Семинар сабақтарының тақырыптары



бет9/15
Дата12.02.2022
өлшемі42,01 Kb.
#25322
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
13- тапсырма. Очерктің композициялық- синтаксистік құрылымына талдау жасаңыз: кіріспесі, негізгі және қорытынды бөліктері . Абзацтарды, тақрыптық үзінділерді байланыстырушы синтаксистік және лексикалық құралдарды көрсетіңіз.

1. Қазақтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлі әдет-ғұрып қағидасы бойынша ер балалар жеке үй болып бөлініп шыққанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкін «енші» деп атайды. «Еншісіз ұл, кәдесіз қыз болмайды» деген қазақ мәтелі осы дәстүрге айтылған. Еншінің көлемі ата-ана дәулетіне, мүмкіндігіне орай әр­түрлі болады. Енші бөлу барысында ата-ананың ұйғарымы заң, оған қайшы келетін бөгденің билігі жүрмейді. Ата-ана қайтыс болған жағдайда енші бөлу билігі ер балалардың үлкеніне беріледі.


Өмір болған соң, әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін; әке өліп, шешесі ғана қалуы; ер балалар үйленбей тұрғанда ата-анасы бірдей қайтыс болуы; ата-анасы қайтыс болғанда соңында аға­йын­ды бірнеше ер бала қалып, олардың үлкендері үйленген, кенжесі әлі үй­ленбеген болуы; ата-ананың ер баласы болмай, тек қызы (қыздары) ғана бо­луы немесе мүлде перзентсіз болуы…деген сияқты. Мұның бәрінің қазақ арасында қалыптасқан жөн-жобалары темірдей тәртіппен бұлжытпай орын­далып, ешқандай дау-дамайсыз, сырт­қы төреліктің араласуынсыз, өзара мәмілемен шешіліп отырған.
Әдетте, қыз балаға енші берілмейді. Алайда, қыз ұзатылғанда еншіден олқы соқпайтын жасау берілетін кездер болады. Ұзатылған қыздың жасауы, көп жағдайда, күйеу жағынан келетін қалыңмал мөлшерінен артықтау түсіп жатады. Ұзатылған қыз, дәстүр бо­йын­ша, араға біраз уақыт салып көбінесе перзентті болған соң, арнайы төр­кіндеп келетін келетін болған. «Бару-бармау төркінге, байдағы қыздың еркінде» деген мақалдар қалған. Осы жолы қыз бала ата-анасының үйінен еншілік үлеске татитын мал-мүлік алып кете алған. Оны қыздың «кәдесі», немесе «қалауы» деп те атайды. Әлгі «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды», «Асыққан қыз алты жылда, жетіскен қыз жеті жылда төркіндейді» деп келетін мәтел сөздер ұзатылған қыз­дың төркіндеу рәсіміне орай айтылған. Қазіргідей қит етсе, әке-шешесіне жетіп бармаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет