Семинар сабақтарының тақырыптары


-тапсырма Көркем стильдегі стандартты тілдік бірліктерді тап



бет5/15
Дата12.02.2022
өлшемі42,01 Kb.
#25322
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Семинар тақырыптары

8-тапсырма Көркем стильдегі стандартты тілдік бірліктерді тап.

  1. Таң ата етек тауларды тұншықтыра жауып алған қалың қарағайдың ішінен ұшып шыққанда бірден кездесе кеткен еркек қыран көзге қораш көрінбеген (Ғабит Мүсірепов).

  2. Кейде оқытушының айтқанын тұтас жазып үлгіріп, кейде ести алмай қалған сөзімді Меңтайдың жазғанынан қарап, ілініп-салынып конспекті құрастырып жатырмын (Әзілхан Нұршайықов).

  3. Жан жарына адал болмаған адам қылған қызмет, істеген іс, атқарған жұмыс, арқалаған қоғамдық міндетіне де адал бола алмайды (Әзілхан Нұршайықов).

  4. Шыққа шылқыған тау шалғыны қарттың етігін жуып берді, бетіне салқын леп келіп, көкірегі тұнық ауаға толды, табиғаттың, сұлулығын, өмірдің әсемдігін паш етер сезімге бөледі (Әнуар Әлімжанов).

  5. Шәугімдегі қайнаған суға біраз күрт езіп ішті де сусынын қандырып, күннің аптабы қайтқанша, бір мезгіл мызғып алу үшін жастыққа жантайды (Әнуар Әлімжанов).

  6. Қашан көрсең де - үстінде астарына елтірі сырыған ықшам кеудеше, жалпақ жаға ақ көйлек, басында - кенересіне қатырма сап көтерген қара тақия (Әбіш Кекілбаев).

  7. Құдайға шүкір, әкімдермен де қабағы оң: ауыздарын майлап-майлап қысы-жазы бірдей қапырық ұзын қапыдан құтылып, мынау жарыса аққан екі өзеннің алқабын түгел бір өзіне қаратты (Әбіш Кекілбаев).

  8. Орталық түгілі көрші қойшы ауылдардың өзіне артық аяқ бастырмайтын Көксүр Елеместі сол күні қандай түлен түрткеніне Жақан көпке дейін түсіне алмай қойды (Әбіш Кекілбаев).

  9. Алтай күзінің енді-енді басталып, сары ала, қызыл ала, жасып ала бояу жағынып, жасанып тұрған маужыраңқы мезгілі еді (Оралхан Бөкей).

  10. Заңғар таудың төбесінде үнемі суық жел соғып тұратындықтан, ағаш болмайды және шөп те бойлап қалың өспейтін тақыр(Оралхан Бөкей).

  11. Ертеден қара кешке дейін сол тым аласарып кеткен кейіпсіз аспаннан бірсін-бірсін жаңбыр жауады да тұрады (Оралхан Бөкей).

  12. Соғыс зардабы ма, әлде қай кезде болсын бойымызға үйір құлықсыздық, құтсыздық па, шегесі босаған, пе болмаса сынып, шіріп түскен тақтайлармен жүру оңайға түсе бермейді (Сафуан Шаймерденов).

  13. Жолым түсіп ауылға бара қалсам, қасыма ергендердің бәрін де сол зиратқа апарып әлгі «алаң» сырын баяндаймын (Сафуан Шаймерденов).

  14. Ұстаз ұстаздығын сатып, жасының үлкендігін бұлдап, кез келген жерде орынды-орынсыз ақыл айта берсе, ондай ұстазда не құн бар? (Сафуан Шаймерденов)

  15. Екі еркек бөтелкедегіні қақ бөліп ішіп, солған қиярды қарш-қарш шайнап жатқанда, мына ұзын етектісі дастарқаннан шеттеп, ала дорбасына басын қойып, бір жамбастап қисая кетті (Шерхан Мұртаза).

  16. Жаңыл сасқалақтап, шарананы аналар көріп қоймасын деп тез орнынан тұрып, ораулы нәрестені дереу қоқыс қораптың ішіне апарып тастай салды (Шерхан Мұртаза).

  17. Қояндардың жымы шынжырлы көк төбеттің жанынан өтер еді, аузы кебістей көк төбет зытып бара жатқан қояндарды бас салайын деп құлақтарын тікірейтті де, жалқаулығы ұстап, көзін марғау жұмып, жата кетті (Шерхан Мұртаза).

  18. Жігіттер екі-үш күннен бері қарай осы мақсатпен бірнеше ауылда болса да, көңілге алған қыздарының кейбірін көре алмай, кейбірін керсе де ұнатпай, аяғында әзіргі кеште Мақыштың аулына келе жатқан беті еді (Мұхтар Әуезов).

  19. Құмы мен шаңы көп ыстық қалада майдың қоңыр салқын кеші кішкене сұлу бақшаның ішіне жанар оты сөнбеген жастарды еркін демалысқа, түстей сұлу сезімге шақырып, күтіп тұрғандай (Мұхтар Әуезов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет