Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар (барлық мамандықтарға арналған) Алматы 2019 алматы энергетика


 тақырып. Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы (1 сағат)



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата13.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#107000
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
XW1ifcq2jJtKVRw8Mo5G3ELAy7hOpa

2 тақырып. Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы (1 сағат) 
1
Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. Саяси идеялар және
Алаш қозғалысы өкілдерінің саяси ой-тұжырымдары. 
2
Кеңестік Қазақстан қоғамтанушылары еңбектеріндегі қоғамдық-саяси 
ойдың дамуы. 
3
Қазақстан 
Республикасындағы саясаттанудың жаңа тұрпатты 
қоғамдық ғылым және оқу пәні ретінде пайда болуы және дамуы.
Сабақтың мақсаты:
Қазақстанның қоғамдық-саяси ой-санасының даму 
кезеңдері мен ерекшеліктерін анықтау, қоғамдық қатынастарды зерттейтін 
ғылым саласы ретінде саясаттанудың пайда болу және даму заңдылықтарын 
қарастыру.
Негізгі түсініктер: 
саясаттану элементтері, саяси ой, қазақ
ағартушылары, саяси идея, Алаш қозғалысы, қоғамдық ғылым, саяси көзқарас, 
саяси ой-тұжырым 
Әдістемелік нұсқау. 
Бірінші сұрақ бойынша: 
- қазақ ағартушыларының әділетті қоғамдық құрылым, қоғамды 
реформалау жолдары және тәсілдері туралы көзқарастары мен түсініктерін 
анықтаңыз. Халық бұқарасы арасында ағарту жұмыстарын жүргізудің мақсат-
міндеттері мен маңызы туралы ой-пікірлерін қарастырыңыз; 
- «Алаш» партиясы бағдарламасының идеялары мен мазмұнына талдау 
жасаңыз. Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің дамуындағы қазақ 
зиялыларының идеялық мұрасының тарихи және саяси маңызын көсетіңіз; 
- тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы «Алаш» партиясы 
көсемдерінің теориялық мұрасы мен саяси тәжірибесінің маңызын айқындаңыз. 
Екінші сұрақ бойынша: 
-
кеңестік Қазақстан жағдайындағы қоғамдық ғылымдардың даму 
ерекшеліктеріне және коммунистік идеология мен кеңес басшылығы 
саясатының әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласына ықпалына назар 
аударыңыз; 
- әміршіл-әкімшіл мемлекет жағдайындағы қазақ халқының ұлттық сана-
сезімінің даму болмысы мен мүмкіндіктерін, бұл үдерістегі қоғамдық-саяси 
ғылымдардың рөлін көрсетіңіз;
-
кеңес билігі тұсындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси ой-пікірдің 
жағдайын, патриоттық бағыттағы түрлі этно-мәдени ағымдар мен 
қозғалыстардың пайда болуы, олардың халықтың сана-сезімін дамытудағы рөлі 
мен үлесін қарастырыңыз. 


Үшінші сұрақ бойынша: 
- Тәуелсіз Қазақстан жағдайында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар 
саласының жаңа ғылыми бағыттарын дамыту қажеттілігінің объективті 
себептерін ашыңыз;
- қоғамдық-гуманитарлық топтамадағы ғылыми мамандықтар тізімін 
кеңейту, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша жаңа ғылыми 
диссертация қорғау кеңестерін ашу қажеттігін анықтаңыз;
- посткеңестік елдердегі өтпелі кезең жағдайындағы саяси қатынастарды 
зерделеумен айналысатын ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелерін 
құрудың қажеттілігін дәлелдеңіз. 
Бақылау сұрақтары. 
1.
Ортағасырлық Қазақстан философтары мен ойшылдарын қандай 
әлеуметтік-саяси проблемалар толғандырды? 
2. «Алаш» партиясының идеялық мұрасының өшпес маңызы, оған қазіргі 
кездегі сұраныстың мәні неде?
3. ХХ ғасырдың 2-жартысындағы тарих және филология ғылымдарының 
қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің дамуындағы қосқан үлесі қандай?
4. Тәуелсіз Қазақстанның саясаттану ғылымы қандай заманауи 
проблемаларды зерттеумен айналысады?
5. Еліміздің қоғамдық ғылымдарының дамуындағы қазақстандық 
саясаттану ғылымының үлесі қандай?
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы. 
1.
Саяси ойлар тарихындағы басқарудың «дұрыс» және «бұрыс» 
формалары бойынша презентация дайындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет