Сене күресіп келе жатқан жауынгер басылым



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата06.03.2017
өлшемі2,08 Mb.
#7837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ТуғАН ЖЕР

Туған жер, алтын бесік аялаған,

Мен балаң баурайыңа саялаған.

Шаң кешіп, жалаң аяқ асыр салып, 

Қызыққа құмарланып тоя алмаған.

Қызылқұм құтты қоныс кең жайлауым,

Сайрандап мекен еттім Сыр қойнауын.

Аққу-қаз қатар түзеп ұшатұғын,

Сары көл, Қарақуыс, Таржайғаным.

Қарғалы, Бәкір тамы, Қалғандария,

Жетелер қиялыңды армандарға.

Қырмызы, қызғалдағым қыр беткейде,

Осындай жерде тудым арман бар ма?!

Жаппасбай, Қосжан базы, Бостан құмы,

Парақтап айтатұғын талай сырды.

Ағажан, Соны тоған, Қызданайым,

Түйенің өркешіндей қатар тұрды.

Қараауыз, Бүйірқұдық, Майкөң-Мәстек,

Шаруаға қолайлы жер болған нағыз.

Көргенде көңілім тасып шаттанамын,

Жырымды жүрегімнен ақтарамын.

Сыры бар шежірелі тарихта,

Қалмақ құм, Үмбет құм мен Аққаламның.

Қара көл, Сасық көл мен Шалаулы көл,

Балғанбай, Бұланбайым бір қауым ел.

Мен сені тең көрмеймін ешбір жерге,

Иіліп тағзым еттім уа Туған жер.

Осындай киелі мен жерде тудым,

Жасымнан ән-жырменен өнер қудым.

Түсіріп ақ қағазға аттарыңды,

Ұрпаққа жариялап айтып тұрмын.

Ордасы өлең жырдың Шиелі дер,

Шиелі қашаннан-ақ киелі жер.

Қалдырдым жазып мұны ақ параққа 

Жүрсін деп айтып мұны кейінгілер. 

АБАйлА БАлАМ, 

АБАйлА

Абайла балам, абайла,

Дүние деген шарайна.

Дөңгелетіп әкетер

Сақтықпен қара маңайға.

Тайқып бір кетсе табаның,

Түзелмес анық оңайға.

Жегіліп кетпей жетекке.

Амалын тап қалайда.

Дүние шіркін, сарайды.

Сандалтып жүр талайды.

Әр іске қара ұқыппен

Немқұрайлық болмайды.

Жақсы менен жаманды,

Періштелер санайды.

Шайтанға ерсең адасып,

Күнәні саған жамайды.

Тәубаға келіп тәу етсең,

Бойыңда күнә қалмайды.

Құдіреті күшті бір Алла

Тазалап берер маңайды.

Иманға бетті бұрайық,

Алладан тілек сұрайық.

Бес парызды өтеуге

Сәждеге бас ұрайық.

Мұсылманға аңғарсаң

Осы болар лайық.

Өткізбе босқа өмірді,

Желіктірме көңілді.

Сабырмен қара әр іске,

Бола біл қалқам төзімді.

Сүрінбей өту сынақтан,

Адамдық парыз, мұрат бар.

Мұратқа жету бір арман

Өлшеулі өмір бұл жалған.

Ертелі-кеш өтеміз,

Бұл фәниде кім қалған.

Тұлпардың күшті шабысы

Өмірдің қатты ағысы.

Ағысқа қарсы жүзеді 

Жігіттің болса намысы.

Қызылорда облысы 

Шиелі ауданы

Шығыс индонезияның Комодо аралында дене 

пішіні 3 метр, салмағы 150 келіге жететін алып 

кесірткелер тіршілік етеді. 

Оны жергілікті халық өз тілінде «буая дарат» 

(құрлық крокодилі) деп атайды. Алып кесірткеге 

тұңғыш рет ат қойып, сипаттап жазған Явадағы 

Бейтензорг музейінің директоры Тобайес Оу-

энс болатын. Бұл 1912 жылы еді. Т.Оуэнс алып 

кесірткені комодолық варан деп атады. Бұл осы 

кездегі тіршілік етіп жүрген варандардың ең 

ежелгісі, комодолық варан 60 миллион жылдан 

бері тіршілік етіп келеді. Бас бітімі жыланға ұқсас, 

бүкіл денесін қабыршақ жапқан алып кесіртке 

үнемі аузын ашып, ұшы айыр қызғылт-сары 

тілін аузынан шығарып жүреді. Жүруге ыңғайсыз 

алып денесін аяқтарымен көтеріп, бауы рын 

жерге тигізбей барлық салмақты құйрығына 

сала қозғалған варанның жүрісі ежелгі заманғы 

алып жануарларды елестетеді. Алып кесірткенің 

қоректенуі де қызық-ақ. Ол салмағы 100 келі, 

биіктігі 1,5 метр бұғыларды құйрығымен ұрып 

құлатып, боршалап жейді.



Бақбақ – көпжылдық 

көктем гүлі. Оны ел ішінде 

сарғал дақ, тозанақ деп те 

атайды. Қазақстанда бақбақ-

тың 60-қа жуық түрі бар. 

О н ы ң   2 3   т ү р і   с и р е к 

кездесетіндер қатарынан. 

Бақбақ бұлақ бойында, көл 

жағасында, ылғал жерде 

өседі. Денсаулыққа тигізер 

пайдасына келсек, диабет 

кезінде бақбақтың уақтап туралған тамырын бір 

стақанға салып, шай секілді қайнатып ішу керек. 

Күніне осылай 3-4 рет ішу диабеттің алдын алады. 

Бүйректің қабынуы кезінде бақбақтың тамырын 

үккіштен өткізіп, күніне 2 рет тамақ ішерден 

жарты сағат бұрын тұтынған жөн. Жаз мезгілінде 

теріні ағарту үшін бақбақ гүлін жарты литр суға 

қайнатып, бетті таңертең және кешке сүртуге 

болады. 


Адам көздері арқылы қор шаған орта жайлы 

ақпараттың 90 пайызын алады. Сондықтан көз 

саулығы мен қабақ терісінің күтімі ерекше маңызды 

болуы керек. 

Жағымды заттарды көргенде, адамның 

қарашығы 45 пайызға дейін ұлғаяды екен. Адам 

көзінің мүйізгек қабығы акуланікіне қатты 

ұқсағаны сонша, акуланың мүйізгек қабығын 

көзге ота жасағанда алмастырушы ретінде пайда-

ланады. Адам көзі сұр түстің 500 реңкін ажырата 

алады, сонымен бірге көзді ашып тұрып түшкіру 

мүмкін емес. Адамның әр көзінде 107 миллион 

жасуша болса, соның барлығы жарыққа сезімтал 

келеді. 

Емдік қасиеті бар асыл 

тас  тарды  көне  үндістан да  ла-

пидария деп атаған. Бұл орай-

да сондай тастарға қандай 

емдік қасиеттері бар екені 

ойы лып  жазылған. 

Қазіргі заманғы ғылым 

үшін рубин тасының қан дай 

жолмен жүректі нығайтаты-

нын, ал янтарь дың рухани 

жағынан адамды рухтан-

дыратынын, бирюза тасының адам қанының 

қысымын қалыпқа түсіретінін түсіну қиын-ақ. 

Көне заман адамдары өлі материя болмайды, бәрі 

де көзге көрінбейтін қуат шығарады деп түсінген. 

Тіпті тастар да сондай, әсіресе оның кристал-

дары ретке келтірілген түрлері деп есептелген. 

Көріпкелдердің хрусталь шар арқылы адамның 

өткені мен болашағын болжап айтатын оқиғалары 

көпшілігімізге жақсы таныс.

сіз Білесіз Бе?

Отыра алмайды, тұра алмайды, 

Түзу жолда бұраңдайды.

Жаңғырықты білмейді, 

Күйіп-пісіп тілдейді. 

«Мазақ қылып бір бала

Ар жағында жүр» дейді.

(Жылан)

доктор Мартин  Сигерт 

бастаған лондонның им-

п е     р и я л ы қ   к о л л е д ж і н і ң 

бри тания лық  ғалымдары 

А н т а р к т и д а л ы қ   м ұ з д ы ң 

астында алып көл болуы 

мүмкін деген тоқтамға келді. 

Ғ а л ы м н ы ң   с ө з і н е 

қарағанда, жаңа көлдің 

ұзындығы шамамен 100 

ш а қ ы р ы м   ж ә н е   е н і   1 0 

шақырым. Пішіні бойынша ол лентаға ұқсас, ал 

ұзын каналдары мен арналары Антарктиданың 

шығыс жағалауы арқылы  1000 шақырымға со-

зылады.

жасырдым жұмБақ



қайталап Көріңіз

қыр-сыры мол дүнИе 



Емдік асыл тастар

Мұз астындағы алып көл 

жануарлар әлемі 

өсімдіКтер әлемі 

адам құпИясы 



Алып кесірткелер 

Бақбақтың қанша түрі бар? 

Көздің құпиялары

атақты «Зафар-наме» («Жеңістер») 

туын дысында берілген. Осы еңбегінде 

ол Жетісу жеріндегі соның ішіндегі Ал-

маты маңындағы Ақсақ Темір әскерінің 

соғыс қимылдарын көрсеткен. Алма-

тыдан 1,5 күндік жердегі Чарун (Ша-

рын) өзенінің бойында болғандығын 

көрсеткен.

Өз заманының ең атақты жылнама-

шысы, Ұлы Моғолдар әулетін құрушы 

Захириддин Мұхаммед Бабырдың 

«Бабырнаме» еңбегінде Ферғананың 

солтүстігіндегі бірнеше қалалар ата-

лады. Онда мынандай мәліметтер 

келтіріледі: «Ферғана – бесінші 

климаттағы облыс, айдалған жер-

лер шекарасында орналасқан; 

оның шығысында – Қашғар, 

батысында – Самарқанд, 

оңтүстігінде – Ба-

дахшан шекара-

сы таулары, сол-

түстігінде бұрын 

Алмалық, Алматы 

және Янга сияқты, Та-

разкент кіта бында аты атала-

тын қа лалар болғанымен, 

оларды моңғолдар қи-

ратқан, сөйтіп, онда 

тіпті елді мекен қал-

маған». Бұл жайттан 

аңғаратынымыз, мұнда 

сөзсіз, болашақ Алматының 

орнында орналасқан және Алмату 

атауымен аталған ортағасырлық қала 

туралы сөз болған.

Тағы бір дерекке көз жүгіртейік. 

Алматы жайлы Бабырдың замандасы, 

«Тарих-и Рашиди» шығармасының 

авторы Хайдар Дулати Тимурдың 

Қамараддинге қарсы әскери іс-

әрекеттеріне байланысты Қара-Қасман 

(Қастек) қала жұртының шығысындағы 

Алматы қаласының орны туралы 

мәлімет жазып қалдырған. 

Рашид-ад Диннің (1274-1318) 

«Жами-ат тауарих» атты еңбегінде 

келтірілген Оғыс хан туралы «ислам-

данған» нұсқада Алматы аумағы тура-

лы анағұрлым ертеректегі ескертулер 

мәнісі өте қызық. Тарихшы шамамен 

Х-ХІ ғғ. өткен оқиға туралы, онда Оғыз 

ханның өзінің бір сапарында Алатауға 

және Алматы аумағына дейін барғанын, 

Аққайың (Ақтерек) деген жерде 

ардагер-әскерлер тобымен кездескенін 

жазады. Іле Алатауы бөктеріндегі Ал-

маты туралы әңгіме болған. Осы-

лайша  жо ғарыда 

к е л   т і р і л г е н 

орта ғасырлық 

жазба  де рек-

тердің  жиын ты-

ғы бү гінгі Алматы қаласы 

аумағындағы жергілікті 

«Алмату» қа ласы екенін 

растай түседі. Соңында 

Алмату қаласы туралы 

талассыз мәліметтер 

нумизматикалық де-

ректермен дәлелденді. 

Бұрынғы Шекарашылар 

учи лищесі қазіргі «Әскери институт» 

орналасқан көне қалашықтың ау-

мағынан теңгелер (монеталар) табыл-

ды. Алдымен мамандардың қолына екі 

күміс теңге түсті. Олар бір тұрпаттас 

болды. Әрқайсысында екі таңбадан 

бейнеленген. Көңіл аударатын бір жай, 

теңге жағынан өте белгілі Шағатай 

әулетінің таңбасы осы уақытқа дейін 

кездеспеген, дирхемдегі мерзімге 

қарағанда 670/1271-72 жж. 706/1306-07 

жылдары Шағатай әулеті сарайындағы 

12 күміс теңге Алматы теңге сарайында 

жасалған. Онда «Болад Алмату» деген 

жазу бар. Ол 1271-1272 жж.-Мас’уд-

бектің ақша реформасы жүргізілген 

жылдар болып шықты.

Алматы ақша сарайында соғылған 

шағатайлық тиындардың табылуы 

бұл фактінің өзінің нумизматикалық 

маңыздылығымен қатар кейбір жал-

пы тарихи тұжырымдар жасауға жол 

ашады. Сонымен қатар ХІІІ ғ. соңына 

жататын тиындағы Алматы атауын 

бүгінгі күнге дейін кездескен жаз-

хат жолдарынан

Кітапханашы – мәртебелі мамандық



Кітапхана дүниеде ештеңе 

теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, 

ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының 

керуенін сүріндірмей әкеле жатқан 

шырағы биік,  парасаттылық пен 

білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы.

Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие 

мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын 

табуға болатын сиқырлы да киелі орда. 

Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысы-

на толы адамзат ойының жемісі, қоғамның 

мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, 

қайнар бұлағы. Мәдениет пен өнер ұлы 

болмайынша, ұлт ұлы болмайды деген-

дей, егеменді мемлекетіміздің болашағы 

жастардың мәдени танымдық қабілетін 

қалыптастыратын мәдени ортаның бірі 

кітапхана болып табылатынын бүгінде 

білмейтін адам кемде-кем.

Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы 

мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу 

мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп 

елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның 

кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-

тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан 

кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз.

Қасиетті қазынамызды көздің қарашы-

ғындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жара-

тып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абы-

ройлы мамандық иелері. Кітапханашылар 

білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуы-

на өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге 

айналуымыздың негізін қалауда.

Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, 

қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін 

шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті 

ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, 

ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, парасатты 

кітапханашылардың орны өзінше бір бөлек.

Кітапхана саласы ақпарат және білім 

орталығы ретінде, ақпаратты беру мен табу, 

іздестіру жолдарын білуде кітапханашы ма-

мандар бірінші кезекте, жоғары ақпаратты 

біліммен қаруланған, өз ісінің шебері, 

әмбебап маман болу керек.

Кітапханашының жұмысы жаңалыққа 

құмарлықтан басталады.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің негізі қаланған күннен, 

университеттің кітапханасы 1948 жыл-

дан бастап кітапхана атына ие болып, 68 

жылдық тарихымен жоғары оқу орындары 

арасындағы беделді мекенге айналып отыр. 

Осындай жерде қызмет атқаратын 

білімді, парасатты мамандарды дайындауда 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің «Кітапхана ісі» мамандығы 

бойынша маман даярлауда еңбегі орасан 

зор. Өз тарихында мыңдаған мамандар 

даяр лап шығарды. Кітапхана мамандығын 

бітір гендердің көпшілігі аудандық, қалалық, 

облыстық, республикалық және басқа да 

техникалық, ғылыми кітапханаларда  беделді 

қызметтер атқарып жатқанын зор ықыласпен 

айта аламыз. 

Өмірде өз жүрек қалауымен таңдаған 

мамандығын өмір бойы сүйіп өтетін жан-

дар болады.  Мен өзім осы оқу ордасының 

«Кітапхана ісі» мамандығының түлегі 

бол ғаным үшін, осы университтеттің ғы-

лыми кітапханасында қызмет жасап жат-

қанымды мақтанышпен айта аламын. Сан 

түрлі мамандықтар бар, бірақ кітапханашы 

мамандығы өзінің өте қызықты да, тартым-

дылығымен ерекшеленеді. Себебі күн сайын 

жаңалыққа толы сәттер, яғни жаңа келген 

газет, журналдар, жаңа кітаптар және күн 

сайын келіп кітап алып жатқан оқырмандар, 

оқытушылар, қызметкерлер легі толаста-

майды. 


Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың 

жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне 

икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ 

асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор 

шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді.

Кітапханашының еңбегі қоғам мен 

мемлекеттің дамып, өркендеуіне өте қажет 

әрі маңызды мамандық екендігін ешкім 

жоққа шығара алмайды.   

Бақыт ӘБдІРАХМАНҚыЗы,

ҚазМемҚызПу ғылыми 

кітапханасының қызметкері

АЛМАТЫ


АлмАты – АлАтАудың

әкімі Алик Айдарбаев мырза да қолдау 

көрсетті. Соның нәтижесінде мешітті 

қалпына келтіруге Алматыдан арнайы 

мамандар шақырылды. Бекет атаның 

Тобықты мешіті – еліміздің мемлекеттік 

қорғауында тұрған ескерткіш. 

Ал 2013 жылы Ақтау қаласында 

қызмет жасайтын «КА-Строй ЛТД» 

деген құрылыс компаниясының Бас 

директоры Сәкен Есенкелдіұлы деген 

азамат келіп, Тобықты мешітінің жай-

күйімен жан-жақты танысты. Не қажет 

екенін анықтап, бәрімізбен ақылдасты. 

Ол – Қазақстанның гүлденуіне өз 

үлесін қосып жүрген азамат. Қаншама 

маңызды ғимараттарды салғанын естіп 

жүрміз. Осындағы қызметшілер лайықты 

қызмет істеуі үшін және зиярат етуге 

келушілердің қолайлы орналасуы үшін 

барлық жағдайды жасап, төрт бөлмелі, 

аумағы үлкен ақ шаңқан үй салып берді. 

Жылу жүйелерін орнатты, не керек, қыста 

жылы, жазда қоңыр салқын болып тұруы 

үшін барлық жағдай жасалды. Тіпті үйдің 

ішіне қажетті су жаңа кілемдер мен көрпе-

жастығына дейін сыйға тартты. «Келешек-

те газ тартып береміз, соған дейін дайын 

тұрсын» деп газ жағатын қазандықты да 

орнатып кетті. Тамақ пісіретін орындар 

жасалды және су жылытатын қазандар да 

қаз-қатар орнатылды. Үйдің төңірегіндегі 

адамдар жүретін жолдар жасалып, асфальт 

төселді. Жуынып-шайынатын, дәрет ала-

тын орындар бар. 

Мешітке дейін баратын жаяу жүргін-

шілерге арналған 350 метрдей жолды да 

тастан соғып берді. Жауынды күндері 

аяғың балшыққа былғанбайды. Қай 

адам да таза жолмен тап-таза күйінде 

барып келеді. Сәкен Есенкелдіұлының 

осындай елдің құрметіне бөленген 

еңбегін осы өңірдің тұрғындары жоғары 

бағалайды. Себебі құрылыс жүріп 

жатқан кезде ауыл тұрғындары келіп

көріп жүрді. Қуаныштарын жасырма-

ды. Үлкен азаматтық танытқан Сәкен 

Есенкелдіұлының әке-шешесіне, отба-

сына, бала-шағасына алғысымызды ай-

тамыз. «Жақсы ортақ, әулие ортақ» деген, 

Алла ісін қолдап, Бекет ата жар болсын 

дейміз. 


А.БӘйМЕНТЕГІ

Маңғыстау облысы

Тобықты мешіті

– Мешіт аумағы үлкен сайдың ішінде 

тұр. Алыстан көз салсаңыз, теңіз де ақ кеме 

жүзіп бара жатқандай көрі неді. Атауына 

сәйкес адамның тобы ғына ұқсайды, – деп 

сөз бастаған Қ.Аққұлұлы әрі қарай әңгіме 

түймесін ағытты: – Тобықты мешітінің 

өзіндік ерекшелігі бар, екі ғасыр бойы су 

 шайып, құлап қалмай тұрғанын, ниеті оң 

емес адамдарды жақтырмай, алдарынан 

жыландар шығып, жолын кес-кестеп 

кіргізбейтінін, соншама адам келіп, ата 

рухына тағзым етіп, көпшілігінің тілегі 

орындалуын, түнде мешіттен жарық 

шығып тұратынын айрықша қасиеттері 

дер едім.

Мешіт тастың ішін қашап жасалған. 

Ішкі жағы екі бөлмеден тұрады. Бірінші 

бөлмесі қазақтың бес қанатты киіз үйінің 

көлеміндей. Қызан деген ауылда тұратын 

мұғалім қыз осыны зерттеп, зерделеп, 

байқауға қатысып, облыс бойынша 

бірінші орын алды, республикада екінші 

жүлдеге ие болды. Ол бөлменің ішін 

арнайы құралдармен өлшеп шықты. Ал 

екінші бөлмесі кішкентай ғана. Бұл Бе-

кет атамыз сапардан шаршап келгенде, 

демалатын және Алла Тағаладан елдің, 

халықтың амандығын тілеп, намаз оқитын 

орны екен. Ертеде бөлмені жылыту үшін от 

жағылған ғой, соған орай жоғарыда ашық 

тұрған, адам сиятындай ғана түтіндігі бар. 

Осы мешітке имам болып келгеніме биыл 

алтыншы жыл. Кейде жаңбыр көп жауса, 

мешіттің іші суға, қарға толып қалды-ау 

деп алаңдаулы көңілмен келіп қараймын. 

Бір байқағаным, қанша қар, қанша 

жаңбыр жауса да, түндіктен ішке түсетін 

жауын көп дегенде бір құман судай бола-

ды. Адамның аяғына ызғар білінетіндей 

ылғал түседі. Халықтың айтуынша, Бекет 

атаның қай мешіті де Алланың назары 

түскен жеріне салынған.  Зерттеушілер де 

осы тұжырымды қолдайды. Жұлдызбен 

байланыстырушылар да бар. Соның бәрі 

мешіттің ерекшелігі.

– Осы мешітке арнайы келетін адам-

дар көп пе?

– Қысқы мерзімде зиярат етушілердің 

қатары көп бола қоймайды. Жазда адам 

үзілмейді. 

Кеңес дәуірінде мешіт қараусыз 

қалып, мүлдем жойылып кетуге шақ 

қалған еді. Мұндай жерге баруға тый-

ым салынды. Ал еліміз өз тәуелсіздігін 

алған соң, ұлттық құндылықтарымыз 

қолға алына бастады. Халық өзінің ислам 

дініне бет бұрды. Алғаш рет Шебір ауы-

лында тұратын, Маңғыстау ауданының 

Құрметті азаматы, 85 жастағы қадірлі 

ақсақалымыз Есмырза Жаңбыршиев 2001 

жылдан бастап Бекет атаның Тобықты 

мешітін қалыпқа келтіруді қолға алып, 

қасиетті орынға ел-жұрттың, биліктің 

назарын аудартты. Аудан, облыс бас-

шыларына үздіксіз өтініш жаза жүріп, 

дегеніне қол жеткізді.  2004 жылы жөндеу 

жұмыстары қайта жүргізілді. Сол кезде 

зиярат етушілер үшін мешіт жанынан 

бір бөлмелі үй салынған еді. Алайда, әлі 

жұпыны болатын. 2012 жылы Маңғыстау 

ауданының әкімі болып тағайындалған 

Жармағамбет Айтуаров оң көзқарас таны-

тып, бұл жердің талапқа сай болуына үлкен 

ықпал етті. Оған дейін ауызсу мен электр 

жарығы болмаған еді. Аудан басшысының 

қолға алуымен сумен қамтамасыз етілді, 

электр желісі тартылды. Бұл істе облыс 



Халықтың діни сауатын ашу жолында Бекет атаның елге сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. 

Адамдарды ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында бес жерге мешіт салған. 

Оның төртеуі қазақстан аумағында, нақты айтқанда, бірі құлсарыдағы Ақ мешіті, одан 

бері келсек, Бейнеуде бір мешіті бар. Маңғыстау ойындағы тобықты мешіті және бірі 

Оғыланды шатқалында орналасқан. Ал бесінші мешіт қазір Өзбекстан мен қазақстан 

шекарасында, көрші ел жағында қалып қойып отыр.    

Соның ішінде Бекет атаның тобықты мешіті Маңғыстау ауданының Бозащы түбегінде 

орналасқан. Бұл Ақтаудан 240 шақырым жерде. Бір жағында қаражамбас, қаламқас, 

мына жағында тасорпа кен орны бар. Мешіттің төңірегінде бірнеше елді мекен 

орналасқан. Біз осы өңірге барған сапарымызда Бекет атаның жетінші ұрпағы, тобықты 

мешітінің шырақшысы қуандық АққҰлҰлыМен жүздесіп, біраз жайға қанық болдық.

12

№20 (1330) 

19 – 25 мамыр 

2016 жыл


АНА ТІЛІ

«ана тілінің» галереясынан



Әбдуәли тӨлеБИев – суретші. 

1953 жылы туған. 1975 жылы Абай 

атындағы Қазақ педагогикалық 

институтының сурет-графика 

факультетін бітірген. Ш.Уәлиханов 

атындағы тарих және археология 

институтында суретші-археолог, 

«Өнер» көркемсурет комбинатында 

суретші, Қазақ политехникалық 

институтында ұстаз болып еңбек етті. 

Бүгінде Қазақ Бас Сәулет-құрылыс 

академиясында аға оқытушы, доцент, 

профессор.  1983 жылы Мәскеу 

қаласында жеке көрмесі өткен. 2011 

жылы Қазақстан Республикасы 

Мәдениет қайраткері атанды. 

КСРО-ның, Қазақстан Республикасы 

Суретшілер одағының және Қазақстан 

Республикасы дизайнерлер одағының 

мүшесі. Туындылары көптеген 

халықаралық және республикалық  

көрмелерге қатысты.

Құрылтайшы және шығарушы: 

«қАзАқ ГАзеттеРI» 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Бас директор – 

Редакторлар кеңесiнiң төрағасы 



Жұмабек КенЖАлИн

қабылдау бөлмесi 394-42-90 

жарнама бөлiмi 394-41-27

kaz_gazeta@mail.ru

www.kazgazeta.kz

Бас редактор 



Самат ИБРАИМ

Бас редактордың 

бiрiншi орынбасары 

нұрперзент ДОМБАЙ

Бас редактордың 

орынбасары 

Дәуіржан тӨлеБАев

Бөлiм редакторлары:

Ақбота ИСлӘМБЕК – Тіл мәселелері және мәдениет

Бағдагүл БАлАУБАЕВА – Білім және ғылым

Аян МЕЙРАШ – Әлеумет және ақпарат




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет