Семинар Зертханалық



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата09.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#27381
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Әдебиет  

1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық.  - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019.  - 292 

бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 

2.Ривкин  Д.,  Райан  М.  Әдебиеттеориясы.  Антология.  1-4том:  оқулық.  -  Алматы: 

Ұлттықаудармабюросы, 2019.  

3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 

- 172 бет. 

4.Нұрғали  Р.  Жеті  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.5.  Әдебиет  теориясы.  Нұсқалық.    -  Астана: 

Фолиант, 2005. - 536 б.  

 

Тақырыбы: Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар. Әдеби мектеп. 

Сағат саны 2 

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары  

1. Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесі. 

2. Әдеби дамудың формалары – әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп. 

Дәріс  тезисі:  Әдебиет  даму  тарихында,  оның  әр  кезеңінде  де көркемдік  әдістің  маңызы  ерекше. 

Мысалы, ХУІІІ ғ. Еуропа әдебиетінде, осы кезеңдегі әдеби процесте романтизм әдісі басым болса, 

ХІХ  ғасыр  әдебиетінде  реализм  көркемдік  әдісі  үстемдік  құрды.  ХІХ  ғасырдың  орыс  әдебиеті 

тарихында алтын ғасыр атануы осы реализм әдісінің жетекші, үстем әдіс болуымен байланысты. 

Сөз өнері тарихында басты екі көркемдік әдіс бар, олар реализм және романтизм әдістері. Әдеби 

бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп, бұлар бір ұғымдар емес, алайда бір-бірінен соншалықты алшақ 

құбылыстарды емес, керісінше бір-бірімен байланысты, қатар өмір сүретін құбылыстар. Көркемдік 

әдіс  жеке  қаламгерге  емес,  жазушылар  тобына  қатысты  ортақ  мәселе.  Мысалы,  кеңестік  дәуір 

қаламгерлерінің  бәрінің  өмір  шындығын  бейнелеуде  ұстанған  ортақ  бір  әдісі  –  социалистік 

реализм әдісі деп аталды. Романтизм – көркемдік әдіс жеке қаламгерге емес, жазушылар тобына 

қатысты  ортақ  мәселе.  Мысалы,  кеңестік  дәуір  қаламгерлерінің  бәрінің  өмір  шындығын 

бейнелеуде  ұстанған  ортақ  бір  әдісі  –  социалистік  реализм  әдісі  деп  аталды.  Реализм  –  Әдебиет 

пен  өнердегі  кең  қанат  жайған,  өмір  құбылыстарын  бар  қалпында,  нақтылығын  сақтай  отырып, 

жинақтап,  тұжырымдап,  шыншылдықпен  бейнелеуді  мақсат  ететін  көркемдік  әдіс.  Әр  әдеби 

бағыттың  немесе  әдеби  ағымның  өз  платформасы,  бағдарламасы  болуы  заңдылық.  Ағым  – 

бірнеше  жазушыға  тән  творчестволық  ерекшелік.  Әдеби  ағым  –  тарихи  категория:  жалпы 




қоғамдық дамудың белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен 

бірге дамып, бірге жоғалып отырады. Әдеби ағымдар: Натурализм, сентиментализм, классицизм, 

модернизм. Әдеби мектеп ұғымының басты бір ерекшелігі оның жалпы қаламгерлерге емес, жеке 

үздік сөз зергері шығармашылығына қатысты құбылыс екендігінде. Әдеби мектеп үздік талаптың 

өнердегі өнегесіне, оның өзгелерге тікелей шығармашылық ықыласы мен жетекшілігіне қатысты 

ұғым. 


Бекіту сұрақтары 

1. Әдеби ағым – тарихи категория. Әдеби ағым түрлері туралы қандай зерттеу еңбектері бар? 

2. Классицизм ағымы, туу тарихы, ерекшелігі, өкілдері туралы қысқаша айтып беріңіздер? 

3. Сентиментализм, негізгі бағыт – бағдары, туу тарихы, ерекшелігі қандай? 

4. Натурализм ағымы, негізгіпринциптері туралы зерттегендер кімдер? 

5. Классицизм кезеңінің эстетикалық прнициптері қандай болды?  



Әдебиет  

1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық.  - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019.  - 292 

бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 

2.Ривкин  Д.,  Райан  М.  Әдебиеттеориясы.  Антология.  1-4том:  оқулық.  -  Алматы: 

Ұлттықаудармабюросы, 2019.  

3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 

- 172 бет. 

4.Нұрғали  Р.  Жеті  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.5.  Әдебиет  теориясы.  Нұсқалық.    -  Астана: 

Фолиант, 2005. - 536 б.  

5.Шәбжантайқызы М. Әдебиет теориясы – көркемсөз ғылымының айнасы. - Көкшетау, 2002. - 186 

б. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет