біздің дүние туралы барлық білімдеріміз тек заттарды түйсінумен және қабылдаумен
тамамдалса, не
болар еді, онда біз атомның құрылысын білмеген болар едік, себебі ол ӛте
нәзік және біздің кӛзімізге кӛрінбейді, біздің құлағымыз естімейтін ультрадыбыстардың
барлығы
туралы білмеген болар едік, жерден күнге дейінгі қашықтықты (аралықты),
жұлдыздардың температурасын және кӛптеген табиғаттың сырын білмеген болар едік.
Бірақ бізге атомның құрылысы да, ультрадыбыстардың қасиеттері де,
жұлдыздардың
температурасы да және т.б. біздің қолымыз жетпейді, оларды біздің кӛзіміз кӛрмейді,
құлағымыз естімейді. Демек, сезім органдарымен қатар бізге тікелей түйсіну мен қабылдауға
мүмкін болмайтын салаларды ашып беретін танымның ерекше тәсілі бар. Бұл тәсіл-ойлау.
Ойлау үрдісінің физиологиялық негізіне бас ми үлкен жартшыларының қыртысының
күрделі анализдік-синтездік қызметі жатады.
Бас ми
қыртысында сыртқы, ішкі тітіркендіргіштерді анализдеу және синтездеу
нәтижесінде уақытша жүйелік байланыстар немесе ассоциациялар ұйымдасады, олар ойлау
үрдісінің физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойлау үрдісіне негізіне екі түрлі уақытша жүйкелік байланыстар жатады: бірінші және
екінші сигналдар жүйелері. Бірінші сигнал жүйесі тітіркендіргіштерінің
әсерімен пайда
болатын уақытша байланыстар тікелей біздің түйсінулерімізбен, қабылдауларымызбен және
қоршаған дүние туралы елестетулерімізбен байланысты. Бірақ ойлау тек бірінші сигнал
жүйесіне негізделіп қоймайды, сонымен қатар негізінен екінші сигнал жүйесінің
уақытша
байланыстарына негізделеді. Екінші сигналдық жүйкелік байланыстар сӛздің кӛмегімен
заттардың арасындағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Себебі сӛздер
«сигналдардың сигналы» ретінде жалпылама тітіркендіргіштер болып табылады. Бірінші
және екінші сигналдар жүйесінің ӛзара әрекетінде жетекші рӛлді екінші сигнал жүйесі
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: