Семинар сабақтары Тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан. Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары


Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық одақтар мен мемлекеттер



бет2/9
Дата01.02.2023
өлшемі58,81 Kb.
#64296
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық одақтар мен мемлекеттер.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Сақтар және сарматтар.
2. Ғұндар.
3. Үйсіндер.
4. Қаңлылар.
Әдістемелік нұсқау:
Семинар сабағының бірінші сұрағы бойынша мына мәселелерге жауап берілуі тиіс: ерте темір дәуірінің хронологиялық шеңбері, бұл кезеңдегі қоғамдық және шаруашылық өзгерістер, сақ тайпалары туралы археологиялық және жазба деректер (грек және парсы деректері), сақ және сармат тайпаларының орналасу аумағы, олардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен мәдениеті, көршілес елдермен қарым-қатынастары, т.б. Сонымен қатар, сақ және сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі (К. Акишев, З. Самашев, т.б.) туралы мәлімет беріп, Есік, Бесшатыр, Шілікті, Берел қорымдарынан, Аралтөбеден табылған құнды ескерткіштерге жан-жақты сипаттама беріледі.
Екінші сұрақ бойынша ғұн тайпалары (хунну, сюнну) туралы тарихи деректер (қытай, еуропалық деректер), олардың қоғамдық-саяси құрылысы, басқару ісі, шаруашылығы, мәдениеті сияқты мәселелер қамтылады. Ғұндардың Қазақстан аумағына қоныс аударуына, олардың келуімен осы аумақтағы тайпалардың антропологиялық өзгеріске ұшырауына, яғни монғолоидтық белгілердің пайда болуына, «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» және бұл мәселеге қатысты қазіргі кездегі ғылыми көзқарастарға кеңірек тоқталу керек.
Үшінші және төртінші сұрақтар бойынша үйсін және қаңлы тайпалары туралы мәлімет беретін археологиялық және жазба деректер, бұл тайпалардың этникалық тарихы, қоғамдық-саяси құрылысы, әскери ісі, мәдениеті туралы айтылады. Картадан үйсіндер мен қаңлылардың орналасқан аумағы анықталып, жазба деректер бойынша халқының саны, шаруашылық түрлері, олардың ғұндармен, Қытаймен және т.б. елдермен елшілік байланыстары, соғыстары сипатталады.
Соныман қатар, семинар тақырыбына байланысты тарихи терминдерге, адам есімдеріне анықтама беріліп, тарихи оқиғалардың болған уақыты мен орны нақты көрсетіледі.
Әдебиет:
1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. - Алматы, 2005.
2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2007. – 274 б.
3. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерктер). – Алматы: «Дәуір», 1994. – 446 б.
4. Қаражан Қ.С., Әбсеметова Ж., Қозыбақова Ф.А. және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
5. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. - Алматы, 2007. – 344 б.
6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2008. – 640 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет