Серік Мырзалы философия оқу құралы


Аристотель және оның философиялық жүйесі



Pdf көрінісі
бет54/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Аристотель және оның философиялық жүйесі
Аристотель (384-322 б.з.д.) – көне заманның ең ұлы философы
заманының ең дарынды, жан-жақты білімі бар тұлға болған. Аристо-
тель сонымен бірге өз заманының ұлы қолбасшысы, үлкен империя 
жасаушы Ескендір Зұлқарнайынның оқытушысы ретінде де тарихта 
аты қалған.
Аристотельдің тағы да жасаған бір үлкен жұмысы – ол Афина 
қаласында даңқы бүкіл әлемге әйгілі мектеп – Ликейді ашады (қазіргі 
лицейлердің аты содан шыққан). Мектептің жанында үлкен бақ, ал онда 
адамдар серуендейтін үсті жабық жолдар болған, оларды грекше «пери-
патос» дейді. Тарихта Аристотельдің философиясын қолдап, ары қарай 
жалғастырған мектепті перипатетиктер дейді.
Аристотель жан-жақты терең білімді тұлға болғаннан кейін, оның 
мұрасын ғалымдар бірнеше топқа бөледі.
Логикалық еңбектері (негізгі кітап «Органон», «Категориялар» т.с.с.
Табиғат философиясына арналған еңбектері: «Физика» 8 кітап, 
«Аспан жайлы» 4 кітап, «Аспандағы құбылыстар жайлы» т.с.с.).
Жан дүниесі философиясына арналған: «Жан дүниесі жөнінде», 
«Өмір мен өлім туралы», «Тыныс алу туралы» т.с.с.
Тіршілік философиясына арналған: «Жануарлардың дене мүшелері 
жайында», «Жануарлардың дүниеге келуі туралы».
Бірінші физика 14 кітаптан тұратын. Соңынан «Метафизика» 
деген атаққа ие болды.
Моральдық философияға арналған: «Никомахтың этикасы», 
«Үлкен этика».


84
Саясат пен экономикаға арналған: «Саясат», «Экономика», «Афи-
наның саяси өмірі».
Көркем сөйлеу мен көркем сөзге арналған: «Риторика өнері», «Өлең 
сөз жөнінде».
Логика мәселелері
Логика ғылымының іргетасын қалаушы – Аристотель. XVII ғ. 
немістің ұлы философы Канттың: «Аристотельден кейін осы уақытқа 
дейін логикаға еш жаңалық енгізілген жоқ», – деген сөзінің өзі көп 
нәрсені көрсеткендей.
«Категориялар» (санат) деген еңбегінде Аристотель алғаш рет 
егжей-тегжейлі талдау арқылы он негізгі ұғымдарды ұсынады 
(kategorіa – грек сөзі, анықтаймын, белгілеймін). Олар: мән, сапа, сан, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет