Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары


Сезімдердің психологиялық сипаттамасы. Жоғары сезімдер



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
downloadPdfUmkd-9

Сезімдердің психологиялық сипаттамасы. Жоғары сезімдер. 
Сезімдер:
адамгершілік (моральдық), эстетикалық, интеллектуалдық (танымдық) 
болып бӛлінеді. 
Адамгершілік 
сезімдерге: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, 
жауапкершлік, ұят т.б. жатады. Ар намысты қорғау адамға аса жарасымды сипатталады. 
Сезімнің осы түрі кӛбінесе қайсар, ӛжет, табанды әрі кӛздеген мақсатына жетпей тынбайтын 
адамдар байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық екінің бірінде кездесе 
бермейтін қасиет. Мұның әр адам психологиясына әсер етіп, терең із қалдыратыны сонша 
кісі кейде кірерге жер таппай, кісі бетін қарай алмай, ұйқыдан, тамақтан қалатын болады. 
Абай ұяттың 2 түрі бар деді. 1) надандықтан туатын, ұғымына ұялмас нәрседен ұялу. Бұл 
надандық, ынжықтық,қайрат жігердің осалдығы, білім мен тәжірибесінің саяздығы. 2) дұрыс 
емес қылықтан ұялу. 
Эстетикалық 
сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты 
сезіну. Бұл сұлу сымбатты, ӛмірге үйренуі, әдемі кӛріністерді тамашалау, табиғаттағы, 
кӛркемӛнердегі шынайы әсем нәрселерден ләззат алу. Эстетикалық сезім дене сұлулығын 
қабылдауда ғана тумайды. Моральдық сұлулықта та эстетикалық сезім тудырады. Ӛзінің 
мүддесін қоғам игілігі үшін тежеп ұстайтын жоғары моральды адамдарды кӛріп куә боламыз. 
Мұндай адамдар ӛзіне деген құрмет сезімін туғызады. Біз оларды «моральдық жағынан 
мұншама тамаша адам болады екен-ау» дейміз. 
«Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу нәрсеге сүйініп керексіз нәрседен жеркенуге, 
жақсылыққа ұмытылып, жауыздықтан тиылуына кӛп кӛмек кӛрсетеді» деген болатын М. 
Жұмабаев. 
Интеллектуалдық 
сезімдер адамның тану процесімен, адамдардың ақыл- ой әрекетімен 
тығыз байланысты. Оған әуестік, білуге құмарлық, іздемпаз танырқау, сенімдік, интуиция, 
ықтималдың жорамалдың, болжау т.б. сезімдері жатады. Сезімнің осы түрлері оқу 


процесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарда, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап 
табуда пайда болады.. 
Құмарлықтың 
жағымды 
және 
жағымсыз 
түрі болады. Жағымды түріне білім алуға, 
ӛнерді үйренуге, спортқа т.б. құмарлық, ал жағымсыз түріне: малға, ақшаға, атаққа байлыққа 
және құмар ойындарға, нашақорлыққа, ішімдікке құмарлықтар жатады. Егер, адам ӛзін-ӛзі 
билей алатын күш-қуат тауып, жағымсыз құмарлықтарын қоймаса, оның денсаулығы 
нашарлап, тіпті ӛлімге жеткізуі мүмкін. Құмарлықты сана-сезімен басқарудың рӛлін француз 
философы әрі ағартушысы Ж.Ж.Руссо айрықша бағалайды. Оның пікірінше: 
«басқара білгенде барлық құмарлық жақсы, ал оған бағынышты болғанда барлығы да 
жаман.» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет