- элита мен халық бұқарасының өзара қарым-қатынастарын зерделей
келе, олардың динамикалық сипатқа ие екендігіне назар аударыңыз. Оның
элита топтарының мәртебелік позициясы мен
билік өкілеттігінде ғана емес,
сонымен қатар «жоғарыдағылар» мен «төмендегілер» арасындағы өзгерістерге
әкелетіндігін есте сақтаңыз;
- басқарушы элитаның билік ресурстары мен қоғамды басқарудағы
өкілеттіктерін өз қолына шоғырландыру арқылы халық бұқарасын заңды түрде
басқаруды жүзеге асыру жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтаңыз;
- жекелеген халық бұқарасы өкілдерінің басқарушы топ қатарына
қосылуы үдерісінің үздіксіз сипатқа ие болуы нәтижесінде мүмкін болған элита
айналымы мен қоғамның эволюциялық жолмен дамуының өзара байланысына
талдау жасаңыз.
Үшінші сұрақ бойынша:
- көшбасшы мен қоғам арасындағы өзара әрекеттестік проблемаларына
назар аударыңыз. Көшбасшының нақты саяси
мақсаттарға жету және елдің
саяси өміріндегі маңызды мәселелерді шешу жолындағы түрлі әлеуметтік
топтар, таптар мен әлеуметтің қызметін ұйымдастырушы ретіндегі функциясын
көрсетіңіз;
- саяси көшбасшы феноменінің табиғатына талдау жасап, бұл
құбылыстың
психологиялық
және
мәртебелік-қызметтік
аспектілерін
анықтаңыз;
- өтпелі типті қоғамдық жүйелердегі саяси көшбасшының рөлі мен
орнын, оның қоғамның саяси дағдарыс және әлеуметтік-экономикалық
дәрменсіздік жағдайындағы функцияларын айқындаңыз.
Бақылау сұрақтары.
1.
Елдің қоғамдық-саяси
өміріндегі элитаның рөлі, орны мен маңызы
туралы қандай ғылыми-теориялық тұжырымдамалар бар?
2.
Басқарушы элитаның жабық және ашық жүйелерінің қандай
ерекшеліктері бар?
3.
Басқарушы элита мен халық бұқарасы арасындағы өзара әрекеттестік
үдерісінің формалары мен мазмұны туралы не айтасыз?
4.
Басқарушы элитаның өмір сүруі, оның қоғамдық-саяси қызметінің
қажеттілігінің объективті сипаты неде?
5.
Дағдарыс жағдайындағы саяси үдерістер мен қоғамдық жүйелердегі
саяси көшбасшының рөлі қандай?
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы.
1.
Кейс-стади
–
саяси
көшбасшылықтың
жіктелуі.
Саяси
көшбасшылықтың типін айқындау және өз таңдауын дәлелдеу.
Достарыңызбен бөлісу: