- саясаттың әлеуметтік құбылыс ретіндегі болмысына назар аударып,
оның құрылымдық, институционалдық және нормативті аспектілерін саяси
қатынастардың құрамдас бөлімі ретінде қарастырыңыз;
- саясатқа оның формасы тұрғысынан талдау жасап, сыртқы көріністеріне
сүйеніп саясаттың ішкі мәнін ашыңыз;
- саясат формаларының әрқайсысына әлеуметтік феномен ретінде
сипаттама беріп, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
Екінші сұрақ бойынша:
- саяси шешімдердің қабылдануына ықпал етуші факторлар, жағдайлар
мен себептер тұрғысынан саясаттың мазмұнын сипаттаныз;
- саяси шешімдердің қабылдану сатыларын саясат мазмұнының құрамдас
бөлімдері ретінде қарастырып, олардың әрқайсысының мазмұнын ашыңыз;
- саяси шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру үдерісінде саясаттың
мазмұны,
оның
көпнұсқалылығы
және
баламалылығы
тұрғысынан
ерекшеліктері арасындағы өзара байланысты ашыңыз.
Үшінші сұрақ бойынша:
- саяси үдерістердің сипаты мен оның құрылымдық элементтері
арасындағы өзара байланысты қарастырыңыз;
- саяси үдерістердің барысы мен ағымы, олардың қарқыны мен мерзімі
және қоғамның саяси мәдениетінің өзара ықпалын анықтаңыз. Рухани
құндылықтар құрылымы, әлеуметтік мәдени дәстүрлер ерекшеліктері және
саяси жүйе ахуалы арасындағы өзара әрекеттестікті айқындаңыз;
- саяси қатынастардың даму векторының түрлі ішкі және сыртқы
факторлардың ықпалына тәуелді болатындығын негіздеңіз.
Бақылау сұрақтары.
1.
Саясат табиғаты, оның әлеуметтік құбылыс ретіндегі ерекшелігі
қандай?
2.
Саясаттың болмысы, функциялары және мақсаты туралы қандай
ғылыми тұжырымдамалар бар?
3.
Саясаттың мазмұны қандай сатылардан тұрады және олар оның сипаты
мен бағытына қалай әсер етеді?
4.
Саяси үдерістердің мазмұны, формасы мен бағыты не нәрсеге тәуелді
болады?
5.
Саяси үдерістердің түрлі әлеуметтік-саяси жүйелердегі жүру
ерекшеліктері қандай?
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы.
1.
«Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау»
тақырыбына кесте құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: