Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөж 2 15



бет9/21
Дата17.10.2023
өлшемі0,52 Mb.
#117110
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Түркі халықтар әдебиеті, А.А.Ақболатов

7-СОӨЖ тақырыбы:«Манас» - қырғыз халқының эпикалық туындысы.
Тапсырмалар: Сюжеттік, композициялық талдау, дискурстық талдау
Есеп беру түрі: жырдан үзінді жаттау, мазмұндық баяндама жасау (ауызша)
СӨЖ тапсырмалары:Қырғыз халқы, оның тарихы жайлы қысқаша мәлімет. Ауыз әдебиеті, оның жанрлары / мақал-мәтелдер/, тұрмыс-салт жырлары, ертегілері, эпостық жырлар т.б/
Есеп беру түрі: конспект жасау
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Түркі тілдері: Ұжымдық монография.| Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың

республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК. – Астана, 2015. – 456 б.

  1. Манас. Қырғыз халқының батырлық дастаны. І, ІІ, ІІІ, ІҮ кітап. А., 1961.

  2. М.Әуезов. Уақыт және әдебиет. А., 1962.

  3. Марғұлан Ә. Шоқан және Манас. А., 1971.

  4. Садырбаев Сұлтанғали. Халық әдебиетінің тарихи негіздері (Оқу құралы).- Алматы, «Қазақ университеті», 1992.

Сегізінші апта
8 дәрістің тақырыбы: ХХ ғасырдағы қырғыз әдебиетінің өкілдері. Аалы Тоқамбаев, Т.Сыдықбеков шығырмашылықтары.
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Аалы Токомбаев Шоңкелін ауылында, Қырғызстанда 1904 жылы кедей әулетінде туды. Ташекеттегі В.И.Ленин атындағы Отраазиялық коммунистік университетін бітірген.(1922). Қырғыз тіліндегі алғашқы газет 1924 жылы шыққан, мұнда негізінен Қырғыз совет поэзиясының бастауында тұрған Тоқтағұл Сталығанов, Аалы Токомбаев сынды ақындардың өлңдері жарияланды. Токомбаевтың есімімен қырғыздың жазу әдебиетінің туып, дамуы байланысты. Оның алғашқы шығармаларының тақырып аясы кең, революциялық пафос тын. Алғашқы өлеңдер жинағы «Ленин хақында» (1927) – ақын халықтың жоқтау жырларының үлгісін пайдаланып, көсемнің ажалына қайғырып, жоқтау айтады.
«Әйел афнасы» атты кітапта (1929) қырғыз әйелдерін социалистік құрылысқа белсене араласуға шақырады. Оның 30ж. туындылары осы заманғы тақырыптарға арналған: «Еңбек гүлі»(1932), «Шабуыл»(1933), «Алғашқы жырлар» (1934), «Тұтқын Марат»(1932) және басқалары.
Аалы Токомбаев 1934-49 жылға дейін Қырғыз Жазушылар одағының басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Қырғыз Ғылым Академиясының академигі болды. Жоғары кеңестің депутаттығына сайланып, қоғамдық өмірге етене араласты.
30ж. аяғы мен 40ж.басында ол «Днестр терең теңізге құяды»(1939), «Жараланған жүрек»(1940), «Әуен сыры», «Дат»(1940) шығармаларын жариялайды.
Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ақынның дауысы ерекше қуатпен естілген еді. «Мен жауынгер», «Алға», «Кек аламыз» атты өлеңдері мен дастандары «манастың жерлесі»(1941), «Жиырма сегіз туралы», «Алғыс» атты өлеңдер жинағы (1944) жарық көрді. Сондай-ақ қырғыз театрларының сахналарында бірнеше пьесасы табыспен жүрді.
Соғыстан соңғы жылдарда Аалы Токомбаев ірі реализм шебері ретінде қалам сермейді. Бұл кезеңнің туындылары: «Өз көзіңмен», «Майлыбай»(1953), «Менің метрикам»(1955), «Қобыз күйі»(1960) деп аталады.
Аалы Токомбаев өлеңмен роман жазған адам. «Таң алдында» - сюжеттік негізінде қырғыз халқының патша өкіметіне қарсы азаттық күресінің оқчиғалары алынған. Бірінші бөлімі –«Қанды жылдар», екінші бөлім «Таң алдында» деп аталатын бұл өлеңмен жазылған роман 1967 жылы Тоқтағұл Сатылғанов атындағы республикалық Мемлекеттік сйылықты алды.
Аалы Токомбаев шығармалары СССР халықтарының көп тілдеріне аударынлған.
Аалы Токомбаев ана тіліне Низами, Гете, Пушкин, Шиллер,Лермонтов, Абай, Жамбыл, Маяковский, Маршак жырларын аударды. Оның есімі қырғыздың жаңа заманғы әдебиетінде әдеби сын мен публисцитиканың басында тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет