Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар (барлық мамандықтарға арналған) Алматы 2019 алматы энергетика


тақырып. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата13.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#107000
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
7 тақырып. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның 
қалыптасуы (1 сағат) 
1
Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың және заң 
үстемдігін қамтамасыз етудің басты формасы ретінде.
2
Азаматтық қоғам түсінігі, оның пайда болуы мен дамуының саяси-
құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары. 
3
Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет пен азаматтық 
қоғамның қалыптасу және даму үдерістерінің ерекшеліктері. 
Сабақтың мақсаты: 
құқықтық мемлекетті саяси билікті ұйымдастыру 
мен заң үстемдігін қамтамасыз етудің, азаматтық қоғамның институттары мен 
нормаларының тиімді қызметінің формасы ретінде оқып-үйрену. 
Негізгі түсініктер:
құқықтық мемлекет, әлеуметтік мемлекет, заң 
үстемдігі, құқықтық институттар, азаматтық қоғам, мемлекеттік емес ұйымдар, 
демократия. 
Әдістемелік нұсқау. 
Бірінші сұрақ бойынша: 
- құқықтық мемлекет түсінігінің мазмұны мен маңызын анықтап, оның 
белгілері, өмір сүру факторлары мен жағдайларын көрсетіңіз; 
- құқықтық мемлекеттің өмір сүруінің негізгі қағидаттары, мақсаты мен 
нормалары және саяси-құқықтық институттары мен механизмдерін анықтаңыз;
- адам құқықтары мен бостандықтары танылатын және оларға кепілдік 
берілетін, заң үстемдігі қамтамасыз етіліп, мемлекеттік билікті бөлу қағидаты 


шынайы жүзеге асатын құқықтық мемлекеттің саяси билікті ұйымдастырудың 
ерекше формасы ретіндегі функцияларына талдау жасаңыз. 
Екінші сұрақ бойынша: 
- азаматтық қоғам феноменінің мән-мағынасы мен мақсатын ұғынудың 
жаңа заманда Батыс Еуропа елдерін қамтыған ауқымды қоғамдық-саяси 
өзгерістер дәуірінде қалыптаса бастағанына назар аударыңыз;
- буржуазиялық мемлекеттердің пайда болуынан бастау алатын азаматтық 
қоғам табиғаты туралы ұғымның қоғамдық санадағы дамуы, азаматтық қоғам 
мәнінің қазіргі замандағы түсінігі туралы айтып беріңіз; 

азаматтық қоғам негіздерінің қалыптасуы, азаматтық қоғам 
институттарының қызметі мен әрі қарайғы дамуы үшін қажетті факторлар мен 
жағдайларды қарастырыңыз. 
Үшінші сұрақ бойынша:
-
Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет пен азаматтық 
қоғамның қалыптасу ерекшеліктерін айқындаңыз; 
- Қазақстан Республикасындағы биліктің бөліну жүйесінің қалыптасу 
ерекшеліктерін анықтаңыз; 
- Қазіргі заманғы Қазақстан мемлекеттілігінің саяси-құқықтық моделі 
қызметінің ерекшеліктерін Қазақстан Республикасы Конституциясының қалай 
реттеп отыратындығын қарастырыңыз. 
Бақылау сұрақтары. 
1. Ағартушылық дәуірінің философтары еңбектеріндегі құқықтық 
мемлекет және азаматтық қоғам ұғымы, мәні, мақсаты мен бағыты туралы не 
білесіз? 
2. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет негіздері қалыптасуы үшін 
қандай факторлар мен жағдайлар болуы шарт? 
3. Құқықтық мемлекеттің белгілерін атаңыз. 
4. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет түсініктерінің арақатынасы 
туралы не айтасыз? 
5. Құқықтық мемлекеттегі билік тармақтарының бөліну қағидаттары іс 
жүзінде қалай жүзеге асырылады?
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы. 
1. «Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің 
қалыптасуы» тақырыбында дәлелді эссе жазу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет