Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі


Зейіннің түрлері және оларға сипаттама



бет16/41
Дата22.09.2023
өлшемі370,86 Kb.
#109786
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Зейіннің түрлері және оларға сипаттама.
Негізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Кейбір психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні-белсенді зейін деп атайды.
Еріксіз зейін деп алдымызға мақсат қоймай, біздің санамыздан тыс қалыптасқан зейінді айтамыз. Еріксіз зейіннің пайда болу себептері ең алдымен бізге әсер ететін тітіркендіргіштердің ерекшеліктері болып табылады, атап айтқанда, анықтығы, айқындығы, күші, көлемі, қозғалғыштығы, ұзақтығы, кенеттен болуы, қарама-қарсылығы. Мәселен, әдемі ашық түсті және жарқыраған ойыншық мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің зейінін өзіне ерекше аударады.
Күшті тітіркендіргіштер: күшті дыбыстар, ашық түс, өткір иіс — еріксіз зейінімізді аударады. Еріксіз зейінімізді аударуда ерекше рөл атқаратын тітіркендіргіштердің арасында контраст (қарама-қарсы) болуы мүмкін. Мәселен, келе жатқан бір топ адамдардың ішінде біреуі басқаларына қарағанда өте бойшаң болатын болса, соған еріксіз назарымызды аударамыз. Сонымен қатар күнделікті өмірлік бақылаулар, арнаулы тәжірибелер көрсеткендей, кей жағдайда өте әлсіз тітіркендіргіштер зейінді шақырады. Меселен, кенеттен тыныш ортада болған қатты дыбыс немесе керісінше, кенеттен пайда болған тыныштық ол да еріксіз біздің зейінімізді аударады.
Сонымен қатар тітіркендіргіштердің жаңа болуы еріксіз зейінді шақыруға себепші болады.
Еріксіз зейіннің ең негізгі себептерінің бірі жеке тұлғаның жалпы бағыттылығының әрекеті, оның ішіңде қызығулардың мәні орасан зор. Не нәрсе қызықты болса, ол еріксіз зейінді аударады.
Психологтардың еңбектерінде еріксіз зейіннің пайда болу себептерінің бірі — зейіннің бағыттылығы іс-әрекеттің құрылымына тәуелді болуы.
Еріксіз зейіннің алғашқы физиологиялық негізі бағдарлы немесе зерттеу рефлекстері болып табылады. Бұл рефлекстерді академик И.П.Павлов басқаша "бұл не?" рефлексі деп атайды.
Ерікті зейін деп саналы алдын ала мақсатты түрде зейін нысанын тандай отырып, адам санасының белгілі бір затқа, не құбылысқа бағытталуын айтады. Ерікті зейін физиологиялық тұрғыдан көп жағдайда екінші сигнал жүйесінің іс-әрекетімен анықталады. Студент профессордың лекциясын зейін қойып тыңдайды. Студент алдына күні бұрын лекцияны түсініп, жазып алу жөнінде мақсат қояды, өзінің зейінін профессордың лекциясына аударады.
Жұмыстың көптеген түрлерінде көп жағдайда ерікті зейінді қажет етеді. Мәселен, корректордың жұмысы, тас қалауда құрылысшының жұмысы, жүргізушінің жұмысы, мұғалімнің жұмысы т.б. ерікті зейін арқылы іске асады. Еріксіз және ерікті зейіннің негізгі белгілері бірдей. Осындай негізі белгілеріне белгілі бір нысанаға сананың шоғырлануы мен бағытталуы жатады. Белгілі бір жұмыс үстінде, оның ішінде тиімді оқу үрдісінде ерікті зейін еріксіз зейінге ауысуы мүмкін, керісінше, еріксіз зейін еріктіге. Мәселен, қандай болмасын оқу материалын меңгеру барысында әруақытта да шәкірттерден ерікті зейіннің болуын қажет етеді. Бірақ меңгеру үрдісінде зейін жиі еріксіз зейінге айналады. Зейіннің осындай өзгеруі оқу материалы мазмұнының кейбір ерекшеліктеріне байланысты (мәселен, оның ашықтығы, қызықтылығы) баяндау ерекшеліктеріне тәуелділігі, көрнекілігі, түсініктілігі, сонымен қатар шәкірттердің оқу материалы мазмұнына қызығуына байланысты. Зейінді еріктіден еріксіз үрдіске қайта құру білімді меңгеруді біршама жеңілдетеді. Кейде кері құбылыста болады. Егер іс-әрекет үрдісінде (мәселен, білімді меңгеру үрдісінде) қандай да болмасын қиындық кездессе, онда еріксіз зейін ерікті зейінге ауысады.
Іс-әрекет үрдісінде кейде зейіннің негізгі жұмыстан шет нысанаға еріксіз ауысуы орын алады. Осындай құбылысты зейіннің бөлінуі деп атайды. Зейіннің бөлінуі жұмысқа жағымсыз әсер етеді.
Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды креативті ойлауға, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр оқушыға өзін көрсетуге және өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды орындауға дағдыландыруы болып табылады. Бұл тұрғыда оқушылардың зейінін дамыту маңызды орынға шығады. Себебі, баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үлгерім деңгейі жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Сабақ үрдісінде зейінді тәрбиелеу жолдары - өзара әңгіме, сұрақ қою, орындалған тапсырманы ұжымдық түрде қорытындылау, берілген тапсырма бастауыш сынып оқушысының бала күшіне сәйкес келуін қадағалап, ал, сабақ кезіндегі сергіту жаттығулары, ойын сәттері зейінді қалпына келтіретін әдістер болып табылады.Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Бастауыш сынып оқушыларының зейінін аударуы үшін обьектілерді үнемі өзгертіп, не соларды бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн. Тек сонда ғана бала зейінінің тұрақтылығы дамиды. Төмендегідей жаттығулар бала зейінін дамытуға қажетті деп ойлаймын. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет