Серік Мырзалы философия оқу құралы


қатынас, орын, уақыт, орналасу, иелену, әрекеттену, зардаптану



Pdf көрінісі
бет55/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   422
Байланысты:
2 (1)

қатынас, орын, уақыт, орналасу, иелену, әрекеттену, зардаптану. 
Олар мынандай сұрақтарға жауап береді: «Не бар», «қандай», «қанша». 
Аристотельдің категориялары, бір жағынан алып қарағанда, бол-
мыстың мінездемелері, екінші жағынан, ойдың бітімдері ретінде 
қаралады.
Бұл санаттардың ішіндегі негізгісі – мән. Аристотель бірінші мән 
ретінде нақтылы өмір сүріп жатқан жеке заттарды жатқызады. Ал 
оларға тән жалпылықты ол – «тек», «түр» ретінде екінші мән дейді. 
Сонымен, бұл арада Аристотель Платонның көзқарасымен қайшы 
келеді: жеке заттардан бөлек жалпылық өмір сүре алмайды. Жүре келе, 
ойшыл «тек», «түрді» морфе (morphe), яғни бітім деген ұғымға ауысты-
рып, заттың терең мәні сонда деген пікір айтады.
Аристотельдің «Органон» деген еңбегінде жеке санаттар емес, 
әртүрлі тұжырымдар талданады, олардың құрылысының негізінде 
жатқан ойлау заңдылықтары көрсетілді. Олар:
Тепе-теңдік заңы (А = А), яғни белгілі бір ұғым әрқашанда бір 
мағынада ғана қолданылуы керек.
Қайшылықты жоққа шығару заңы (А @ В).
Үшіншіні жоққа шығару заңы (А = А, ия болмаса А @ В, яғни 
екеуінің біреуі дұрыс (үшіншіге жол жоқ).
Бұл логиканың үш заңы ұғымдарды тек бір мағынада пайдаланып, 
олардан шығатын тұжырымдардың бір-біріне қайшы келмеуін талап 
етеді. Осы талаптың негізінде силлогизмдер құрылады. 
Мысалы: 
Барлық адамдар өлмек; 
Сократ – адам;
Олай болса, Сократ өлмек.
Аристотельдің логикасында адамдардың ой-тұжырымдырында 
кездесетін қателіктер талданады. Олар көбінесе сөздердің көп мағына-


85
лығынан шығуы мүмкін (омономия). Мысалы, шаш – бір жағынан, 
шашу, лақтыру, екінші жағынан, адамның басындағы шашы ретінде 
қолданылады.
Қателіктер белгілі ойларды бір-бірімен дұрыс қоспай, ия болмаса 
дұрыс бөлмеуден шығуы, ия болмаса мәннің орнына кездейсоқтық 
қасиет қолданылуы мүмкін т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет