Сене күресіп келе жатқан жауынгер басылым



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата06.03.2017
өлшемі2,08 Mb.
#7837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сайын БОРБАСОВ, 

саяси ғылым докторы, профессор 

Саяси реформаларды 

тереңдету жылы

«Жер заңнамасының жекелеген нормаларын қолдануға мораторий енгізу 

туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы 

№248 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын 

талқылау және түсіндіру әрі ұсыныстар әзірлеу үшін:

1.  Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жер реформасы бойынша комиссия 

(бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

2.  Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.



1. Жалпы ережелер

1.  Жер реформасы бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметінің 

мақсаты Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын түсіндіру 

жұмысын ұйымдастыру және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу 

болып табылады.

2.  Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 

Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы 

Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының 

өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа 

алады, сондай-ақ өңірлердегі қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл 

жасайды.

3.  Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 

Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

4.  Комиссияның отырыстары Комиссия төрағасы айқындайтын күндері 

өткізіледі.

2. Комиссияның міндеттері

5.  Комиссияның негізгі міндеттері жер заңнамасын жетілдіру бойынша 

ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру болып 

табылады.



3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

6.  Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Комиссияның 

хаттамалық шешімімен бекітілетін Комиссияның жұмыс регламентіне 

сәйкес жүзеге асырылады.



М.Х.дулати атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын-

да «М.Х.дулати және түркі әлемі» тақырыбында «ІХ дулати оқулары» 

атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған конфе-

ренция жұмысына биылғы жылы да алыс-жақын шетелдің ғалымдары 

белсене қатысып, Дулатидың өмірі мен соңына қалдырған мұрасы 

жөніндегі тың деректермен бөлісті. Жиында университет ректоры,  

профессор Махметғали Сарыбеков көрнекті тұлға Мұхаммед Хайдар 

Дулатидың мәңгілік жасайтын ғажайып бай мұраларына соңғы жылда-

ры арналған, көптеген құнды зерттеу еңбектері, жекелеген мақалалар 

жазылғанын тілге тиек етті. Бұл бағыттағы жұмыстарға ғұламаның 

есімін иеленуші Тараз мемлекеттік университеті де өзіндік деңгейде 

нәтижелі жұмыстар атқаруда және алдағы уақытта да жаңа ғылыми 

ізденістерге ықпал жасай беретінін жеткізді. 



Ұлттық академиялық кітапханада заманымыздың заңғар жазушысы 

дүкенбай досжанның өмірі мен шығармашылығына арналып «дәстүр» 

баспасынан шыққан «Тарланбоз» кітабы мен қаламгердің жан серігі, 

жазушы-ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, осы игілікті 

шараның ұйытқысы Сәуле досжанованың «Менің жалғыз серігім» атты 

дүниесінің тұсаукесері болып өтті. Сонымен бірге шара барысында Ұлттық 

академиялық кітапханадағы жазушының оқу залы-мұражайының ашылу 

салтанаты өтті. 

Басқосуға жиылған Парламент депутаттары, ақын, жазушы-

лар, қоғам қайраткерлері, замандас достары көзінің тірісінде-ақ 

шығармашылығы халқының ыстық ілтипатына, сүйіспеншілігіне 

бөленіп, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және Әуезов атындағы Ұлттық 

сыйлықтың лауреаты атанған дара тұлғаның шығармашылық деңгейі, 

азаматтық қыры, ерекше болмысы, тылсым жан дүниесі хақында 

естеліктерін, сыр-сағыныштарын ортаға салды. 

А

қпараттар ағыны



А

қпараттар ағыны



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

Мемлекет басшысының Өкімімен Айдос 

Ыдырысұлы Үкібай Қазақстан Респуб ликасы 

Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне 

тағайындалды. Үкібай Айдос Ыдырысұлы 1976 

жылы 25 наурызда Алматы облысында дүниеге 

келген. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Бұған 

дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ Ақпараттық жобалар департаментінің ди-

ректоры, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарды. 

Бәрі де жарасымды... Мұндай кезде 

ұрпақтар сабақтастығының алтын арқауына 

айналып отырған абыз қарияның жанарына 

қуаныштан жас үйіріледі. Жан жары Райхан 

апамыз осыдан біраз жыл бұрын дүние салған 

екен. Сүлейменовтер бүгінде үлкен әулетке 

айналған отбасы десек, артық айтқандық бол-

мас. Ұл-қыздары, олардан өрбіген ұрпақтар 

өз салаларында үлкен жетістікке жеткен 

білікті мамандар, айтулы қайраткерлер, 

ардақты азаматтар. 

Ал енді Айтбай Әлібайұлының Ұлы 

Отан соғысының ардагері, қарапайым 

еңбек адамы, тұлға ретіндегі орны қашанда 

бөлек. Сөзіміздің басында айта кетейік, ол 

Қазақстанның еңбек сіңірген металлургі. 

Соғыста алған орден-медалдерінен басқа 

бейбіт өмір кезінде алған Еңбек Қызыл 

Жұлдызы медалі кеудесінде жарқырап тұр. 

Жалпы, марапаттан кенде емес. Елге сіңірген 

еселі еңбегінің арқасы ғой. Сұрапыл жыл-

дарда қан майданда жаумен арпалысты. Бұл 

туралы сәл кейінірек. 

Айтбай Әлібайұлы 1931-34 жылдары 

Свердловск қаласындағы жұмысшылар 

факультетінде тәлім алған. 1934 жылы 

Ресейдің Урал индустриалды институтына 

оқуға түседі. Бұл оқу орны ол кезде УПИ деген 

атпен танымал болды. Ардақты азамат білімге 

деген құштарлығымен оқу орнын инженер-

металлург мамандығы бойынша үздік бітіріп, 

еңбек жолын Медногорск мыс балқыту зауы-

тында бастапты. Бірден металлургия цехының 

ауысым басшысы болып тағайындалған. 

Ұлы Отан соғысы басталғанда, бір жылдан 

кейін қысқа мерзімді дайындық курсынан 

өтіп, лейтенант шенінде майданға аттанады. 



(Басы 1-бетте)

«Көптеген әлемдік тәжірибені қорытындылай 

к е л е ,   ж е р   р е ф о р м а с ы   е ш қ а ш а н   ө н д і р і с т і 

төмендетпейді, керісінше, әрдайым тиімді 

нәтижелерге алып келеді. Уақытша пайдалануға 

берілген жерге қарағанда, жер иелері өңдеген 

жердің өнімділігі жоғары» деген Ұлттық экономика 

министрі Қуандық Бишімбаев бұл орайда бірқатар 

маңызды мәселелерді ортаға салды.

Парламент Сенатының депутаты Қуаныш 

Айтахановтың айтқан уәжі қисынды болды. Мәселен, 

ол әр адамға сатылатын жердің мөлшерленген шегі 

болуы тиістігін алға тартты. Осы ретте сенатордың 

«Жерді шетелдіктерге жалға беріп, жерге инвестиция 

әкелуіміз керек. Бірақ та ол қандай шетелдіктерге, 

кімге берілуі қажет? Осыны анықтауымыз керек. 

Мәселен, Франция, Германия, Израиль, Дания 

сияқты дамыған елдердің инвесторлары келіп, бізге 

инвестиция салатын болса, неге оларға жер бер-

меске?» деді сенатор. «Бірақ шетелдіктер өздерінің 

инвестициясымен келсін. Олар өз адамдарын 

әкелмесін. Жұмысшылар біздің қазақстандықтар 

болсын. Қазақстанның азаматтары болсын» деген 

тұжырымы мәселенің мәнісін ашып бергендей 

болды. 

Жиын барысында Мырзатай Жолдасбеков, 



Мұхтар Шаханов, Жақсылық Үшкемпіров сын-

ды белгілі тұлғалар күн тәртібіндегі сауалдардың 

өзекті екеніне тоқталды. Туындаған барлық 

мәселелерді бірлесе шешуге баса мән берді. Эко-

номика ғылымының кандидаты, комиссияның 

мүшесі Мұхтар Тайжанның ұсыныстары комиссия 

жұмысын қолдау бағытында өрбіді. Ол жер рефор-

масына қатысты туындаған дау-дамайды ақылмен, 

сабырлылықпен шешу керектігін алға тартты. Сая-

саттанушы Берік Әбдіғали болашақта ынталандыру 

тетіктері арқылы ауылға ақша салуға, азаматтарды 

көшпеуге, ауылда қалуға ынталандыру жобаларын 

қарастыру қажеттігін ескерді. 

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов жер реформа-

сы не үшін жасалғанын әуелі  жастарға түсіндіру 

қажеттігін, жастар арасында сауаттылықты да-

мытуды тілге тиек етті. Жиын барысында жерге 

байланысты көптеген өзекті жайттар қозғалды. 

Сала мамандары мен сарапшылар өздерінің нақты 

көзқарастарын білдірді. 

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехни-

калық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев 

жерді жалға беру институтын сақтау керектігін 

мәлім етті. Ал «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас 

директоры Иван Сауэр жекеменшіктің басымдығы 

туралы түсіндірді. Осы орайда ол жер реформасы ая-



Дулати оқулары

Дүкенбай Досжанға арналды

Айдос Үкібай – Қазақстан 

Республикасы Президентінің 

Баспасөз хатшысы

жИын


құрмет

оң Болсын!

Сағынтаев Бақытжан 

Әбдірұлы


– Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орын-

басары, төраға

Құл-Мұхаммед

Мұхтар Абрарұлы

– «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары 

(келісім бойынша), төрағаның орынбасары

Үшкемпіров

Жақсылық Әміралыұлы

– «Жақсылық» шаруа қожалығының басшысы, қоғам 

қайраткері (келісім бойынша), төрағаның орынбасары

Абаев Дәурен Әскербекұлы

– Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар 

министрі 

Абасов 


Қайнар Бегалыұлы

– «Мақта компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 

директоры (келісім бойынша) 

Айтаханов

Қуаныш Айтаханұлы

– Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты 

(келісім бойынша) 

Ашығалиев 

Қатауолла Мерәліұлы

– «Ақас» агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 

директоры (келісім бойынша) 

Әбдіғали Берік

– Саясаттанушы (келісім бойынша) 

Әбдікәрімов

Мақсат Серікұлы

– «Бағбандар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің 

төрағасы (келісім бойынша) 

Әбенов Мұрат Абдуламитұлы  – Қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Әкім Жанұзақ

– Халықаралық адам институтының басшысы (келісім бойын-

ша)

Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма 



төрағасының орынбасары (келісім бойынша) 

Әшімжанов Жанарбек 

Садықұлы 

– Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынба-

сары (келісім бойынша)

Бабамұратов Дәурен

– «Болашақ» жастар қозғалысының басшысы (келісім бо йын-

ша)


Баймолдина Зәуреш 

Хамитқызы

– Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары 

Бақтыбаев Сайын Рысбайұлы – «Қазақ мақта қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің 

төрағасы (келісім бойынша) 

Батталова Зәуреш 

Қабылбекқызы

– «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» акционерлік 

қоғамының директоры (келісім бойынша) 

Бәшімов Марат Советұлы

– Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық 

институтының директоры (келісім бойынша) 

Бектаев Әли Әбдікәрімұлы

– «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының 

төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 

депутаты (келісім бойынша)

Бисетаев Қайрат Серікбайұлы – «Қазақстан картоп өсірушілері одағы» заңды тұлғалар 

бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) 

Бишімбаев Қуандық 

Уәлиханұлы

– Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі 

Боқаев Макс Кебенұлы

– «Арлан» үкіметтік емес ұйымының төрағасы (келісім бойын-

ша)


Бұқанов Сайран Балкенұлы

– «Каркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры 

(келісім бойынша)

Ган Евгений Альбертович

– «Астық өңдеушілер және нан пісірушілер одағы» заңды 

тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Дарынов Әуезхан Кәмешұлы

– «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық 

бірлестігінің президенті (келісім бойынша) 

Досмұхамбетов Темірхан 

Мыңайдарұлы 

– «Байсерке-агро» агроөнеркәсіп кешені басшысы (келісім 

бойынша)

Дүйсебаев Жексенбай 

Қартабайұлы

– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты 

(келісім бойынша) 

Ерімбетов Нұрлан 

Кенжебекұлы

– «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің 

президенті (келісім бойынша) 

Ерманов Жүрсін Молдашұлы

– Ақын, журналист (келісім бойынша)

Жанғоразов

Ибрагим Дәуітұлы

– «Ижевский» өндірістік кооперативінің басшысы, 

«Қазақстанның құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар 

бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)

Жандосов Ораз Әлиұлы

– «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық 

қорының директоры (келісім бойынша) 

Жапарқұл Тасқын 

Тұрғанғазиұлы

– «Ернар» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша) 

Жексенбай Бибігүл 

Нұрғалиқызы 

– Бас редакторлар клубының басшысы (келісім бойынша) 

Жолдасбеков Мырзатай 

Жолдасбекұлы

– Қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 

академиясының академигі, филология ғылымының докторы 

(келісім бойынша)

Имандосов Самұрат 

Жұманұлы


– «РЗА» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) 

Косарев Владислав 

Борисович 

– Қазақстан коммунистік-халықтық партиясы

Орталық комитетінің құрметті хатшысы (келісім бойынша)

Кравченко Андрей 

Николаевич 

– Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары 

(келісім бойынша)

Көшімов


Досмұханбет Қалмаханұлы

– «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы 

(келісім бойынша) 

Күрішбаев Ақылбек 

Қажығұлұлы

– «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық 

университеті» акционерлік қоғамының ректоры (келісім 

бойын ша)

Қалиев Ғани Әлімұлы

– Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 

министрлігінің жанындағы Аграрлық білімді, ғылымды және 

өндірісті ықпалдастыру, агроөнеркәсіптік кешеннің кадр 

әлеуетін дамыту жөніндегі комиссияның төрағасы 

(келісім бойынша) 

Қожахметов Асылбек 

Базарбайұлы

– «Almaty Management University» білім беру мекемесінің 

президенті (келісім бойынша)

Қуанбаев Нұрлыбек

– «Желтоқсан» халықтық-патриоттық қозғалысының басшысы 

(келісім бойынша) 

Құдайбергенов Олжас

– «Макроэкономикалық зерттеулер одағы» жауапкершілігі 

шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) 

Құлкенов Мереке

– Қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі 

(келісім бойынша) 

Манатов Саха Ұзақұлы

– «Манат» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша) 

Мырзахметов Асқар 

Исабекұлы

– Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 

Нұрыпбаев Мақсат Ілиясұлы

– Құқық қорғаушы (келісім бойынша) 

Озғанбаев Өмірзақ 

Озғанбайұлы 

 



 «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» 



республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің 

төрағасы (келісім бойынша)

Оразалиев Рахым Алмабекұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының 

академигі (келісім бойынша)

Оспанов Нұрлан Елеусізұлы

– «Қазақстан астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің 

президенті (келісім бойынша) 

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы

– «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы (келісім 

бойынша) 

Платонов Артур 

Станиславович 

– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты 

(келісім бойынша) 

Поляков Александр 

Владимирович

– «Победа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы 

(келісім бойынша)

Рафальский Анатолий 

Брониславович

– «Тайынша Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас-

шысы (келісім бойынша) 

Сабильянов Нұртай Салихұлы  – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты 

(келісім бойынша) 

Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы – Қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы, академик 

(келісім бойынша) 

Сағындықов Алик 

Сабырбекұлы

– «Қазақстан агроодағы» ауыл шаруашылығы 

кооперативтерінің республикалық қауымдастығы (келісім 

бойынша) 

Сағындықов Елеусін 

Наурызбайұлы

– Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты 

(келісім бойынша) 

Сағитов Абай Оразұлы

– «Өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институты» 

жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстан 

Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі 

(келісім бойынша) 

Сағналин Нұрлан

– «АкТеп» компаниясының директоры (келісім бойынша) 

Сарым  Айдос

– Саясаттанушы (келісім бойынша)

Сауэр Иван Адамович

– «Родина» агрофирмасының бас директоры, «Атамекен» 

ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі (келісім 

бойынша) 

Сәбден Оразалы Сәбденұлы

– Қазақстан ғалымдар одағының президенті (келісім бойынша) 

Сейбағытов Даржок

– Ауыл шаруашылығы саласының еңбек ардагері (келісім 

бойын ша) 

Смағұл Бақытбек

– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты 

(келісім бойынша) 

Сұлтанғали Серік 

Сұлтанғалиұлы

– «Бірлік» партиясының төрағасы (келісім бойынша) 

Cұлтанов Сабыржан 

Қыдырсихұлы

– «Құрманғазы» өндірістік кооперативінің төрағасы (келісім 

бойынша) 

Тайжан Мұхтар

– Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті (келісім 

бо йын  ша) 

Тілеухан Бекболат Қанайұлы 

– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты 

(келісім бойынша) 

Төребеков

Абдолла Төребекұлы

– «Қазақстан фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің 

Қарағанды облысы бойынша  филиалының төрағасы

(келісім бойынша) 

Тұмабаев 

Мұхит Тоғысқанұлы

– «Приречное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы 

(келісім бойынша) 

Тұяқбай

Жармахан Айтбайұлы



– Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасы 

(келісім бойынша) 

Шаханов Мұхтар

– «Жалын» журналының бас редакторы (келісім бойынша) 

Шибұтов

Марат Мақсұмұлы 



– Саясаттанушы (келісім бойынша)

Ысқақов 


Нартай Жұматайұлы

– «Нарол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) 

220-шы атқыштар дивизиясының танкіге 

қарсы артиллериясын басқарады, яғни 

командирі болады. Берілген тапсырмаларды 

жауапкершілікпен орындап, біліктілігімен 

көзге түседі. Жалындап тұрған жас жігіт 

1944 жылы аяқ астынан ауыр жарақат алып 

қалады. Жарақатынан ІІ топтағы мүгедек ата-

нады. Бірақ жау оғы тәнін жараласа да, оның 

жанын, намысы мен жігерін жаралай алмаған 

еді. Жарақатынан айыққан соң Ленинград 

қаласындағы Ижорск зауытында мартен це-

хында еңбек етеді. 

– Неміс әскерлері ең алдымен танкіге 

қарсы қорғаныс шептерін бұзуға әрекет жасай-

тын. Сондықтан біздің батареяға қиын тиді. 

Әрбір жан алысып, жан беріскен шайқастарда 

взводымыздан 3-4 жауынгеріміз қаза тауып, 

дәл осынша адам жарақат алатын. Біздің шеп 

маңызды рөл атқарғандықтан ол үнемі жаңа 

102 жастағы

ардагер

Айтбай Әлібайұлы Сүлейменов 

– Ұлы Отан соғысының ардагері. 

«Қызыл Жұлдыз» орденінің, сон­

дай­ақ Ұлы Отан соғысының І дә ­

ре желі орденінің иегері. Ол кісі 

бір ғасырды артқа тастап, бүгінде 

102 жасқа аман­есен жетіп 

отырған абыз қария. 

Жылдағы қалыптасқан дәстүр 

бойынша Сүлейменовтер әулеті  

9 ма мыр – Ұлы Жеңіс мереке сі 

күні Айтбай ағаның шаңыра­

ғында бас қосады екен. Айт­

бай ақсақалды мейрамымен 

құттықтап, жылы лебіздерін 

білдіреді. Игі тілектерін арнайды. 

Сый­құрмет көрсетеді. Ұлағатты 

әңгімесін тыңдайды. Батасын 

алады. 

жауынгерлермен толығып отырды, – дейді 

ардагер. Оның Смоленск қаласынан бастап 

Витебскідегі ауыр шайқастарға дейінгі жол-

ды жүріп өткені бүгінгі ұрпақ үшін аңыздай 

айтылатын ақиқат. 

А й т б а й   а қ с а қ а л   с о ғ ы с   ж ы л д а р ы н 

көп еске ала беруді ұнатпайды екен. Өз 

ұғымында соғысты – жанкешті әрі азап-

ты еңбек, әрбір азамат үшін ауыр сын деп 

қабылдайды. Міне, осы сындардың бәріне 

үлкен төзімділік, темірдей шыдамдылық 

қажет. Айтбай Әлібайұлы командир ретінде 

сол төзімділік пен шыдамдылық қасиеттерді 

жауынгерлерінің жүрегіне ұялата білген. 

Соғыс деген өмір үшін арпалыс. Тіршілік 

үшін күрес. Жеңіс үшін жанпидалық қылу. 

Айтбай ақсақалдың осынау сұрапыл 

с о ғ ы с т а   қ а л а й   ж а р а л а н ғ а н ы н ,   с о л 

сағаттардағы арпалыс тар туралы бір-екі ауыз 

тоқтала кетсек артық болмас. 

Витебск түбінде жан алысып, жан беріскен 

ауыр шайқастардың бірі жүріп жатады. Жау 

қолы ентелей түсіп жақындап келеді. Кейбір 

майдандастарын тұтқынға алды. Алайда 

бұлар неміс армиясын жақындатпады. Оқты 

қарша боратып, бас көтертпейді. Бірақ 

сарбаздардың бәрі қатты жараланып, біразы 

ажал құшады. Командир Айтбай жау шебіне 

оқ бағыттап тұрған сарбазының жантәсілім 

болғанын байқайды да, дереу соның орны-

на барып тұрады. Дәл сол кезде қорғаныс 

қалқанына снаряд тиіп, оның ұшқындары 

көзіне, қолы мен аяғына, кеудесіне тиеді. 

Ауыр жарақаттанады, бір көзіне айтарлықтай 

зақым келеді.

Аман қаламын ба, өмірімді жалғай аламын 

ба деген күдік пен үміттің арасында жатқанда 

өсірудің қамымен күн кешудемін. Сен-

дер болсаңдар, Қызыл Армияның барлық 

жауынгерлері неміс басқыншыларымен 

күрестегі ұлы шайқас жолындасыңдар. 

Жарқыным, жалғызым, сенсіз маған да, 

балаларымызға да өмір сүру қандай қиын 

екенін өзің білесің. Дұшпанды тізе бүктіріп, 

аман-есен оралуыңа тілектеспін. Райхан». 

Жан жары Райханның хаттары майдан 

шебінде күн демей, түн демей арпалысып 

жүрген Айтбайдың жігеріне жігер қосқаны 

сөзсіз. Олар дүниеде барлық қиындықты 

озбырлық, зұлымдық емес, Отаныңа, 

отбасыңа, жан жарыңа деген махаббат сезімі 

жеңетінін дәлелдей білді. 

 «Қазір санамда соғыс туралы естеліктерім 

көп сақтала қойған жоқ. Бәрі де уақытпен 

ұмытыла бастайды екен ғой. Жұбайым Рай-

хан журналистерге берген сұхбаттарымның 

қиындыларын көзінің қарашығындай сақтап 

жинап жүретін. Менің ерекше айтайын 

дегенім, майдандағы алған ордендеріміз, 

медальдеріміз – жанқиярлық ерліктің куәсі 

дер едім. Осыны бізден кейінгі ұрпақтарымыз 

ұмытпаса екен. Жұдырықтай жүрегіміз тек 

қана Отан деп соқты. Ел-жұртымызды 

жаудың қанды тырнағынан азат ету керек 

болды. Бізде мұнан басқа мақсат та, арман да 

болған жоқ» дейді Айтбай Сүлейменов. 

Бүгінгі таңда оқ тескен бума хаттардың 

бір данасы ғана Айтбай Әлібайұлының 

өзінде, ал қалғандары Мәскеу, Санкт-

Петербург, Минск және Киев қалаларының 

мұражайларында сақтаулы тұр. Зайыбы 

отағасына тылдағы өмірді, онда да жақсы 

жайттарды жазуға тырысқан. Махаббат пен 

сезімге толы хаттарда балаларымен бірге 

оны асыға күтіп жүргені баяндалады. Ерінің 

тағдырын сезсе де, оның көңілін аулау үшін 

өз басындағы қиындықтарды еш қозғамаған. 

Екеуінен туған Бекет атты ұлдары дифтерия-

дан қайтыс болғаны жанды күйзелтетін ауыр 

соққы болды.

Соғыс аяқталғаннан кейін 1947 жылы 

Айтбай Әлібайұлы Алматыға көшіп келіп, 

осы қаладағы Алматы машина жасау зауы-

тында (АЗТМ) еңбек етуін жалғастырыпты. 

Болат балқыту цехында табысты жұмыс жа-

сап, артынша осы цехтың беделді басшысы 

болады. 


Ол кісінің цехтағы қызыл жалынға 

кеудесін тоса табан аудармастан 75 жасқа 

дейін жұмыс істеуі бойындағы еңбекқорлық 

қасиетін байқатса керек. Ардақты әкесінен 

осындай тәлім алып өскен балалары да мұны 

бірінші кезекте атап айтады. Мәселен, ұлы 

Батырбек Сүлейменов бір сөзінде: «Біз оқу де-

малысы кезімізде зауытта болат балқытушы, 

темір өңдеушілерге шәкірт болып жүретінбіз. 

Бір жарым айдай еңбек етіп, азын-аулақ 

қаражат та табатынбыз. Әкеміздің тәрбие 

берудегі ең басты қасиеттерінің бірі ол – ба-

лаларына еңбек ете білуді үйренткенінде деп 

ойлаймын» деді. 

Білікті маман, айтулы шебер басшылық 

еткен жылдары цехтың жұмысы жоғары 

қарай өрлеп сала береді. Болат балқыту 

цехы заманға сай құрылғылармен әрі жаңа 

технологиялармен жабдықталып, өнімділік 

қуаты арта түседі. Айтбай Әлібайұлының 

жетекшілігімен цехтың көрсеткіші Жапо-

ния, Германия секілді елдерінен асып кетеді. 

Кеңес Одағы көлеміндегі әріптестерін де 

бәсекеге қабілеттілік жағынан шаң қаптырып 

кеткенін сол кездегі БАҚ жарыса жазып 

жатты. 


Бұл шақтарда Сүлейменов басқаратын 

цех биіктен көрінді. Көптеген елдерден 

әріптестері үйреніп, тәлім алу үшін келеді. 

Айтбай ақсақалдың өзі бұл жөнінде былай деп 

еске алды: «Адал еңбек еттік. Сапалы жұмыс 

жасауға тырыстық. Нәтижесі де жаман болған 

жоқ. Өнім көлемі артып, Отанымыздың болат 

балқыту саласындағы едәуір нәтижелерге қол 

жеткіздік. Мұның бәрі ұжымыңды бір ортақ 

мүддеге – елге қызмет ету мүддесіне бағыттай 

білудің арқасы шығар. Қиындықтар болмай 

қойған жоқ, болды. Бірақ алдына биік мақсат 

қоя білген адам оның бәрін қайтсе де жеңіп 

шығатынына сендік. Бізді соған жетелеген 

осындай жігер, қайрат, намыс» дейді. 

Айтбай аға 70 жасқа толған шақта оны 

мерейтойымен Кеңес Одағының Батыры, 

атақты ұшқыш Алексей Маресьев, КСРО 

Ауыр машина жасау министрі С.Афанасьев 

құттықтаған екен. Бұл даңқты қазақ азаматы-

на деген құрметтің белгісі екені сөзсіз. Болат 

балқытуды кәсіп еткен тұғырлы тұлғаның 

болмыс-бітімі де өмір сынақтарында шарбо-

латтай шыңдала түскені байқалады. Жүрісі 

нық, қолы қайратты, жадысы мықты. Бір 

сөзбен айтқанда, қайыспас қара нар!  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет