Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары


-семинар  Семинар тақырыбы: Эмоция. Еріктік іс-әрекет



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
downloadPdfUmkd-9

11-семинар 
Семинар тақырыбы: Эмоция. Еріктік іс-әрекет 
Жоспар: 
1. Эмоция мен сезімнің айырмашылығы. 
2. Іс-әрекетті еріктік-сезімдік қасиеттер.
3. Тұлғалық-сезімдік қасиеттерді дамыту. 
Ӛмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен 
шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгілеген мақсатқа жету жолында ұзақ уақыт 
талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, кӛптеген кедергілерден ӛтетінін, 
шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас 
тартатынын кӛреміз. Мұның бәрінде де адам еркі кӛрініс береді.Алдыңа қойған мақсатқа 
жету үшін ішкі немесе сыртқы кедергілерді, адамда туатын күштің арқасында жеңіп ӛтудегі 
психологиялық процесс - ерік деп аталынып жүр.Адамның жеңіп ӛтетін сыртқы кедергілері 
деп - сол істің ӛзінің объективтік қиындықтарын оның күрделілігін, әр қилы бӛгеттерді, 
басқа адамдардың қарсылықтарын, жұмыс жағдайындағы қиыншылықтарды т.б. есептейді. 
Ішкі кедергілер - бұлар адам ӛзіне жұмыс істету қиынға соғатын, жалқаулық, шаршап-
шалдыққандық, алдында тұрған міндетке ешқандай қатысы жоқ басқа бірдеңелермен 
шұғылдануға құштарлық ететін, белгіленген мәселелерді орындауға кедергі жасайтын 
субъективтік, жеке ниеттен туатын кедергілер. Ішкі кедергіге құштарлық, тілек сияқты жат 
әдеттер жатады. Адамдар олардан ерік күшінің арқасында құтылады. Ал «ерік» терминімен 
жеке адамның қасиетін де, қиындықтарды жеңе отырып табандылықпен және мақсатқа жету 
үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив-оның түрлі қажеттері. Адам ӛз қажетіне 
байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс - 
амалдар қарастырады. Ӛйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, 
не оған ӛзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай 
ӛзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-
қозғалыстар есепсіз кӛп. Бұларды үлкен екі топқа бӛлуге болады. Оның бірін еріксіз 
қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: кӛздің жұмылуы, жӛтелу шашалу, 
түшкіру т.б.), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені 
кӛтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келкен қозғалыс арқылы сыртқы ортаны 
ӛзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар 
жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе 


білуден кӛрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп 
атайды. Сонымен 
ерік 
дегеніміз адамның ӛз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. 
Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет қылықтардан 
кӛрініп отырады. Бірақ жүру, кӛбейту кестесі кӛлеміндегі ауызша есеп, жақын, туыс 
адамдармен сӛйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететін әрекеттерге жатпайды. Еріктік 
әрекеттер максаттың және сол сиякты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, 
қиындықтардың болуымен сипатталады. 
Еріктік әрекеттер 
қарапайым 
және 
күрделі 
болып бӛлінеді. Қарапайымы 
мақсат қою 
және 
орындау 
деген буыннан тұрады. Оларда бір буыннан соң екінші буын аралық буынсыз 
келіп отырады. Күрделі еріктік әрекетте 
мақсатты аңғару, жоспарлау 
және 
орындау 
деген 
үш буыннан тұрады. 
Мақсатты аңғару
. Адам мінез-құлқының стимулдары сан алуан. Мұндайлар: ашығу, 
шӛліркеу сияқты физиологиялық қажеттіліктер, ауа жұту, дем алу, ұйықтау қажеттіліктері, 
басқалармен араласу, білімге, кӛңіл кӛтеруге құмарлық тәрізді қажеттіліктер бола алады. 
Қажеттіліктің арта түсуіне қарай құштарлық тілекке – айналады. Бір нәрсені тілеу дегеніміз - 
не мазалайтынын, қандай мұқтаждық бар және оны қалай қанағаттандыруға болатынын 
білдіру. Тілек дегеніміз - мұрат түрінде ӛмір сүретін қажеттілік мазмұны. Қажеттілікке сай 
мақсатты аңғарған адам бір шешімге келеді. 
Жоспарлау. 
Күрделі ерік әрекетінде шешім қабылдаудан соң қойылған міндетке жету 
жолдарын жоспарлау басталады. 
Орындау. 
Жол мен тәсілдер белгіленіп болысымен, адам қабылданған шешімдерді 
жүзеге асыруға кіріседі. Белгіленген мақсаттың жүзеге асуы кедергілерді игерумен ұштаса 
жүреді. Оларды зат, материалдық процестер, адам, уақыт, кеңістік туғызады. Сол сияқты, 
шаршау, ауру, білімнің, дағдының аздығы тәрізді кедергілер де болуы мүмкін. 
Адамның ерік-жігер қасиеттері: 
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамга келгіштік, кедергілерді жеңе алу, ӛзін-ӛзі меңгере 
алу, батылдық шыдамдылық т.б.); 
Екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне, 
қоғам мүддесіне бағындыра алуда кӛрінетін ерік сапалары); 
Үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары жатады (инициатива, 
принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т.б.). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет