СӨЖ мазмұны:
1. Ұйғыр-оғыз тобының грамматикалық ерекшеліктері.
2. Қ.Жұбанұлы еңбектері
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру
Әдебиет: 1.Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
6. Бүркітов О. Түркітану. А. 2000 ж. 3-16 беттер.
7. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985. 3-10 беттер.
8. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітану кіріспе. Алматы, Ғылым, 1990-220 б.
Он бесінші апта Кредит сағат саны – 2 №15-дәріс Тақырыбы: Түркі халықтарының дүниеге таралуы
Қарастырылатын мәселелер: 1. Түркі халықтарының географиясы
2. Түркі, халықтарының демографиясы
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер): Түркі тілдерін зерттеу мәселесіне Еуропада да ерекше көңіл бөлінді. Түркі халықтары туралы алғашқы мәлімет Еуропада Орта ғасырда, Рим империясының солтүстік шекарасын көшпелі түркі тайпаларының қоныстану кезеңінде пайда болды. Византия елшілері мен тарихшыларының латын және грек тілдерінде жазған мәліметтерінде түркі халықтары туралы құнды деректердің мол екендігін түркітанушылар анықтап отыр. Алайда түркі халықтары мен олардың тілдері туралы салиқалы пікірлер мен ғылыми тұжырымдар әлдеқайда кейінірек қалыптасты. Ол пікірлердің біразы бір ғана түркі халқымен - Осман империясын мекендеген түріктермен ғана шектеліп отырды. ХІV ғасырдан бастап Еуропадағы түркітану туралы ғылым толыққанды калыптасты деп айтуға болады.
Еуропада түркі халықтары мен олардын тілдері туралы алғашқы сындарлы пікір айтқан тұтқын швед офицері Филлипп-Иоганн Табберг Страленберг еді. Ол орыстар мен шведтердің Полтава түбіндегі ұрысында 1709 жылы тұтқынға алынып, 12 жыл Тобыл өлкесінде айдауда болады. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. И.Страленбергтің әлемдік түркітану ғылымында алатын орны ерекше. Ол - тұңғыш рет Енисей бойынан түркі халқының рун алфавитімен жазылған тасқа қашалған көне ескерткіштерін табушы. Сондай-ақ, Әбілғазы Баһадүр ханның «Шежіре түрік» атты еңбегін орыс, неміс тілдерінде жариялаған да осы И.Страленберг болатын. Ол еліне оралғаннан кейін, 1730 жылы «Европа мен Азияның солтүстік жөне шығыс бөлігі» («Das Nord – und Ustliche Theil von Europa und Asia ») деген еңбегін жариялап, онда финн-угор тілдері мен түркі тілдерінің арасында генеологиялық туыстық бар деген пікір айтады. Осының нәтижесінде түркітану тарихында «Орал- Алтай теориясы» деген ғылыми жорамал пайда болды.