Семинар сабақтарының тақырыптары


-тапсырма. Мәтін тіліндегі монолог пен диалогқа талдау жасаңыз. Автор бейнесі мен кейіпкер тілінің берілу ерекшелігін көрсетіңіз



бет4/15
Дата12.02.2022
өлшемі42,01 Kb.
#25322
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Семинар тақырыптары

7-тапсырма. Мәтін тіліндегі монолог пен диалогқа талдау жасаңыз. Автор бейнесі мен кейіпкер тілінің берілу ерекшелігін көрсетіңіз.

Таймас сұлыға піскен жарау күрең төбелмен желе-шоқыта жүгіріп, тез-ақ індетті. Бірақ алуы тез болмады. Ін, әрірек барған соң, екіге бөлінді. Қай тарауында жатқаны белгісіз. Сондықтан екеуін де қазуға тура келді. Бірін қазып жетіп еді, онда жоқ. Енді екіншісін қазып жатыр. Жер – қатты, тоң. Арқа жіпсіді, маңдайдан бу будақтады. «Токылдатса, іннің түбіне жете алмайды дейтіні қайда? Маған бір әккісі кездесті ме, әлде ұйықтап қалды ма, неге тырп етпейді? – дейді Таймас. Аты елең еткенде, өзі де солай жалт қарады. Белестен асып, ит ерткен біреу келіп қалыпты. Тани кетті. «Біздің Әбекең ғой» - деді ішінен. «Біздің» десе де «алғашқы аңымды, тырнақ алдымды байланбай!» - деп қызғанып тұрды.

- Ассалаумағаликүм, Әбеке.

- Әліксәләм. Майлана берсін қанжыға?

- Айтқаныңыз келсін, тек менікі майланбай-ақ қурап тұр.

- Аңға таршылық істемес болар. Жақпайды,- деп, Әбекең аттан түсті. Немене сонша қазып жатқаның?

- Ақтиін.

- Қой, күзен шығар. Ақтиін бұнша қиында жатпайды. Көрінді ме өзі?

- Жоқ әлі.

Әбен іннің аузындағы іздерге үңілді. Кеткені – екеу, келгені біреу екен.

- Ойбой-ой, балам-ай, деді іздерді санап. – Босқа әуре болыпсың ғой. Шығып кетіпті.

- Көз байлайтыны бар ма, қалай шықты?

- Әгәр ақтиін екеу болса, біреуі қайтпаған. Біреу болса, қайтқан да, қайта шығып кеткен. Бір інде екі ақтиін жатқанын естіген де, көрген де емен. Міне, біліп ал: екі із кеткен, бір із келген. Сонда бұл інде жоқ боп шығады.

Екеуі атқа мініп, кеткен ізге түсті. Әбден дағдылы аңшы болмағанымен, әжептәуір жырынды көрінді. Өзі ізден айырылмай, Таймасқа мағайын шолғызып отырып, шарындылардан ізді тез шығарды да, тез індетті. Бұл жолы інге кірген із жалғыз, ақ тиіннің барында еш күман жоқ еді.



Ғ. Мұстафин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет