Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Жеке тұлғаның
психологиялық құрылымы. 
Кез -келген құбылыс сияқты жеке 
тұлғаның психикалық ӛмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық 
ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның ӛзіне тән құрылымын белгілеуге болады. 
Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бӛлігі оның 
бағыттылығын 
сипаттайды немесе 
адамның шындық дүниеге таңдамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттерлің ӛзара 
байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың 
жүйесін қамтиды. 
Ондай жағдайда бағыттылық бӛліктерінің бірі үстемдік етеді және басты мәнге ие 
болады, сол уақытта басқалары тірек қызметін атқарады. Үстемдік ететін бағыттылық жеке 
тұлғаның бүкіл психикалық қызметін анықтайды. Мәселен, танымдық қажеттіліктің үстемдік 
етуі соған сәйкес еріктік және эмоциялық кӛңіл-күйдің кӛтерілуіне алып келеді, ол ӛз 
кезегімен интеллектуалдық іс-әрекеттің белсенділігін арттырады. Бір уақытта табиғи 
қажеттіліктер біршама тежеліп, күнделікті тіршілік күйді кейінге, екінші кезекке 
ығыстырады. 
Жеке тұлға ӛзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей бастайды, оған 
ерекше қоғамдық және жеке мән береді. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының 
екінші бӛлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі 
қамтамасыз ету үшін қабілеттіктерді қамтиды. Қабілеттіліктер ӛзара байланысты және бір-
бірімен ӛзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік етеді, жетекшілік 
етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А.С.Пушкинде ақындық ӛнер үстемдік етті, бірақ 
ол ӛзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Сол сияқты М.Ю. 


Лермонтов туралы да айтуға болады. Қабілеттіктердің арақатынасының сипатына 
бағыттылықтың құрылымы әсер етеді. Ӛз кезегімен қабілеттіктерді даралау жеке тұлғаның 
шындыққа қатынасының таңдамалығына әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет