Сене күресіп келе жатқан жауынгер басылым



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата06.03.2017
өлшемі2,08 Mb.
#7837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

дәуір дауысы

БәреКелді!

тәлім

Әпердім Әзіреттің тайқазанын,



Сауыт жыртып, оқ тиді қарынымнан, – 

деген жыр жолдары дәлел.

Бұл жырды Майлықожа да қуаттайды:

Азғана заман атысып,

Қорғап қалдың ерлікпен

Түркістан шаһар қамалды.

Жекеге шыққан уақытта,

Жеткізді оңнан шамалды.

Жекеге кіріп ат шаптың,

Батырлық бағың жамалды.

Бұқардан алдың ерлікпен

Батырбасы амалды, – дейді ақын Мәде-

лінің Түркістандағы көрсеткен жан қиярлық 

ерлігі туралы.

Ата қоныс, туған жер, өскен ел мүд-

десі үшін билікке қарсы қаншама ауыр 

күрестерді бастан өткеріп, қуғын көрген 

батыр-ақын өзінің көңілін толқытқан ойды:

Құдая, өзің оңда бұл ісімді,

Дұшпандар көріп жүрсін күлісімді.

Өзім де әділет үшін қызмет еттім,

Ел үшін қанға бояп қылышымды, – деп 

өрнектейді. Оңтүстік өңірді орыс отар-

шылдары жаулап алған кездегі елін, жерін 

сүйген патриот ақынның реніш-наласы да 

оқырманына өзгеше әсер етеді:

Өзен Сыр, қаласың-ау енді менен,

Күдер үзіп отырмын мен де сенен.

Енді маған сен де қоныс бола алмайсың,

Үстіңе орыс келген от кемемен.

Орыстың от кемесі өрге жүзді,

Ақыр алмай қайтеді тұрсақ бізді?!

Аралап аралыңнан ағаш кесті

Енді сенен Мәделі күдер үзді.

Мәделі Бұқар барып қоныс алар,

Бір жылдан соң бұл жерді орыс алар,

Шымкент пенен Түркістан, жеті кентті

Асып барып Тәшкенге қолын салар.

Мәделінің батырлығы мен ақындығы 

жыр алыбы Жамбыл Жабаев, Майлықожа, 

Арын, Жолбарыс Майлықожаұлы, Кейкі, 

Кенжеқожа шығармаларында кеңінен 

дәріптеліп, молынан суреттеледі. 

Мәделі батыр ағамыз –

Жаудың оғы өтпеген,

Ақсауыт алтын жағамыз,

Арыстан тұлға білегің,

Қайтпаған жаудан жүрегің,

Дау менен жауға келгенде,

Қолдайтын кәміл пір едің... – деу 

арқылы Мәделінің ержүрек батырлығын да, 

би-шешен, ақындығын да қатар атаса, ұлы 

жырау Жамбыл ақынның: «Дала жыршысы, 

ел сүйіктісі – Мәделі ақын» деп жоғары 

бағалауы жайдан-жай емес.

Ақын шығармашылығының үлкен бір 

саласы оның Ұлбикемен, Айым қызбен, 

Майлықожамен айтыстары, сондай-ақ 

Майлықожа, Жанкел, Бұдабай, Күдері, 

Ұлбике секілді ақындармен, Майлықожа, 

Б а й ы р б е к ,   Қ ұ л ы н ш а қ   с ы н д ы   ө н е р 

саңлақтарымен сөз жарыстары, ой 

қағыстары халыққа кеңінен танымал.

Сөз соңында мына жайтты айта кетуді 

орынды санаймыз. Биыл еліміз өз Тәуел-

сіз дігінің 25 жылдығымен қоса, қазақ 

даласындағы ұлт-азаттық көтерілістің 

жүз жылдық мерекесін атап өтпек. Бұл 

ретте Қоқан хандығы дәуірі мен онан 

кейінгі патшалық Ресей бодандығы, 

Кеңестік заман тұсындағы жер-жерлердегі 

ә р т ү р л і   ү л к е н д і - к і ш і л і   х а л ы қ т ы қ 

қозғалыстарды, басқыншыларға қарсы 

наразылық-толқуларды айтпай кетуге 

болмайды. «Мырзаби оқиғасы» да сон-

дай көтерілістердің бірі. Ағылшынның 

XVIII ғасырда өмір сүрген әйгілі фило-

софы Эдмунд Берктің: «...Тарих дегеніңіз 

өмірден озғандар мен тірілердің және 

әлі өмірге келмегендердің одағы, бай-

ланысы» дегені бар. Сондықтан Қоқан 

дәуіріндегі, патшалық Ресей билігіндегі, 

Кеңестік кезеңдегі әйгілі Желтоқсан 

қозғалысына дейінгі барлық ұлт-азаттық 

көтерілістердің тарихи шежіресін жасап, 

зерделеп қойған жөн дер едік. Сонда бұл да 

біздің өткенмен, болашақпен одағымызға, 

байланысымызға септігі тиер еді.

Өйткені мұндай тарихи оқиға-

д е р е к т е р д і ң   к ө п ш і л і г і   х а л ы қ 

ақындарының жыр-дастандары мен 

өлеңдерінде, еліміз егемендігі тұсындағы 

жарық көрген көркем туындыларда 

баяндалған. Ендігі жерде тарихшыла-

рымыз бен саясаткерлеріміз, басқа да 

қоғамтанушы ғалымдарымыз осынау 

маңызды тарихи оқиғалардың әлеуметтік-

саяси, рухани-мәдени астарларын жан-

жақты жүйелегені абзал. Себебі, 1812 

жылдан басталған, 1858-64 жылдарда 

үдеп, 1916 жылдары қайта күшейген, 

көпшілігінің шығу себебі, тарихы әлі 

белгісіз болып айтылмай келе жатқан 

халықтық көтерілістер, жеңіліс тапса да, 

екі ғасырдан астам уақыт бойы жалғасып 

жатты. Бұл, әрине, азаттық аңсаған 

ұлттың еркіндік, тәуелсіздік, дербестік 

жолындағы үздіксіз болып отырған күресі 

еді. Сондай көтерілістердің едәуір бөлігі 

Сыр бойы, оңтүстік, Жетісу топырағында 

өтіп, онда Ақпан батыр, Жанқожа ба-

тыр, Молда Қошық датқа, Байзақ датқа, 

Шоқай датқа, Шойбек, Момынбек, 

Сыздық, Рүстем сұлтандар, Сыпатай, 

Саурық, Сұраншы, Тойшыбек, Мұсабек 

батыр, Мәделі, Ұзақ, Жәмеңке, Байсейіт 

сынды ерлер ұлт азаттығы, халықтың 

еркіндігі жолындағы көтерілістердің бел 

ортасында жүрді.

Сондықтан Мәделі ақын және оның за-

маны туралы айтқанда оның туып-өскен, 

өмір сүрген кезеңі атыс-шабыспен, аттың 

жалы, түйенің қомында өткен қоғамның 

өмір аясы тар, халқының бостандыққа зар 

болған алмағайып заманға сай келгенін 

айтқан абзал. Ол дәуірдегі батырды да, 

ақынды да, қайраткерді де өмір сахнасына 

әкелген сол заманның шынайы шындығы 

болатын. Зерек те зерделі, ар-намысты 

ерлер үшін ол кезеңде олай болмау мүмкін 

емес те еді.

нистр Арыстанбек Мұхамедиұлы өз 

сөзінде біздің ең бірінші мақсатымыз 

– Қазақстанның мәдениетін дүние 

жүзіне көрсету екенін тілге тиек етті. 

Еліміздегі тарихи оқиғаларды, мәдени-

рухани жаңғыруларды әлемдік тұрғыдан 

бағалауымыздың мәнісі зор екенін атап 

айтты. Қазіргі таңда ЮНЕСКО тізіміне 

енетін ежелгі қалалар бойынша, олардың 

тізімдерін әзірлеп, тарихи-мәдени һәм 

рухани тұрғыдан зерделеуге байланысты 

бірқатар іс-шаралардың атқарылуы жос-

парлануда. 



Танзия МЕдЕТ

тілемейді. Меніңше, бақытты өзіңнің 

төккен теріңнен іздеу керек. Осыны 

терең түсінген жан жалықпай жұмыс 

істеп, бақытқа қолы жетпек. Ғания 

Ғазизқызы өзі еңбек еткен саласында, 

яғни шәкірт тәрбиелеуде ғылым мен 

білімге қосқан үлесіне қарай еңбегі 

еленіп, еңбектен бақытын тапқан адам. 

Білім саласындағы ұзақ жылдар бойы 

жетістіктері үшін лайықты марапатқа да 

ие болған ұстаз. Сонау 1957 жылдары жас 

маман өзінің мұғалімдік қызметін ба-

стайды. 1961 жылы Ташкент қаласында 

«Орыс тілін оқыту мәселелері бойын-

ша тәжірибе алмасу» атты республика 

аралық ғылыми конференция өтеді. Сол 

жылы өз пәнінің білгірі, өзге тілді үйрету 

қабілетінің ерекшелігі ерте байқалған жас 

маман ретінде Ғания Ғазизқызы ҚазКСР 

атынан осы конференцияға жол тартады. 

Аз уақыт ішінде өз пәнін жетік меңгерген 

жас ұстаз конференция барысында 

төралқа төрінде орын алу мәртебесіне 

ие болған. Осы жолы Ғания Ғазизқызы 

«Орыс тілін оқыту тәжірибемнен...» 

атты стенд ұйымдастырып, еліміздің 

әр аймағынан келген әріптестері ор-

тасында тәжірибесімен алмасып, ой-

ларын ортаға салады. Бұл – екінің 

біріне бұйыра бермейтін үлкен құрмет, 

әсіресе, одақтас республика төрінде 

әртүрлі ұлт өкілдеріне қаршадай қазақ 

қызының өзге тілді өз тіліндей таза 

меңгеріп, оны басқаларға өз дәрежесіне 

жеткізуі үлкен табыс. Осылайша Ғания 

Ғазизқызы тұңғыш рет зор мақтаныш 

сезіммен елге оралады. 1963 жылы 

КСРО-ның «Халық ағарту ісінің озығы» 

төсбелгісімен марапатталады. 1966 жылы 

«Ерен еңбегі үшін» медаліна ие болады. 

1984 жылы «Халық ағарту ісінің үздігі» 

атанады. Бірнеше мәрте аудандық, 

облыстық білім беру бөлімдерінің 

мақтау қағаздарымен, сыйлықтарымен 

құрметтеледі. Тізетін болсақ, мақтау, ма-

рапат, алғыс хаттардың өзі бір кітап десек 

те болады. Есімі зор құрметпен аталатын 

Ғания Ғазизқызы жергілікті кеңеске 

депутаттыққа сайланады. Осы марапат, 

құрметтің бәрі – ерен еңбектің, төгілген 

маңдай тердің арқасы дер едім. Алла бер-

ген осы ғұмырының табаны күректей 41 

жылын бала оқыту ісіне сарп еткен ұстаз 

1998 жылдан бері құрметті еңбек дема-

лысында. Ғания Ғазизқызы «Еңбек және 

тыл ардагері» деген құрметке де ие. Ұлт 

баласын оқытудың майталманы санала-

тын, қазыналы қария есебінде аудандық 

мұражайда да есімі зор құрметпен орын 

алған. Бұл қуанарлық та, құптарлық та 

іс екен, себебі еңбегі еленген ерлерін 

осылайша, елі ұмытпай бағалап жатса, 

мақтан тұтса бүгінгі және келер ұрпаққа 

да үлгі болар еді.

Жарына адал жанның ғұмыры да 

ұзақ және шуақты болады деген бар. 

Жаны сұлу жары – адал Әшірғазы 

ағадай атпал азаматынан айырылса да 

жасымаған, соншама мақтау, марапат 

көрсе де тасымаған Ғания Ғазизқызы 

отбасы қамын, балаларының бағын 

ойлаған, ақылына сабырды серік еткен 

дана ана. Кешегі көркіне көз тоймай-

тын әсем қала Алматыдан келген ару 

қыз – бүгіндері ауылдың арқа сүйер 

ақылшы қариясы, балаларының аяулы 

анасы, немерелерінің сүйікті әжесі, 

мыңдаған шәкірттерінің алғысын 

арқалаған ұлағатты ұстаз. Барша білім 

алған шәкірттері «Ол – біздің Ғания 

апай» деп мақтаныш тұтады.

Сөз соңында айтарым, «Барын 

бағалаған,қазыналы қартын қадір-

леген елге бақ қонады» деген бар халық 

даналығында. Қашанда ұлты мыз-

дың ұлыларын ұлықтау және ұстаз-

дарымызды ұмытпау – парызымыз. 



Рыскен ӘБІШЕВА

АЛМАТЫ


Ежелгі қалаларымыз 

ЮНЕСКО тізіміне енбек

Біздің 

Ғания апай



С о ң ғ ы   у а қ ы т т а р д а ғ ы   е р е к ш е 

атап өтерлік жаңалықтардың бірі – 

елі міздегі ежелгі қалалар ЮНЕСКО 

тізіміне енгізілуі мүмкін. Қазақстан 

Республикасының Мәдениет және спорт 

министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 

осы мәселеге арналған басқосуда бұл 

қадам тарихи құндылықтарды қаз 

қалпында сақтауға мүмкіндік беретінін 

атап өтті. ЮНЕСКО ұйымының комис-

сиясы тізімге енгізілетін аймақтардың 

жай-күйін саралады. Жиын бары-

сында ЮНЕСКО мен Қазақстанның 

б і л і м   ж ә н е   ғ ы л ы м   с а л а с ы н д а ғ ы 

әріптестік жайы да сөз болды. Ми-

Ә н ш е й і н д е   ө з г е   м ұ ғ а л і м н і ң 

сабағында мазасыздық танытатын 

оқушылар Ғания апайдың сабағында ты-

ныштала қалатын, не құпиясы, қандай 

әдісі барын кім біледі деп, мұғалімдер 

ұжымы былай тұрсын, бүкіл ауыл адам-

дары да таңғалысатын. Бұл ұстаздың 

ешкімге ұқсамайтын бір қыры бол-

са керек. Сонда Ғания апайдың да-

уыс көтеріп, я болмаса баланың на-

мысына тиіп, ашуланғанын көрмей-ақ 

мектеп бітірдік. Сабақ басталысымен 

тыныштық орнайды, кабинеттен тек 

ұстаздың дауысы ғана естіліп тұратын. 

Бір қызығы, басқа сабақта естілмейтін 

шыбынның ызыңын Ғания апайдың 

ғана сабағында еститінбіз. Сабаққа 

қызыққанымыз сондай – мұғалімнің әр 

сөзін ыждаһаттылықпен тыңдайтынбыз. 

Тапжылмай отырып, уақыттың қалай 

өткенін де байқамай қалушы ек. Осын-

дайда қызықты эпизодтар еске түседі. 

Ғания Ғазизқызының екінің бірінде бола 

бермейтін жақсы қасиеті сол – ол кісінің 

сабағынан өзімізді құдды бір кино көріп 

шыққандай сезінетінбіз. Өзі де өте баяу 

және тартымды қоңыр дауысымен әдепті 

сөйлейтін. Ұстаздың әр сөзін мұқият 

тыңдап, санамызға сіңіріп алушы едік. 

Ғания апай шығармалардағы ұнамды, 

ұнамсыз кейіпкерлерді, олардың 

жағымсыз іс-әрекеттерін көз алдымызға 

елестете отырып әңгімелейтін, сабақты 

жеңіл, түсінікті тілмен әрқайсымыздың 

жүрегімізге жеткізе, әсерлі етіп 

суреттейтін. Соның бір дәлелі – соншама 

жыл өтсе де мына бір сабақ есімде қалып 

қойыпты. Мұғалім И.С.Тургеневтің 

«Муму» атты әңгімесін түсіндіріп 

тұрған-ды. Дәл сол күнгі сабақта көз 

жасымды көлегейлей, тұншыға отырып 

жылап алғаным да есімде. Әлі күнге 

дейін бейкүнә мақұлықтың азапты сәті, 

ақсүйек әйелдің қатыгездігі, дәрменсіз 

Герасимнің күйі есімнен кетпейді. Сол 

сәтте менің де бала күнімдегі осы ған 

ұқсас сүйкімді қара күшігімнің басынан 

өткен бір оқиға есіме түссін. Мумудың 

қасіретін ұмытпайтын да себебім содан 

болар. 

Ең бастысы – ұстаздың сол оқиғаны 



жүректі селт еткізіп, шебер жеткізуі. 

Мен бір ғана сабақ жайында қысқа 

қайырдым, әр сабақ осылайша бірі-

біріне еш ұқсамай, қызықты өтетін. 

Бәрін бірдей бір күнге, бір әңгіме аясын-

да баяндау мүмкін емес, әрине. Ғания 

апай осылайша өз ісін, өз мамандығын 

шын мәнінде жақсы көріп меңгерген 

ұстаз, яғни игілікті іс атқарды, халықтың, 

шәкірттерінің мүддесінен шыққан 

адам. Екіншіден, көркем мінезімен, 

мейірімділігімен шәкіртінің жүрегіне 

жол таба білді. Алдындағы оқушысының 

білімін әділ бағалайтын ұстаздан біз де 

көп нәрсені үйрендік. «Бала, баланың 

ісі шала» деген, біреу бірдеме бүлдіріп 

жатса әлгі баланың құлағына сәл ғана 

бір нәрсе айтқандай болады. Оны еш 

жан естімейді де, бірақ сол сотқардың 

шекесіне дейін шиедей болып қызарып 

кететін, яғни балаға ұялатындай сөз әсер 

еткені. Хан айтқанды қара да айтады, 

дегенмен, аузы дуалының сөзі жүрекке 

жетеді. Ғания Ғазизқызы адамға тән 

құндылық атаулының бәрін болмы-

сынан танытқан, пайдалы үш нәрсені 

де бойында қалыптастырған, сөйтіп, 

бақытын тапқан адал жан. «Шәкіртсіз 

ұстаз – тұл» деген, апайдың алдынан сан 

мыңдаған шәкірт өтті, есейіп, ержетті, 

өмірдің жаңа белесіне қанат қақты. 

Түлектерінің көбі бүгінде жоғары оқу ор-

нын бітіріп, әр салада еңбек етуде. Уақыт 

шіркіннің тізгінін кім ұстап тұрған, 

солардың бірі – мына біздер өмірдің сан 

қилы белестерінен бірде күйініп, бірде 

сүйініп өтіп жатырмыз дегендей. Енді, 

міне, еңбек демалысына шығатын зей-

неткер жасқа да келдік.

 Бақытты алыстан іздеп, көктен 

сыз жанжал, нақақ қантөгіспен қатар жүріп, 

халыққа ешуақытта тыныштық әкелмеді. 

Ешбір хан халық пайдасына деп бір іс істеп, 

болмаса жөнді нәрсе қалдырған жоқ. Олар 

тек өз басының амандығы, ойын-күлкі 

сияқты хандықпен үш қайнаса сорпасы 

қосылмайтын істермен өмір кешті, уақыт 

оздырды... ханға қарсы сөйлеген адамға 

өлім жазасы кесіледі екен. Онда қай муф-

ти, молда, ғалым ханның бетіне келіп 

кемшілігін айта алсын. Олардан не үміт, не 

қайыр күтуге болады».

Шындығында да, ХІХ ғасырдың 58-59 

жылдары Қоқан хандығының билігі оңтүстік 

өлке қазақтарына жасаған жауыздық 

әрекеттерінің шектен тыс өршіген, тым 

күшейген сәті Сүйінбай ақын: «...Зорлық 

қып алған көп малды Әндіжанға айдатты. 

Қол аяғын кісендеп, көнбеген ерді бай-

латты. Қауызын әлі жармаған, Сұлуларды 

зорлапты. Араша тұрар пенде жоқ, Еліңді 

сөйтіп қорлапты» деп күйіне жырлай-

тындай қиын кезең болатын. Хандардың 

халыққа алым-салықтың неше алуан 

түрлерін салғанына қарамай, оларға қоса 

бойжеткен қыздарға салық салуды ойлап 

табуы, мұны өз еркімен орындамағандарды 

жазалауы, қыздарын зорлап, намысын 

қорлауы жергілікті халықтың ашу-ызасын 

туғызды. Сол тұста Ордабасыға келген 

Ташкент бегі Мырзахметтің інісі Мырзаби 

бастаған зекетшілер тобы оңаша жерге 

отау тігіп, кезекті ойрандарын салып, 

қазақтың ажарлы қыздарының абыройын 

төгуі, олардың ата-аналарын қанжылатуы, 

өрімдей жас арулардың көзінен жасын 

ағызуы ел ағаларының, халықтың қамын 

ойлаған батырлардың намысын қоздырып, 

өшпенділігін арттырды. Сонан атқа қонған 

Менің бүгінгі айтылар әңгімем, мектеп 

қабырғасында жүргенде білім берген 

ұстазым жайлы болмақ.  

Ғания Ғазизқызы Шоқанова Жамбыл 

облысы, Меркі ауданы, «қостоған» 

орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі болып ұзақ жылдар 

ұстаздық қызмет етті. Біз сол 1970-73 

жылдары жоғары класта оқып жүрген 

кезімізде аталған пәннен сабақ берді.

сөйлеуден, 

асыл дәстүр. Мұны кез келген іргелі діннің 

қағидат-қисындары гуманистік абзал іс 

ретінде бағалайды. «Елдестірмек – елшіден» 

демекші, біздің ұлттық дәстүрімізде де 

жарастыру ежелден бар әдет-ғұрып жолы, 

халықтық дипломатияның қайнар бастауы. 

Мұндай жұмыс елшілік қызметпен қатар 

саналған.

Ақын:

Ұл туса ата безер өзім деме,



Жақсыны жат, жаманды көзім деме.

Битке өкпелеп тоныңды отқа салма,

Бақтияр өз етіңді өзің жеме.

Дулатқа аға болдың құдай қалап,

Мақтауға әрқалайда тұрсың жарап.

Арқада Шоң, Торайғыр жауласқанда,

Өлеңмен елдестірген ақын Жанақ, – 

деп, қазақ қоғамында, Сарыарқада бұдан 

бұрын орын алған осы секілді оқиғаны еске 

түсіреді.

От ауызды, орақ тілді ақын өз зама-

нын дағы ақындар (Махамбет, Шернияз, 

Жанкісі, Шортанбай, Мұрат, т.т.) сияқты 

күн делікті өмірдің ащы шындығын, ха-

лықтың күйзелісін көре білді. Ол қоқаңдаған 

Қоқан билігінің, одан соң одыраңдаған 

орыс отаршылдарының қазақ даласы-

на (жеріне) салған ойранын, оның ұлт 

болашағына, халықтың өмір сүруіне орасан 

зор қасірет болғанын ашық та батыл айтады.

Ақ патша әділмін деп сендіріп тұр,

Аузынан шыққан сөзін ем қылып тұр,

Ой мен қыр, жер мен суға ие болып,

Әр жерден қазық қағып, белгі ұрып тұр.

Қарыстап қара жерді бөлдіріп тұр,

Көнбегенді күшпенен көндіріп тұр,

Қарсыласқан түсер деп тас қамалға,

Төбеңнен зеңбірегін төндіріп тұр, – 

дейді ақын момын халықтың ауыр хәлі 

жайында.


Мәделі ақын өлеңдерінің басым көп-

шілігі хандық билік өкілдеріне, ағайын-

туысқа, өзінің жақын-жуық, таныс-

білістеріне, отбасы мүшелеріне арнал-

ғандықтан, соған орай оларда әртүрлі адам 

мінездері – жақсылық пен жамандық, 

адамгершілік пен қатыгездік, қуану мен 

қайғыру, сүйіну мен күйіну, ұнату мен жек 

көру сынды қасиеттер әсерлі суреттеледі, 

игілікті істер дәріптеледі, келеңсіздіктер 

сынға алынады. Ақын «Қоқан ханына 

айтқан өлеңінде»:

Бұл жерден үш жұрт өтіпті,

Парсы дари – қызылбас.

Ақтабан ноғай, қалмақ-ай,

Төртіншісі біз едік

Бізге де түсті салмақ-ай!

Бектеріңнің қорлаған

Қорлығына шыдамай,

Көшті елім жапа-тармағай.

Адамға тән ар-ұят

Бектеріңде қалмады-ай!

Атадан қалған жол ма еді?

Қу нәпсіге құл болып,

Хайуандай тоят алмақ-ай?!

Біз білмейтін болмаса,

Шариғатта бар ма жол?

Қыздан зекет алмақ-ай?» деп Қоқан 

ханы бектерінің халыққа көрсеткен 

қорлығын, жауыздық іс-әрекеттерін ашық 

сынап, қыздарға салық салу заңы ешбір 

шариғат амалдарында болмағанын айтады.

Академик-жазушы Сәбит Мұқанов 

«Халық мұрасы» атты еңбегінде: «...XVIII 

және XIX ғасырларда қожалар арасынан 

дарынды ақындар да шыққан. Мысалы, 

Арқада – Шортанбай, Торғайда – Серәлі, 

Жетісуда – Жарылғасын мен Жүсіпбек, 

Сырдария бойында Мәделі мен Майлы. 

Бұлар... қазақтың халықтық өмірінен та-

лай шындықты ақтарып, арттарына то-

лып жатқан елеулі мұралар қалдырған», 

– деп жазады. Бұл рас сөз. Өйткені Мәделі 

шығармашылығы, классик-қаламгер 

атағандай, қазақтың халықтық өмірінен 

талай шындықты ақтарады, ел өмірінің 

шежіресін танытады. Ақын өзі суреттеген 

халық тұрмысының барлық сатыларындағы 

оқиғалардың бел ортасында жүреді. Оны 

өз көзімен көріп, оған белсене қатысады. 

Көрген-білгенін өлең сөздің құдіретімен 

өрнектейді. Мәселен, Мәделінің бірсыпыра 

шығармалары ақын өскен өңірдегі «Мыр-

заби оқиғасына» байланысты туғанын 

байқаймыз. «Мырзаби деген бек шықты», 

«Аман бол, Қосжарсуат, туған жерім», 

«Орыстың от кемесі өрге жүзді», «Тұрмысың 

аман-есен, Ордабасы», «Өзім де әділет 

үшін қызмет еттім» секілді біраз өлеңдері 

жоғарыда аталған атышулы оқиғадан соң 

дүниеге келген. 

Мұны ақын жырының өзі айтып тұр: 

Қараағашты Тәшкеннен,

Мырзаби деген бек шықты.

Екі иінін жеп шықты,

«Қатын менен қызыңнан

Зекет бергін» деп шықты.

Ордабасы басында,

Қотырбұлақ қасында,

Жер астынан жік шықты.

Қаһарын шашып халыққа,

Екі құлағы тік шықты.

Оның қылған ісіне,

Ел денесі түршікті.

Желкеге шашын түйгізіп,

Еркекше киім кигізіп.

Жасырып қыз бен әйелін,

Көшкелі беттеп жұрт шықты.

Көштің бетін қайырып,

Ақ білек ару қыздарды,

Ата-анадан айырып.

Көзінен жасын ыршытты, – деп ақын 

Мырзаби нөкерлерінің ылаңын айта келіп, 

олардың іс-әрекеттері шектен асқан соң 

халықтың арасынан ел намысын қорғайтын 

ерлер шыққанын, солардың ішінде өзі де 

болғанын, олар Қарабастау жанындағы 

Ақбұлақтың басында шариғаттың үкімі 

бойынша Қоқан ханы зекетшілерінің басын 

алғанын баяндайды.

Бұл кезеңді имам Құрбанғали Халидұлы 

1910 жылы қазанда «Өрнек» баспасынан 

жарық көрген «Тауарих хамса» (Бес та-

рих) атты еңбегінде былай деп баяндайды: 

«Ферғана хандарының таққа отыруы орын-

Мәделі, Мұсабек, Рысқұлбек сынды ел ба-

тырлары бастаған сарбаздар зекетшілерден 

кек алудың, тобасына келтірудің бірден-бір 

жолы – олардың көзін жою деп шешеді де, 

сол ойларын жүзеге асырады. Соңынан 

бұл көтеріліс Қоқан билігінің жазалаушы 

жасақтарының күшімен басып-жаншыла-

ды. Көптеген қазақ ауылдары жан-жаққа 

үдере көшті. Ал Мәделі Бұқар әмірлігінің 

аумағына жер ауып, біраз жыл бой тасалай-

ды. Бұған ақын қаламынан туған бірнеше 

өлеңдері дәлел.

Айталық, «Тұрмысың аман-есен, Орда-

басы» өлеңінде:

Тұрмысың аман-есен, Ордабасы,

Не көрмес тіршілікте бастың жасы.

Алдынан қыз-қатынды шұбыртқан соң,

Қоқанның қырғын тапты бозбаласы...

Арыстың суы ағады жарыменен,

Байлар қозы тасиды нарыменен.

Өлтіріп Мырзабиді, өтін алып,

Қолымның ет асадым қаныменен! – 

дейді ақын Мырзаби жасауылдарының 

өлім құшқанын суреттеп. Келтірілген өлең 

үзінділерінен Мәделінің ақындығымен қоса 

батырлығын да айқын танимыз.

Оның нағыз ержүрек батырға тән 

өрлігін, жаудан тайсалмайтын ерлігін 

шығармаларынан жиі байқаймыз. Айталық, 

жоғарыда атаған «Қоқан ханына айтқаны» 

атты өлеңіндегі:

Шындық сөзді сөйлеуден,

Тіл менен жағым талмағай.

Жазықсыз елді жазғырма,

Айыптың тұр алдыңда.

Мырзабиді өлтірген,

Басын кесіп алмадай,

Кешсең – кеш, кессең – міне бас,

Шариғат жолы сара дер,

Даңғыл жатқан сарнап-ай, – деген өлең 

жолдарынан көп нәрсе ұғуға болады. «Бас 

кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» демекші 

ақынның өз қолымен жасағанын өз мой-

нымен көтеруге дайын тұрған өрлігі осыдан 

байқалады. Бірақ ол шариғат жолының 

әділдігін, оның қара мен ханға, жарлы мен 

байға бірдей ортақ екенін айтып, өзі сол 

шариғат үкіміне сай әрекет жасағанын да 

жасырмайды.

Тағы бірде батыр-ақын Түркістан қала-

сындағы Әзіреті Сұлтан – Қожа Ахмет 

Я сауи кесенесіне Ақсақ Темір сыйлаған 

қасиетті Тайқазанды Қоқан бектері алып 

кетпек болғанда, екі қосын сарбазда-

рымен оларға қарсы соғысып қамалға 

кіргізбей, халықтың кие тұтқан жәдігерін 

қоқандықтардан алып қалып тағы бір 

ерліктің үлгісін танытады. Бұған ақынның:

Қай дұшпан қорықпаушы еді 

сарынымнан,

Орыс алып басылдым арынымнан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет