Серік Мырзалы философия оқу құралы


«Ақтабан  шұбырынды, Алқакөл сұлама»



Pdf көрінісі
бет260/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   521
«Ақтабан 
шұбырынды, Алқакөл сұлама»
деген атпен тарихқа кiрдi.
Әрбiреуi өз жағына бұратын қазақ билерiнiң есi ендi ғана жина-
лып, жоңғарларға төтеп беру үшiн 
бiрiге бастады
. Мұндай қауіп-қатер 
туған жағдайда халық өз iшiнен ұлы саясаткер-билердi: 
Төле, Қазыбек, 
Айтеке
т.с.с. тудырды. Халық арасынан Отан үшiн өз жанын беруге 
даяр 
Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнiбек, Қарасай
т.с.с. мыңдаған батырлар шығып, халықтың басын бiрiктiрдi. Шешушi 
кезең де келiп қалды. 
1730 ж.
Балқаш көлiнiң төңiрегiндегi шайқаста 
қазақтар жоңғарларға ойсырата соққы берiп, күйрете жеңіп, өз жерiн 
жаулардан босатты. Халық бұл шайқасқа 
Аңырақай жеңiсi
деген ат 
қойды.
Әлсiреген қазақ халқы екi жаққа бiрдей тойтарыс бере алмады. 
Сондықтан осы кезден бастап, Ресей қазақ жерлерiн өзiне қоса бастады.
Мiне, жоғарыда көрсетiлген ауыр қайғы-зардапқа толы тарих 
кезеңдерi халықтың өзiндiк сана-сезiмiн жаңа деңгейге көтердi. Сол 
уақытта өмiр сүрген жыраулардың, ойшыл-билердiң де шығармала-
рындағы халық тарихы, тағдыры жөнiндегi ойлары пiсiп-жетiлiп, жаңа 
сапалық деңгейде көрiне бастады.
Осы кездегi жыраулардың iшiнен 
Ақтамбердi, Үмбетей, Қожа-
берген, Бұқар, Шал ақынды
ерекше атауға болатын сияқты. Сол 
кездегi халықтың ауыр жағдайы, арманы мен мұңы бұл жыраулардың 
шығармаларында кеңiнен орын алды. Өкiнiшке қарай, оқулықтың 
көлемi жыраулардың бәрiне де тоқтауға мүмкiншiлiк бермейдi.
Бұл дүниеде ұзақ өмiр сүрiп, ХVII ғ. екiншi, ХVIII ғ. бiрiншi жар-
тысын қамтыған жыр алыбы 
Бұқар жырау
болды. Жырау өмiрiнiң 
жас кезiнде Тәуке ханның жанында болса, өмiрiнiң соңында – Абылай 
ханның ақылшысы, кеңесшiсi. Сол кездегi сұрапыл заманды жырау 
былайша суреттейдi:
«Ай, заман-ай, заман-ай,
Түстi мынау тұман-ай,
Iстiң бәрi күмән-ай...


293
Арғымағын жоғалтып,
Тай жүгiрткен заман-ай», – деген жолдардан сол кездегi халық 
тағдырындағы қайғылы да күңгiрт ахуалды көзге елестетуге болады.
Осы ақынның сөзiмен айтсақ: 
«Асан атты iспеттi
Ен жайлауынан көшкен жұрт.
Зар илеп, баспай өксiктi,
Ауыр күндi кешкен жұрт», – дейді. Ол неге соншалықты қамықты, 
оның себебi неде болды деген сұрақ қойсақ, оған жырау былайша жауап 
бередi:
«Ақтың жолын күзетпей,
Жамандықты тұтқан жұрт.
Сабыр етпей сандалып,
Сайда көшiп, жортқан жұрт.
Өз ағасын сыйламай,
Өзгенiң соңынан ерген жұрт.
Ханына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет