Семинар сабақтары Тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан. Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары


Тақырыбы: ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандығы



бет6/9
Дата01.02.2023
өлшемі58,81 Kb.
#64296
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
6. Тақырыбы: ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандығы.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысы.
2. Абылай хан тұсындағы Қазақ мемлекеті.
2.1 Абылай хан билігінің күшеюі.
2.2 Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
Әдістемелік нұсқау:
Семинарға дайындықты Қазақстан тарихынан арнайы әдебиеттерді, оқулықтар мен оқу құралдарын, мерзімдік басылымдарда тақырыпқа байланысты жарияланған ғылыми мақалаларды оқып білуден бастау керек. Семинардың бірінші сұрағы бойынша дайындалу барысында мына мәселелер назарға алынады:
• ХVІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығының геосаяси жағдайы және сонымен байланысты мәселелер;
• Тәуке хан билік етуінің соңғы жылдарында орталық хан билігінің әлсіреуі және бытырңқылықтың күшеюі;
• Қазақ-жоңғар соғыстарының себептері, қарсыласушы тараптардың мақсаттары;
• Екі жақтың соғысқа дайындық деңгейі. Әскерінің құрамы, қарулану жағдайы;
• Қазақ-жоңғар соғыстарының кезеңдері, алғашқы шабуылдардың нәтижелері, негізгі шайқастар, кезеңдердің нәтижелері;
• Соғыстың әскери және саяси нәтижелері, тарихи маңызы.
Семинардың келесі сұрағы бойынша жауап бергенде келесі мәселелерді басшылыққа алу керек:
• Абылай ханның (Әбілмансұр) әлеуметтік шығу тегі. Мінез-құлқы, көзқарастары қалыптасуының алғышарттары. Оның тұлға ретінде қалыптасуына өскен ортасының немесе өмір сүру жағдайының тигізген әсері;
• Саяси немесе қоғамдық қызметінің басталуы;
• Қай әлеуметтік топтың немесе таптың мүддесін білдіргенін, бұл топтың тарихи мақсаттарын, ерекшеліктерін анықтау;
• Абылай ханның жеке басының қасиеттері. Олардың қойылған мақсатқа жету үшін қаншалықты жарамды болуы;
• Өз мақсаттарына жету үшін қолданған амалдарын, тәсілдерін сипаттау. Олар уақыт талабына қаншалықты сәйкес келуі;
• Қол жеткізген нәтижелері, табыстарының (сәтсіздіктерінің) себептері;
• Абылай ханның тарихтағы рөлі. Оның қызметінің оқиғалардың әрі қарай өрбуіне тигізген әсері.
Әдебиет:
1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. - Алматы, 2005.
2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2007. – 274 б.
3. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІІ том. – Алматы: «Атамұра», 2002.
4. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерктер). – Алматы: «Дәуір», 1994.
5. Қаражан Қ.С., Әбсеметова Ж., Қозыбақова Ф.А. және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. - Алматы, 2007.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет