Ресми қарым-қатынас
- қызметтік негізде қалыптасады,
заңмен тұрақтанады,
жарғымен, ережелермен реттеледі. Ресми емес қарым-қатынас - жалпы қабылданған зандар
мен талаптарды белгілі тұрақтанған ережеге бағынуды талап етпейтін адамдардың бір-біріне
деген қарым-қатынасы. Бұл ұнату, жақсы кӛру, достық, жолдастық, жек кӛру, жауласу т. б.
себептер негізінде пайда болады.
Тігінен қарым-қатынас
- бұл тұлғааралық байланыс,
басшы мен оған бағынушылар
арасындағы, кӛшбасшы мен басқа ұжым мүшелері арасындағы байланысты кӛрсетеді, жалпы
ұжымда ресми мәртебеге ие тұлға мен қалғандары арасындағы қатынас түрі.
Көлденеңінен қарым-қатынас
- бұл бірдей мәртебеге ие ұжым мүшелерінің арасындағы
тұлғааралық қарым-қатынасы. Ұжым ішінде тігінен және кӛлденеңінен қарым-қатынас
түрлерін бір-бірімен салыстыруға, қарама- қарсы қоюға болмайды.
Іскерлік тұлғааралық қарым-қатынас - бірлескен іс-әрекет, қызмет барысында адамдар
арасында болатын қарым-қатынас түрі.
Жеке қарым-қатынас
- орындалатын іске тәуелді емес
адамдар арасындағы қарым-
қатынас. Іскерлік және жеке қарым-қатынас түрлері бір- бірін толықтырады. Іскерлік
қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес.
Рационалды тұлғааралық қарым-қатынас
- адамдардың
бір-бірі туралы білігі, басқа
адамдардың оны объективті бағалауы жатады.
Эмоционалды қарым-қатынас
- адамның адам даралығын қабылдауы.
Бұндай қарым-
қатынас түрі жағымды және жағымсыз қарым-қатынас негізінде іске асырылады.
Аталған қарым-қатынас түрлері ұжымды дамытуда, ондағы дұрыс қарым- қатынасты
қалыптастыруда маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: