Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет24/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   521
болжамдық мағынаға ғана
ие болады.
Олай болса, қайсыбір философиялық ағым, қалай дегенде де, бұл 
ұғымдардың арақатынасын өзінше анықтамай, 
ары қарай бір қадам 
аттай алмайды.
Егер дүниенің субстанциясы материя деген пікірге келсек, онда 
философияда 
материалистік
ағым пайда болады.
Керісінше, субстанция дегеніміз жеке адамның жан дүниесі, я бол-
маса дүниежүзілік абсолюттік идея, рух т.с.с. деп болжамдасақ, онда 
философияда 
идеалистік
ағым пайда болады. 
Егер дүние субстанциясының екі ажырамас – материалдық және 
рухани жағы бар деген көзқараста болсақ, онда біз философияда 
реа-
лизм
бағытын тудырамыз. Тек қана бұл ұғымды орта ғасырлардағы 
схоластикалық философияның жалпы ұғым жөніндегі реализмінен 
ажыратуымыз керек.
Философияда сирек кездесетін ағымдардың бірі – дүние субстан-
циясы екеу – 
материя және рух
және олар бір-біріне тәуелсіз деген 
пікір. Мұны алғаш рет философия тарихында француз философы 


27
Р.Декарт айтқан болатын. Мұндай көзқарасты біз 
дуализм
(dualіs – 
латын сөзі, екіжақтылық) бағытына жатқызамыз.
Ал жоғарыдағы дүниеге деген үш көзқарас 
монистік
бағытта 
болмақ (monos – грек сөзі, біреу).
Дүниеге деген материалистік көзқарас әлемдегі болып жатқан барлық 
құбылыстарды дене, я болмаса сол материалдық заттардың қасиетттері 
ретінде қарайды. Сонау көне заманнан бастап осы уақытқа дейін 
материалистік философиядағы ағым (жаратылыстану ғылымдарының 
жетістіктеріне сүйене отырып) материя жөнінде әртүрлі пікірге келген-
мен, жоғарыдағы көрсетілген көзқарастан тайған жоқ.
Материалистік
көзқарастың негізінде баяғы ерте заманда пайда 
болған адамдардың қоршаған ортаның адамға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет