Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет257/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   521
ел бiрлiгi
, рулар мен тайпалардың 
арасындағы тартыс, қантөгiске тыйым салу.
«...Есенiң де, тiрiң де,
Бiр болыңыз бәрiңiз!» – деп ұран тастайды Асан қайғы.
Асан қайғы халықты бiрлiкке шақырып қана қоймай, оны қалай 
қамтамасыз ету керектiгiн талдайды, ел бастайтын топты халық қамын 
ойлауға, әдiлеттiлiкке шақырады.
«Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер...
Хан мен билер қысқанда, халық қайтып күн көрер?
Онда халық түнерер. Халыққа қысым күш берер,
Халықтың кегi күшке енер», – деп, ұлы жырау үстем тапқа халық 
атынан 
қатты ескерту
жасайды.
Сонымен қатар Асан қайғы қоғам өмiрiндегi моральдық қағидаларға 
да көп көңiл бөледi. Оның ойынша, әдiлдiк – өтiрiк-өсекпен, алдау-
арбаумен қабыспайды; даналық – өткен күндегi шындықты iздеу; 
қорқақтық – жау мен жауыздың алдында қашқақтау; зұлымдық – 
әлсiзге жәбiр көрсету; ақымақтық – айтқан ақылға көнбеу; т.с.с.
Асан қайғы – қазақ жерiнен шыққан 
алғашқы утопист.
Елдiң ауыр 
тұрмысы, табиғат қатаңдығы, оқтын-оқтын болатын жұт, аштық т.с.с. 
оны қатты күйзелтедi. Табиғатқа қарсы тұру, оны өзгерту керектiгi 
сияқты Батыс қоғамдарында пайда болған идеялар көшпендiлерге 
тән нәрсе емес едi. Сондықтан ұлы жыраудың назары 
«жерұйықты»
iздеуге бағытталады. Оның суы – сүт, топырағы – май, тасы – алтын, 
онда халық зардабы, соғыс, тартысқырқыс дегендер жоқ, бай да, кедей 
де жоқ, бәрi де – жеткiлiктi, бәрi де – бақытты. Ол мұндай «жұпар 
қорығын» өмiр бойы iздедi. Ол, әрине, қай халықтың да бақытты өмiрдi 
аңсаған армандарының бiр көрiнiсi едi.
Жоғарыда көрсетiлген ой-толғаулар 
ХVI ғ.
өмiр сүрген жыраулар-
дың шығармашылығында өз жалғасын тапты. Бұл кезеңнiң көрнектi 


290
өкiлi өмiрден жастай кеткен 
Доспамбет
жырау болды (30 жасқа 
келгенде, Астрахан маңындағы бiр шайқаста қаза табады). Оның 
толғауларынан өткен әскери-демократия кезеңiндегi көшпендiлердiң 
ерiк пен теңдiк, өз елiн қорғаудағы ержүректiк қасиеттерiн мадақтап
мақтаныш еткенiн байқаймыз.
«...Айнала бұлақ басы тең,
Азаулының Стамбулдан несi кем? – деген сұрақ қойып, олай болса: 
«...Ер Доспамбет ағаның Хан ұлына несi жоқ,
Би ұлынан несi кем! Тәңiрiнiң өзi берген күнiнде,
Хан ұлынан артық едi менiң несiбем!» – деп, өзiн ең жоғары тұрған 
тұлғалардан кем санамайды. Шiркiн, осы белгiлi бiр орталыққа 
бағынбауды мойындамайтын еркөкiректiк болашақта халықты қандай 
апатқа әкелетiнiн, әрине, ол сезiне алмады: айнала қоршаған әлеуметтiк 
ахуал оны мүмкiн қылмады.
Ел-жұрт үшiн ерлiк жасағанын мақтаныш етiп, өз өмiрiнiң әрбiр 
күнiне қанағат етедi:
«Тоғай, тоғай, тоғай су. Тоғай қондым өкiнбен,
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкiнбен. Бүгiн-соңды өкiнбен,
Ер Мамайдың алдында Шахид кештiм, өкiнбен».
Жыраудың ойынша, әңгiме бұл өтпелi фәниде ұзақ та солғын өмiр 
кешуде емес, оны мазмұнды өткiзуде. Яғни ол, – қазiргi тiлмен айтсақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет