Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
downloadPdfUmkd-9

Түйсіктер туралы жалпы түсінік. 
Бізді қоршаған және бізге әсер ететін заттар мен 
құбылыстар әртүрлі қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттер сезім органдары — кӛру, есту, дәм 
және т.б. арқылы біздің санамызда бейнеленеді. 
Түйсіктер дегеніміз 
дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге 
әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің 
миымызда бейнеленуі. Біз қызыл, кӛк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б. 
түйсінеміз. Мәселен, бір шоқ гүлді түйсінетін болсақ, оның түсі (қызыл, сары), хош иісі, 
дәмі, кӛлемі және т.б. жекелеген қасиеттерін түйсінеміз. 
Түйсіктер — бұл алғашқы психикалық таным үрдістерінің бірі, олар кӛп жағдайда 
затты қабылдаудың құрамына кіреді. Түйсіктердің пайда болуы үшін тӛмендегі жағдайлар 
қажет: Біріншіден, қандай да болсын сезім органдарына әсер ететін зат немесе құбылыс 
қажет. Демек, заттың немесе құбылыстың сезім органдарына әсері сезімдік жүйкенің 
аяқталған тармақтарының 
тітіркендіргіштерінде 
негізінен аңғарылады, осы зат, құбылыс 
тітіркендіргіш 
деп аталады. 
Екіншіден, түйсінуші құрал қажет. Бұл құрал 3 бӛліктен тұрады: 
1) 
сезім органдарынан 
(рецептордан), онда сезгіштік жүйкенің соған сәйкес перифериялық 
тармақтары орналасқан. Сезім органдары дегенді басқаша түйсік органдары деп атаған 
дұрыс болар еді. Сезім органдары деп ауызекі сӛйлеу тілінде айтылғанмен, түйсік органдары 
деп айтқан дұрыс болады. "Сезім" — бұл ӛз алдына дербес психикалық үрдіс. 
2) 
өткізгіш жолдан, 
демек, сезгіштік жүйкенің сол бӛліктерінің, ол арқылы қозу 
перифериялық аяқталған жүйкеден ми орталығына жеткізу. 
3)
бас ми қыртысындағы 
сәйкесті ортадан (жасушалар жүйесі), онда жүйкелік қозу 
психикалық құбылысқа — түйсінуге ӛтеді. 
Жоғарыда кӛрсетілген үш бӛлігі бар қабылдау аппаратын құрайды, оны И.П. Павлов 
анализатор 
деп атады. Егер де анализатордың кӛрсетілген бӛліктерінің қандай да болмасын 
бірі бұзылса, түйсіктер жұмыс істемейді. 
Анализаторлар, ӛзінің атынан белгілі болғандай, қоршаған ортаның әсерін талдау үшін 
жұмыс істейді. 
Анализатор адамның ғасырлар бойы ӛмір сүру үрдісінде ӛмірге қажетті мәнді 
тітіркендіргіштерді ерекше бӛліп кӛрсетеді. 
Әрбір түйсік адамға ұнамды және ұнамсыз кӛңіл-күймен байланысты болады. Бұл - 
сезімдік немесе эмоционалдық түйсіктің белгісі. 
Мәселен, тәттіні түйсіну ұнамды, ащыны түйсіну ұнамсыз. Кейбір түйсіктерде сезімдік белгі 
үлкен күшпен ерекше байқалады. Осындай түйсіктерге, мәселен, тою, аштық, ауыру 
түйсіктері жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет