. Соңғы шешім сіздің қолыңызда!
https://kz.kursiv.media/kk/2022-11-09/mamandy-ty-alaj-d-rys-ta-dau-azhet/