Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


-кесте. Ғылыми жетекшінің әртүрлі тұғыр бойынша тұлғалық сипаттамасы



бет98/103
Дата10.07.2023
өлшемі0,81 Mb.
#104180
түріСеминар
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
18-кесте. Ғылыми жетекшінің әртүрлі тұғыр бойынша тұлғалық сипаттамасы



Атауы

Сипаттама

Өкілдері

Шектеулер

1

2

3

4

Коллекциялық
тұғыр

Жетекші өз қызметінде басқарушылық әрекетін табысты атқару мақсатында ерекше тұлғалық қасиеттерді меңгеруі тиіс.

А.И. Китов (1984) жетекшінің тұлғалық қасиеттерінің құрылымында мынадай төрт құрылымды көрсетеді: басқарушылық қабілет, саяси сапалар, кәсіби сапалар, ұйымдастырушылық сапалар.

. жетекшінің қасиететрі жайлы абстрактілі түсінік, олардың өзгеде басқарушылық жағдаяттармен қиылыспауы;
. кәсіби маңызды қасиеттерді игерудегі субьектілік;
. жетекшінің тұлға ретінде жалпы қасиеттерінің ерекше сапаларынан тұрғыда шектелуің болмауы.

Бәсекелестік тұғыр

Жетекшінің ерекше, тұлғалық қасиеттерін немесе жалпы қасиеттерінің белгілі бір деңгейдегі басқа адамдардан ерекше етіп көрсететін қасиеттерінің болуын пайымдайды.

Э.С. Чугунова (1983,1986) жетекшінің тұлғалық қасиеттерінің құрылымында ғы әкімшілік-ұйымдастырушылық қабілет, моралды-этикалық мінездеме, білім сапасы, кәсіби қабілет, әлеуметтік бағытталған, мативацияны бөліп көрсетеді.

Сыртқы ортаның өзгерістері мен жетекшінің әрекетінің дамуы мүмкіндігі шектеулер ескерілмейді.



Парциалды тұғыр

Жетекшінің тұлғалық қалыптасуы басқарушылық әрекеттегі психокоррекциялық жүйелік байланыспен , жеке операциялар мен әрекеттердің орташаланған жиынтығына тән.

Бұл тұғыр аясында А.М. Омаровтың беделді болудың тұжырымдамасын қарастырады, автордың ойы бойынша жетекшінің тұлғалық қасиеттерінің сипаттамасы кәсіби қасиеттерге байланысты.


Инженерлік-психологиялық тұғыр

Жетекшіні шешім қабылдайтын адам ретінде қарастырады.

Бұл тұғырдың белсенді жұмыстары Б.Ф. Ломовтың, А.И. Галактионовтың, Г.М. Зараковсковтың, А.А. Крылов пен А.В. Филипповтың еңбектерінде жүзеге асқан.

Бұл тұғырда шектелетін мәселе ол психологиялық процестерді өңдеудегі жетекшінің ақпараттары және оның басқарушылық әрекеттегі көрсетілетін жеке тұлғалық қабілеттері.



Рефлекциялы-құндылық тұғыр

Жетекшінің тұлғалық қасиеттерін оның басқарудық рефлексивті-құндылық тұжырымдамасы арқылы қарастырады..

Ықпалдасудағы жетекшінің қабілеттілігі қалыптастыру, ұғыну және өзіндік түзетуінде көрініс табады. (А.И. Китов, 1984; С.М. Белозеров, 1986; В.В. Скворцов, 1987).

Рефлекциялы-құндылықтық құрылым тұлғалық жаңа білімге негізделген, сондай-ақ, жетекшінің басқарушылық әрекеті негізінде қалыптасады және басқарушылық шешім қабылдауға ықпал жасайды.



Әлеуметтік-психологиялық тұғыр



Ерекше мағына жетекшінің басқару стилінің өзгергіштігінің заңдылықтарын қарастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

И.С. Мангутова мен Л.И. Уманскийдің жетекшінің тұлғалық қасиеттерін топқа бөліп қарастыратын моделі:
- жалпы қасиеттері;
- ұйымдастырушылық әрекетке бағыттылық;
- индивид ауқымы;
- дара стиль;
- әрекетке дайындық;
- ерекше қасиеттер;
- ұйымдастырушылық әрекетке деген икемділік.

Абстрактiлiк және мағыналы аморфтылық



Кешенді жағдаяттылық тұғыр

Жетекшінің әртүрлі юасқарушылық жақғдайлар мен өмірлік оқиғаларға байланысты тұлғалық дамуындағы қозғаушы күштегі күш-жігерін қарастырады.

А.В. Филиппов (1990) жетекшінің басқада кәсіби қасиеттерінің жамуына мүмкіндік беретін негізгі қасиеттерді көрсетті. Оның ойынша, оларға мыналар жатады: сенушілік, үйретуге деген қабілет, ашықтық (адамдарға деген ұқыптылық, олардың қажеттіліктерін білу), ұйымдастырушылық қабілет.

Басқарушылық әреткетегі тұлғаның дамуының тиімділігі ұйымның құрылымы мен міндеттеріне, оның әрекет ету ұзақтығына және өлшемімен ұйымның түріне байланысты.

Факторлық тұғыр

Жетекшінің басқарушылық қызметінің дамуына жеке факторлардың және шарттардың әсерін талдау.

Р.Л. Кричевский және А.В Маржине (1991) басқарушылық қызметтегі өзара әрекеттесуші субъектілердің құнды пікіралмасу факторларын бөліп көрсетеді.

Ситуациялық факторларлар көбіне басқарушылық қызметтің тиiмдiлiгімен байланысты түсіндіріледі, бұл ретте ішкі тетіктер қарастырылмай-ды.

Қызметтік тұғыр

Жетекшінің тұлғасын зерттеу екі бағытта жүреді:

  1. Жетекшінің тұлғасына қатысты нақты қажеттіліктерді көрсететін құрылымдық-функционалды ұйымдастырушылық қызмет;

2. Жетекшінің тұлғасының мазмұнын шағын құрылымдардан құралған тұтас құрылым ретінде қарастыру маңызды.

А.Л. Журавлев тұлға құрылымының жалпы және арнайы түрлерін жіктеді. Жалпы құрылымдарына психофизиологиялық, психологикалық және әлеуметтік құрауыштары жатса, арнайыға келесілерді жатқызды: идеялық-саяси сапалар, жетекшінің кәсіби құзыреттілігі, ұйымдастырушылық және педагогикалық қабілет, моральді-этикалық сапалар.

Басшылықтың тиiмдiлiгi жетекшi тұлғасының сапасына шартты байланыста болатынын ескертеді.



Имидждік тұғыр

Жетекшінің әртүрлі әлеуметтік топтардың саналы және бейсаналы қажеттіліктеріне байланысты мен оның жеке сапаларын саралау қажет. тұлғалық имидждің қалыптасуы жатады.

А.А. Романов, И.А. Федоров, А.А. Ходырев, В.М. Шепель жетекшінің өзінің жетістіктері үшін ұйымдастыратын жеке тұлғалық қасиеттерін былай жіктеп көрсетеді: күш, шынайылық, жомарттық, билік жүргізу мейірімділік.

Бұл тұғырдың негізгі шектеу қоятыны мінсіз жетекшінің бейнесін жасай отырып, авторлар тек сыртқы көрініске ғана назар аударады.

Зерттеушілер ғылым қайраткерлерін, тұлға типологиясын жіктеу жасайды, алайда белгілі бір жіктемені жүзеге асыруда ғылымға негізделген тұтас өлшемінің жоқтығын және көптеген қайшылықтардың көрініс табатындығын алға тартады. Танымал классификатор-авторлардың бірі Гоу мен Вудвортстың жіктемесін мысал ретінде алып көрсетсек, олар - «фанатик», «пионер», «диагност», «эрудит», «техник», «эстет», «методолог», «тәуелсіз». Келесі мысалға Левинсон-Лессингтің жіктемесін алып қарастыруға болады, ол шығармашылық өнімділігі төмен эрудит-ғалымдарды «жүретін кітапхана» деп атаған. Сол сияқты көптеген зерттеушілермен салыстырғанда Д. Б. Богоявленскаяның пікірінше, зерттелушінің білімін, ойлауы мен тұлғасын зерттеу арқылы шығармашылығын анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу жолдарының бір де біреуі оның табиғатын толық ашатындай нәтиже бермеген. Сондықтан да, осы мәселені зерттеу барысында шығармашыл тұлғаның танымдық және мотивациялық сипаттамасын бейнелейтін, шығармашылықтың «талдау бірлігін» айқындап көрсеткен. Зияткерлік белсенділікті тұлғаның шығармашылық қабілетінің «зерттеу бірлігі» ретінде қарастыруды ұсынады. Зияткерлік белсенділік өзінің құрамына ақыл-ой қызметінің зияткерлік (ақыл-ой қабілеттері) және зияткерлік емес (тұлғалық, мотивациялық) факторларын біріктіреді.


Тұтас алғанда, осы контексте көрсетілген талдаудан өткізілген жетекші тұлғасы сапасын анықтауға арналған теоретикалық тұғырлар магистранттар арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне толығымен сәйкес. Ғылыми жетекшісінің тұлғалық қасиет, қабілеттері мен ерекшеліктерінің тізбегін «Горящую 10» респонденттері төмендегідей тізіммен толықтырды:

  1. өзін-өзі басқара білу қабілеті;

  2. ақылға қонымды тұлғалық құндылықтары;

  3. нақты тұлғалық мақсаттары мен өзара іс-әрекеттің мақсаттары;

  4. жасампаздық және жаңару қабілеті;

  5. жоғары деңгейде жетілу мен кәсіби өсіге ұмтылыс;

  6. ұтқырлық және мәселелерді шеше білу қабілеті;

  7. қоршаған адамдарға ықпал ете алу және өз көзқарасын қоғап шыға алу;

  8. басқару және жетекшілік ете алу қабілеті;

  9. магистранттарды оқыту және дамыту қабілеті;

  10. өзінің ғылыми мектебі мен коммуникативтілік біліктерін дамыту қабілеті.

Сонымен, өзіміз байқап тұрғанымыздай, белгілі бір ұйымның басшысы мен ғылыми жетекшіге қойылатын талаптардың айырмашылықтар жоқ екен. Негізінен, жоғарыда көрсетілген талаптар қазіргі заманға сәйкес жағдай мен шарттарға негізделіп жасалған. Жетекшілер болашағы бар сұрақтарға көбірек уақыт бөлуге, кең ауқымда ойлануға, жаңа қажеттіліктер мен міндеттерді өзгелерден тереңірек түсінуге, қыхметтің қарқынды дамуына ат салысуға, топтардың қызметінің тиімділігін жоғарылатудың құралдарын жасап шығарып, оңтайлы жолын нұсқауға бейім. Олар өздерінің жоспарлары, ойластырған іс-әрекеттерін жүзеге асыруға тиісті.
Неліктен магистранттың субъективті қабілетінің дамуы үшін ғылыми жетекшінің ықпалы маңызды? Себебі, магистрант жұмысының тиімділігін анықтауда бағалау эталонын қолданудың дұрыс жолын нұсқайтын жетекші болып саналады. Сонымен, мамандықтар арасындағы өзара байланыс пен адам танымының ерекшеліктерін зерттей келе, О. Г. Кукосян «дәл қызметтің өзі әрқашан адамның өз қоршаған ортасын, соның ішінде адамның өзінің бейнесін сомдауға жағдай жасайды» деп айқындап көрсетті. А. А. Бодалевтің пікірінше, адам бойынан басқа адамдарға бағытталған жалпы тұғырды жасап шығаруда, қызметтік құндылықтарды анықтауда қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке еңбегі мен орны айтралықтай маңызды рөлге ие.
В.И. Загвязинскийдің пайымдауынша, диссертант пен ғылыми жетекшінің қызметтерінде өзара келісімге келуі педагогика жетістіктерінен, жинақталған тәжірибе мен дәстүрінен және сабақтастықтан туындаған талап болып келеді. Оның пікірінше, құнарлы топырақта өсіп, жетілмеген «жаңа» нәрсе сыртқы тартымдылығына қарамастан тіршілікке өте бейімі жоқ болып келеді екен. Жаңа нәрсе толығымен жаңа болады немесе сыртқы бейнесі өзгертілген ескі болуы да болуы мүмкін. Алайда танымал нәрседен туындаған жаңа нәрсе өз атына лайықтана отырып, жаңашылдықтың басты беогілеріне ие болуы керек. Сонымен қоса, зерттеудің тұжырымдамалы бірлігі принципі бар, бұл жерде егер де зерттеушы белгілі бір тұжырымдамаларға ғылыми тұрғыда қосылмаса, я оларды өзі жасап шығармаса, ол жай эклетик ретінде қалып қояды. Бұл ұстаным ішкі қайшылықтарға ие, себебі ол осыған дейін қабылданып, анықталғанды дұрыс деп, ал толық анықталмағанды құбылмалы деп санайды. Е.А. Климов өзінің «Психологияның негіздері» атты еңбегінде(М.,1997) маман біліктілігінің бөлшекті және жүйелі көрінісінсыз кәсіби дайындықтың іргетасы қаланбайтындығы жайлы айтып өткен. Оның себебі, әркім құбылыс пен жайттың тұтастылығын түрліше қабылдайды.
Оқу тапсырмаларының міндеттерін қою мен мәселелерін шешу нұсқалары әр түрлі. Зерттеушілік жұмыстың қаншалықты тиімді басқарылып отырғандығы ғылыми мектептің қызметтерін зерттеу барысында толық айқындалады. Біздің республикамызда ғылыми мектепті құру және қалыптастыру өзіндік тарихы бар және ғылыми-зерттеушілік орталықтар мен білім беру мекемелері қызметінің бастауымен тығыз байланысты мәселе болып келеді. Психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік әдебиеттерде ғылыми мектеп зияткерлік, эмоционалды-құндылықты, формальді емес, түрлі деңгейдегі ғалымдардың ашық қоғамы ретінде сипатталады. Ғылыми мектептің базасына сәйкестендіруге келетін бірнеше көрсеткіштер төменде көрсетілген: 1) сәйкесінше білім аумағындағы бір немесе бірнеше көшбасшының болуы; 2) зерттеудің ерекше әдіснамасы және ғылыми парадигмасы; 3) мектептің ғылыми дәстүрімен сабақтастықты қамтамасыз ететін ұдайы өндіріс тетіктері; 4) ғылыми ұжым өкілдерінің атқарушы қызметтерінің жоғары дәрежеде бағалануы және сырттай мойындалуы. Осылайша, ғылыми мектептің сипаттамасының легі келесідей: білім алушыларды белгілі бір бағыттағы танымдық шығармашылық жұмысқа талпындыратын идеяның болуы, сәйкесінше, олардың мәселенің әр кезеңіне сай келетін жалпылық әдіснамалық ұстанымды толық меңгеруі.
Сонымен қатар, ғылыми мектептің білім беру жүйесінің кеңес берушілік факторы бола алатын ғылыми идеяның ерекшеліктері мен артықшылықтары тарихи тұрғыда орнымен және уақытпен айқындалғаны жөн. Өйткені кешеуілдеп дамыған әскери педагогика саласындағы ғылыми мектептің қалыптасуы бірнеше кезеңдерді бастан кешірді. Дегенмен, педагогикадағы қазақстандық ғылыми мектептің дамуының негізгі бағыттарын сипаттау қажет деп санаймыз. (19-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет