Жүсiп Хас Хад- жиб Баласағұн (1017-1083 жж.) Баласағұн қаласында дүниеге келген.
Ол қала сол кездегi Қараханид мемлекетiнiң сауда, қолөнер, мәдениетi
дамыған басты қалаларының бiрi болған.
Негiзгi еңбегi
«Құтадғу бiлiг» (Құтты бiлiк) – түрiк тiлiнде
жазылған алғашқы мәдени-эстетикалық, философиялық дастан. Ол –
қазiргi түркiтiлдес халықтардың Орта ғасырлардағы тарихы, қоғамдық
саяси өмiрi, ғылымы мен әдебиетi, әдет-ғұрпы, жалпы алғанда,
мәдениетi туралы қыруар мол деректер бар туынды.
Ж.Баласағұнның ойынша, дүние
жер, су, от, ауадан тұрады. Адам,
басқа тiршiлiктерге қарағанда, – ерекше жаратылған пенде. Оның
жан-дүниесiнен
өнер, бiлiм, ақыл-ой, көңiл, ұятты табуға болады.
Соңынан ұлы Абай да осы рухани құндылықтарға үлкен мән берген
болатын. Әсiресе таным, бiлiм мәселелерiн ойшыл жоғары орынға
қояды:
«Бiлiм биiк, ақыл ұлық,
Бiлiмсiздiк – ауру...» – деп қорытады ұлы ойшыл.
Дастанның арқауы ретiнде төрт қағиданы көрсетуге болады.
Бiрiншiсi – әдiлеттiлiк, өйткенi мемлекеттi дұрыс басқару үшiн қара
қылды қақ жаратын әдiл заңдар болуы қажет. Баласағұнның айтуынша,
кiсiге үш дүние пайдалы: ізгi iс немесе мiнезi түзулiк. Екiншiсi – ұят,
үшiншiсi – әдiлдiк. Бұл үшеуi арқылы адам шын бақыт табады. Iсi iзгi
болса, бүкiл халық сүйедi. Iсi әдiл болса, төрге шығады.
Екiншiсi – бақ-дәулет. «Барлық iзгi нәрсені байқап көр», – дейдi ұлы
бабамыз.
Үшiншiсi – ақыл-парасат.
«Бiлiк бердi – адам бүгiн жетiлдi,
Ақыл бердi – талай түйiн шешiлдi».
Төртiншiсi – қанағат-ынсап:
«Дүние сүйiктi болғаны үшiн бүкiл айыбы
Саған игiлiк болып көрiнедi, ей, елден асқан қымбаттым!
275
Кiмде-кiм дүниеге көңiл байласа,
Тiршiлiгi оған ауыр тауқымет әкеледi».
Ойшыл осы төрт құндылық –