Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөж 2 15



бет8/21
Дата17.10.2023
өлшемі0,52 Mb.
#117110
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Түркі халықтар әдебиеті, А.А.Ақболатов

6-СОӨЖ тақырыбы:Қарақалпақ әдебиетінде Абай шығармаларын белсенді насихаттаушылар.
Тапсырмалар:Зерттеушілердің, аудармашылардың шығармалырының библиографиясын түзу
Есеп беру түрі:текстологиялық талдау слайд түрінде презинтациялау.
СӨЖ тапсырмалары:Қарақалпақ халқының мәдениеті мен тілі туралы мәлімет.
Есеп беру түрі:
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қазақ совет энциклопедиясы. 2том. 230-231 беттер.
2. Р.Бердібаев. Жұлдыздар жарығы. – алматы: «Білім», 2000.-248 бет.
3.Қарақалпақ жырлары. А., 1961.
4. Тойшыбаев С. Қазақ-қарақалпақ әдебиеттерінің байланысы. А., 1977.
5. Сейітов С. Жақын жағалаулар. Кітапта: Туысқандық туғызған А., 1979.
6. Абай және қарақалпақ әдебиеті. – Алматы., «Рауан»1995.
7. Түркі тілдері: Ұжымдық монография.| Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК. – Астана, 2015. – 456 б.


Жетінші апта
7 дәрістің тақырыбы: Қырғыз әдебиетіне жалпы шолу.
Терминдер мен анықтамалар: қырғыз фольклоры, «Манас» жыры,
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Қырғыз фольклорының шырқау биігі – «Манас» эпосы «Манас» туралы алғашқы дерек шығыс оқымыстысы Молла-ад-Диннің «Маджмуат - тауарих» атты еңбегінде (16ғ) ұшырасады. Қырғыз халқының ежелгі ауыз әдебиетінің нұсқаларынан «Манас» эпосынан басқа «Кедейхан», «Қожаш», «Жаңыл-Мырза», «Ер Төстік» т.б.жыр-дастандары сақталған. Түркі тектес өзге халықтардың ауыз әдебиетіндегі сияқты қырғыз халқының фольклорында да аңыз, ертегі, мақал-мәтел, тұрмыс-салт жырлары т.б. мол дамыған. Қырғыз ауыз әдебиетінің әр алуан жанрдағы үлгілері көп. олардың дені әуел бастағы шығармалардың аты-жөні сақталмағандықтан халық шығармалары болып саналады. 19ғ-дың ортасында жасаған Қолығұл, Арыстанбек секілді ақындардың «Тар заман», «Ақыр заман»атыы өлеңдері мәлім. 19ғ-дың 2-ші жартысында ақын Молдо Қылыш шашырқановтың (1866-1977) шығармалары Мәшһүр болған. Оның «Жынды су», «Алдамшы», «Керме тау», «Қыз бен жігіт», «Қара Қошқар», «Бүркіт тойы», «Зар-заман» т.б. жырлары халық арасына кең тараған. Халық мүддесін көздеген көптеген жыр шығармаларымен қатар оның кейбір шығармаларында идеялық қайшылықтар кездеседі. Бұл кезеңде қырғыз халқының нағыз рухани жаршысы, демократ ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың (1864-1933) шығармаларындағы үлкен рөл атқарды. Ол шығармаларында езілген топ мүддесін жоқтап, бай, манаптарды шенеді. Ақынның кеңес дәуіріндегі шығармаларының негізгі тақырыбы –халық, партия, Ленин, жаңа өмір, жасампаз еңбек болды. Суырып салма ақын Борпы Алықұлов ты (1884-1949) төңкеріске дейінгі жылдарында («Қатал хан», «Бақташы жыры», «Жетім»т.б.) әлеуметтік теңсіздікке, қанаушылыққа қарсылық білдіреді. Кеңес дәуірінде жаңа өмір жетістіктерін жырға қосты. Тоғалақ Молда Абдрахманов (1860-1942) суырып салма ақын болуымен қатар, шығармаларын жазып та тартты. Оның өлеңдері, дастандары мен сатиралық шығармалары халық арасына кеңінен белгілі. Ол кеңес тұсында да көптеген жырлар, поэмалар жазды.
7 практикалық сабақтың тақырыбы:Шоқан және Манас жырының зерттелуі
Тапсырмалар: Манас жарын зерттеушілердің еңбектерін Шоқан зерттеулерімен салыстырмалы тарихи көзқарас тұрғысынан талдау, библиография түзу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет