Семинар сабақтарының тақырыптары


-тапсырма. Ә. Кекілбаев тілінің шешендік стиліне талдау жасаңыз, өзіндік шеберлігін анықтаңыз



бет8/15
Дата12.02.2022
өлшемі42,01 Kb.
#25322
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
10-тапсырма. Ә. Кекілбаев тілінің шешендік стиліне талдау жасаңыз, өзіндік шеберлігін анықтаңыз.

1.Қанша сүлей болғанмен, жеке алғанда, қай саңлақ тұлға да халықты бір өзі қарық та қыла алмайды. Қанша дүлей болғанымен, бір өзі оны біржолата ғаріп та қыла алмайды. Сондықтан анау келіп құлпыртты, мынау келіп құртты дейтін қисынсымақтар әлеуметтік құбылыстардың арғы төркініне терең бойлай алмаған, не бойлағысы келмейтін жәй әншейін бәдік әңгімелер. Тоғышар сананың тарих алдындағы жауапкершілікті сахнадағы санаулыларға итере салып, өздері әрдайым қатаң қазының қалпында қалғысы келетін арзымсыз пиғыл. Әйтпесе, қай халық та өз мұратына жабыла жұмылып жүріп қана жете алатыны белгілі.

11 -тапсырма. Берілген айдар атауларына байланысты мәтін тақырыбын ойластырыңыз. Жанрлық-композициялық ерекшеліктерін сақтай отырып, тұтас аяқталған мәтін құрастырыңыз.

1. Ата-жұрт – алтын бесік. 2. Мемлекет және дін. 3. Ұлт және құқық. 4. Жұмыр жер. 5. Ашық хат. 6. Өмір-дастан. 7. Пікірталас. 8. Сөзбе-сөз. 9. Ел аузынан. 10. Оқырман хаттарынан. 11. Министрлік назарына. 12. Білгенге маржан. 13. Балаларға базарлық. 14. Ауылыңа бардың ба? 15. Әлем әйелдері әлемінен. 16. Саясат - ағаш ат.



12-тапсырма. Қоғам қайраткерлерінің мәдени мұра тақырыбындағы пікірлеріне, өз ойын жеткізудегі тілдік-стильдік, композициялық ерекшелігіне талдау жасаңыз. Кейіпкерлердің сөз саптау шеберлігіне баға беріңіз.

«Мәдени мұра» : кемел келешекке қарай басталған бүгінгі қадам

  1. Іштен тынып күрсінген көз жасы, ызалы сөз, тоңтеріс өкпе құлдырауға бет алған қоғам мәдениетін құрдымнан құтқарып қала алмайды. Осы бір шындықты іштей түсінсек те ышқынған дауыстар үй жығардай екпінімен елдің рухани дүниеге деген сұранысын жоқтап қызылтанау болып жүрді. Дұрыс қой. Себебі - ниет адал. Бірақ істің тетігі табылмаған соң не шара? Көкейдегі сауал мәнін жойып, көңілдегінің бәрі айниды. Ақыры көзіміз жетті: пәрменді билік қызметінің іс-қимылында мемлекеттік мазмұн қоюлаған сайын кез келген мәселенің түйіні тарқай бастайды екен. Екі еркек бөтелкедегіні қақ бөліп ішіп, солған қиярды қарш-қарш шайнап жатқанда, мына ұзын етектісі дастарқаннан шеттеп, ала дорбасына басын қойып, бір жамбастап қисая кетті (Шерхан Мұртаза). Жаңыл сасқалақтап, шарананы аналар көріп қоймасын деп тез орнынан тұрып, ораулы нәрестені дереу қоқыс қораптың ішіне апарып тастай салды (Шерхан Мұртаза).Қояндардың жымы шынжырлы көк төбеттің жанынан өтер еді, аузы кебістей көк төбет зытып бара жатқан қояндарды бас салайын деп құлақтарын тікірейтті де, жалқаулығы ұстап, көзін марғау жұмып, жата кетті (Шерхан Мұртаза).

Жігіттер екі-үш күннен бері қарай осы мақсатпен бірнеше ауылда болса да, көңілге алған қыздарының кейбірін көре алмай, кейбірін керсе де ұнатпай, аяғында әзіргі кеште Мақыштың аулына келе жатқан беті еді (Мұхтар Әуезов).Құмы мен шаңы көп ыстық қалада майдың қоңыр салқын кеші кішкене сұлу бақшаның ішіне жанар оты сөнбеген жастарды еркін демалысқа, түстей сұлу сезімге шақырып, күтіп тұрғандай (Мұхтар Әуезов).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет