4-СОӨЖ тақырыбы:Сайфи Фаттах Құдаш – башқұрт халқының ірі қоғам қайраткері, үлкен ақыны. «Жастық шақтың ізімен» атты естелік шығармасының тарихи мәні.
Тапсырмалар: қаламгер шығырмашылығын көркемдігі, қазақ әдебиетімен байланысы
Есеп беру түрі: презинтация (слайд)
СӨЖ тапсырмалары:Башқұрт әдебиетіндегі қобайыр жанрының негізгі тақырыптары.
Есеп беру түрі: конспект
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. История башкирской советской литературы. Очерки. Уфа, 1963.
2. Башқұрт ертегілері. Аударған Б.Өтембаев. А., 1960.
3. Слауат Юлаев. Жорық жырлары. Аударған Берқайыр Аманшин. А., 1983.
4. Құдаш С. Жастық шақтың ізімен. А., 1966.
5. Ибрагимов Ғ. Қазақ қызы. А., 1961.
6. Қазақ совет энциклопедиясы. 2 том. 217 бет.
Бесінші апта №5 дәрістің тақырыбы: Қарақалпақ әдебиетіндегі жыраулық поэзия кезеңі. Бердақ шайыр. Терминдер мен анықтамалар дидактикалық сарын, жыраулар кезеңі, толғау жанры
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Ақын Бердақ Қарғабайұлы. Бердақ (Бердімұрат) Қарғабайұлы (1827-1900) Қарақалпақстанның Мойнақ ауданында дүниеге келген. Діни медіреседе оқып, Ислам дінін, Көне түркі тарихы мен әдебиетін жетік меңгерген. Рудаки, Фирдауси, Низами және Мақтымұлы сияқты шайырлар поэзиясын өзіне үлгі - өнеге тұтқан. Бердақ өз заманының көкейкесті мәселелерін терең пайымдап, оны сан қырынан алып жырлады. Ақын өзінің алғашқы өлеңдерінде-ақ әділетті өмірді армандады («Жаз келер ме»). Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке наразылық білдірді («Іздер едім»). Елді әділ әкім басқару қажеттігін насихаттады («Керек»). Бердақ гуманистік ой-пікірлері әсіресе оның «Жасырақ», «Болған емес», «Көрінді» және «Заманда» атты өлеңдерінде айқын көрініс тапқан. Бердақ тарихи тақырыпқа да бірқатар көлемді дастандар жазған. Мәселен ақынның түркі тектас халықтардың ежелгі шежіресін тарихи деректер мен генеологиялық аңыздар негізінде жыр еткен «Шежіре» атты дастаны бар. Қарақалпақтардың Қоқан езгісіне қарсы 18-ғасырда ерлікпен жүргізген күресін «Аманкелді» дастанында тарихи деректер негізінде шеберлікпен берілсе, «Айдос би» және «Ерназар» атты тарихи дастандарында қарақалпақ елінің 1827-1828, 1856 жылдардағы Хиуа хандығының отаршылдық саясатына қарсы бағытталған қаһармандық күресін жырлаған. Бердақ ақынның өлеңдері дидактикалық сарындағы «аталық сөз, ағалық ақыл, өсиет, уағыз» түрінде айтылады. Бұған ақынның «Балам», «Надан болма» т.б. өлеңдері дәлел. Бердақ поэзиясы өзінен кейінгі кезеңдегі қарақалпақ әдебиетінің көркемдік тұрғыдан дами түсуіне зор әсер етті.
№5 практикалық сабақтың тақырыбы: Қарақалпақтың «Қырық қыз» эпосы.Эпостың ауыз
әдебиетінен алатын орны, маңызы. Қысқаша сюжеті. Тақырыбы, идеясы. Гүләйім, Арслан, Жұрынтаз
образдары. Эпостың тілі.
Тапсырмалар: Әдеби схемалық талдау. Қысқаша сюжеті. Тақырыбы, идеясы. Эпостың тілі.