Семинар сабақтарының тақырыптары


-тапсырма Поэзия –эстетикалық категория екенін М.Жұмабаев стилі арқылы талдау жасау. Автордың даралық стилін анықта, сөз мәнеріндегі ерекшеліктерді табыңыз



бет15/15
Дата12.02.2022
өлшемі42,01 Kb.
#25322
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Семинар тақырыптары

19-тапсырма Поэзия –эстетикалық категория екенін М.Жұмабаев стилі арқылы талдау жасау. Автордың даралық стилін анықта, сөз мәнеріндегі ерекшеліктерді табыңыз. 
Мағжан өлеңдеріндегі сөзбен өрілген сырлы суреттер оқушының көңіл көкжиегін от боп, сәуле боп серпілтіп, жарқыратып аша түседі. Ақын өзінің таным талғамы бедерлі сөз, кемел оймен, тіл өнерінің мейліше айқын бояуларымен жеткізіп, сезім пернелерін дөп басады, шын мәнісіндегі өлең құдіретін еріксіз мойындатады.

Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,

Хош иісті түрлі-түсті гүл сұлу.

Әдемі аспан – төбедегі көк шатыр,

Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.
Сылқ-сылқ күліп сылдыр қаққан су сұлу,

Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.

Бейне айнадай жарқыраған айдыннан,

Күн шығарда көтерілген бу сұлу.

Қараңызшы, осы өлеңде ақынның айналасына ессіз ғашық, саф алтындай таза да пәк жан сұлулығы мен көркем ойда кестеленген табиғат сұлулығы іштей тоғысып жатқан жоқ па?! Сондықтан да болса керек, ақын жүрегіне шабыт пен нұрын құйып, нәзік те сырлы дүниеге іңкәр еткен жар сұлулығына:



Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде,

Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу –

деген жолдардың шынайылығына тәнті боласыз. Мұндай сезімдер махаббат лирикаларында басым. Оларды оқи отырып:



Өмір – өзен, үміт – шабақ ойнаған,

Жел сөзбенен шабақ аулауды ойлаған,

Мен есалаң, мен нәресте, үміт - от,

Жүз күйсе де, қармануын қоймаған.

20-тапсырма Безендіруші стилистикаға ауызша ғылыми стильде баяндаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет