14-МОӨЖ тақырыбы:Этнографизм, этнос болмысы.Этнолингвистикалық мағына, этномәдени дерек.
Тапсырмалар: Аталған тақырып аясында баяндама жасау.
Есеп беру түрі:Жазбаша.
МӨЖ тапсырмалары:Тіл біліміндегі салыстырмалы-салғастырмалы парадигма. Структурализм мен антропоцентристік парадигмалар.
Есеп беру түрі: Жазбаша.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша): 1. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. – Алматы: Санат, 1997.
2. Вербицкая А. Язык. Культура. Познание. М., 1996.
3. Воробьев В.В. Лингвокультурлогия. М., 1997. Маслова В.А. Введение в лингвокультурология. М., 1997.
4. Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. Алматы. 1997.
5. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.
Он бесінші апта №15дәріс тақырыбы:Қазақ этнолингвистикасы.
Қарастырылатын мәселелер: 1. Қазақ этнолингвистикасы
2. Мақал-мәтелдер
Терминдер мен анықтамалар:
КӨПТІЛДІЛІК (мультилингвизм, полилингвизм) – бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалану. Бір адамның (адамдардың) бірнеше тілде сөйлеуі. К. Ірі, көп ұлтты
елдерге тəн.
ТІЛ ТАҢДАУ (орыс. выбор языка) – Қостілділік жағдайында екі тілдің бірін қолдануға ерік беру. 2. Код ауыстыру кезінде белгілі бір сөйлеу жағдайында бір тілді қолдануға ерік беру (қара: Тіл ауыстыру). 3. Диглоссия жағдайында тілдің өмір сүру формаларының бірін қолдануға ерік беру.
Қазақ дүниетанымын көрсететін тілдік шығармалардың бастау көздерінің бірі – фольклор. Онда қазақ дәстүрі мен салты, қазақ тарихындағы халықтың өмір сүру ерекшкліктері, бүкіл этнографиясы жатыр. Ал тілдік жағынан алғанда, ұлттық сипатқа сай ескі, көне мағынадағы сөздер мен сөз байлығының көпшілігі осы фольклорлық шығармалар қатарына жататын ауыз әдебиеті үлгілерінде екені даусыз.
Академик Ә.Қайдардың: «Мақал-мәтелдер де этнолингвистика арналарының ең құнарлы бұлақтарына жатады. Әрбір мақал-мәтелдің бойына этнос болмысына, оның рухани заттық мәдениетіне, дүниетанымына салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сеніміне т.б. қатысты бай информация жинақталғанын ескерсек, олардың этнос болмысын танып-білуге қосар үлесі зор» [4, 25], – деген тұжырымын оның тілдегі көріністері арқылы көз жеткізуге болады.«Ағайын тату болса, ат көп, Абысын тату болса, ас көп». Сонымен қатар, жұмбақтарды алатын болсақ, «Сауыттан мықты шапаны, Жәндіктің нағыз бір шабаны» немесе «От басында құмған, Екі көзін жұмған» т.б. Жұмбақталған объектіге (яғни сөзге, ұғымға) сәйкес сайланған баламаның мотивін тек ұлттық менталитет, этностық таным негізінде ғана айқындап түсіндіруге болады.
Қазақтың ұлттық ерекшеліктерін көрсететін тілдік көздердің қатарына фольклорлық шығармалардан басқа жыраулар поэзиясы мен халық ақындарының шығармалары да жатады. Бұл шығармаларды қазақ халқының дүниетанымының айнасы десе де болады. Мысалға, «Бағаналы терек жарылса» өлеңіндегі мына жолдар «Еменге иір бұтақ бітсейші, Қыранға тұғыр қыларға», «Ханнан қырық туғанша, қарадан бір-ақ тусайшы, Ақырып теңдік сұрарға…» т.б.
Жазушылар тіліндегі мағынасы күңгірттелген сөздерді түсіндіру арнайы зерттеулерге негіз болып жүр. Лингвист ғалымдар Ә.Қайдар, Р.Сыздықова, Ә.Нұрмағамбеиов, Е.Жанпейісов, Ж.Манкееваладың еңбектері бұл салада үлкен теориялық тұғырнама сипатына ие.
№15 практикалық сабақтың тақырыбы:Қазақ этнолингвистикасының өзіндік ерекшеліктері.
Тапсырмалар:
1. «Этнолингвистикалық этюд» дегеніміз не?
2. Этнолингвистикалық этюдтерді жазу, жасау не үшін қажет?
3. Этнолингвистиканың мазмұндық, тұрпаттық қасиеттері қандай болу керек?