Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөж 2 15



бет11/21
Дата17.10.2023
өлшемі0,52 Mb.
#117110
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Түркі халықтар әдебиеті, А.А.Ақболатов

Тоғызыншы апта
9 дәрістің тақырыбы: Ш.Айтматов қырғыз халқының жазушысы.
Терминдер мен анықтамалар: әдеби герменевтикалық талдау, әлемдік әдеби байланысы
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Шыңғыс Айтматов Төреқұлұлы 12.12.1928 ж. Қырғызстан Республикасы Талас өңірі Шекер ауылында дүниеге келген. Қырғыз Республикасының халық жазушысы. (1968), Қырғыз Республикасының Ғылым академиясының акадкмигі (1974), Социалистік еңбек ері (1978), Біздің дәуіріміздегі атағы дүниеге кең тараған, қазіргі әлем әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі саналатын Шыңғыс Айтматов проза жанырында және киносценарий, драматургия, әдебиет сыны, аударма саласында бірдей еңбек етті. 1953ж. Қазақстанның Жамбыл облысында зоотехник болып қызымет атқарған. 1956-1958жж. Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын тыңдаушы, 1959-60 ж «Литературный Киргизстан» журналының редакторы, 1960-65 жж. «Правда» газетінің Қырғызстандағы меншікті тілшісі, 1965-86 ж. Қырғызстан Кинематографистер одағының төрағасы, 1986 ж. «Иностранная литература» журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарған. «Әшім» атты тұңғыш әңгімесі 1952 ж. жарияланды. Онан кейін «Аспалы көпір» 1956, «Бетпе-бет» 1957, т.б әңгімелері жарық көрді. Жазушыны алғаш әлемге танытқан туындысы «Жәмила» повесі 1958 ж. М.Әуезов пен француз жазушысы Л.Арагон осы шығарма арқылы Айтматов дарынын жоғары бағалап, жүрек жарды пікір айтқан. Жәмилә бейнесі соны сымбатымен әрі жаңашыл, сезімтал, жігерлі қасиеттерімен, өз бақыты үшін күресе білген батылдығымен, тал бойы мінсіз сұлу нәзіктігімен оқырман қауымды баурап алды. Ол қырғыз әйелдерінің жаңа буынының өкілі ретінде қабылданды. Осыдан кейін-ақ Айтматов шығармашылығы ерекше құбылыс болып саналып, оның қаламынан туған әрбір туындысы әлемдегі мың-сан оқырман асыға күтіп, қолдан-қолға тигізбей оқитын құрметке ие болды. Шығармалары шетелдерге де кеңінен тарады. Айтматов туындылары түгелдей дерлік қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен бірге француз, неміс, жапон, араб, түрік, парсы т.б дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылды. Айтматов «Тау мен дала хикаялары» атты шығармалар жинағы үшін 1963 жылы Лениндік сыйлық алды. «Қош бол, Гүлсара» (1967). Ерте қайтқан тырналар 1975 ж., «Боранды бекет» 1980 ж. романы үшін үш мәрте КСРО мемелекеттік сыйлықтың лауреаты болды. Қазақ ақыны М.Шахановпен бірігіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы 1997 жылы жарық көрді.
9 практикалық сабақтың тақырыбы:Ш.айтматов – дүниежүзілік деңгейдегі заманымыздың ұлы жазушысы.
Тапсырмалар:Жазушы шығармаларының түп діңгегі - әлеуметтік философия, гуманизм, замандастарының рухани жан дүниесі. / «Алғашқы ұстаз», «Ақ кеме», «Жан пида», Боранды бекет/. «Боранды бекет» - роман-тарих. Сюжеті ақиқат пен аңызға және фантастикалық оқиғаларға құрылуы. «Боранды бекет» - арлары таза, жүректері адал, еңбекқор топтың тағдыр тәлкегіне қарсы күрестері жайында хикая.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет