Семинар сабақтары Тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан. Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары


Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттер



бет3/9
Дата01.02.2023
өлшемі58,81 Kb.
#64296
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3. Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттер.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.
2. Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.
3. Оғыз мемлекеті. Қимақ қағанаты.
4. Қарахандар мемлекеті.
5. Қыпшақ мемлекеті.
Әдістемелік нұсқау:
Семинардың бірінші сұрағы бойынша алдымен Түрік қағанатының құрылуы, жер аумағы, қоғамдық құрылысы, түріктердің Иранмен, Византиямен, эфталиттармен қарым-қатынастары туралы айтылады. Содан кейін Түрік қағанатының екіге бөлінуі, Батыс Түрік қағанатының жер аумағы, этникалық және қоғамдық-саяси құрылысы сипатталады.
Екінші сұрақ бойынша Түргеш қағанатының құрылуы, түргештердің арабтармен және қытайлармен қарым-қатынастары туралы мәлімет беріледі. Қарлұқтардың этникалық құрылысы, олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп, Жетісуға қоныстануы, шаруашылығы мен мәдениеті сипатталады.
Үшінші сұрақ бойынша алдымен оғыз және қимақ тайпалары туралы тарихи жазба деректерге тоқталу керек. Содан кейін Оғыз мемлекетінің этникалық және саяси тарихы, олардың көрші елдермен (Русь, Еділ Бұлғариясы, салжұқтар) қарым-қатынастары туралы айтылады. Қимақ қағанатының аумағы, қимақтардың сыртқы саясаты, шаруашылығы мен мәдениеті жөнінде мәліметтер беріледі.
Төртінші сұрақ бойынша жауап бергенде мына мәселелер қамтылуы керек: Қарахандар мемлекетінің жер аумағы, отырықшы шаруашылықтың және қалалық мәдениеттің дамуы, исламның кеңінен таралуы, Қарахандардың Орталық Азиядағы халықтармен (салжұқтармен, қарақытайлармен) қарым-қатынастары, т.б.
Бесінші сұрақ бойынша қыпшақтардың шығуы туралы болжамдар, Дешті-Қыпшақта олардың үстемдігінің орнауы, этникалық және қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы туралы айтылады. Қыпшақтардың оғыздармен, қимақтармен, Хорезммен және Русьпен қарым-қатынастары туралы мәліметтер беріледі.
Соныман қатар, семинар тақырыбына байланысты тарихи терминдерге, адам есімдеріне анықтама беріліп, тарихи оқиғалардың болған уақыты мен орны нақты көрсетіледі.
Әдебиет:
1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. - Алматы, 2005.
2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2007. – 274 б.
3. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерктер). – Алматы: «Дәуір», 1994. – 446 б.
4. Қаражан Қ.С., Әбсеметова Ж., Қозыбақова Ф.А. және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
5. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. - Алматы, 2007. – 344 б.
6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2008. – 640 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет