Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет77/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   422
Байланысты:
2 (1)

лизм
Номинализм (nomіnіs, – лат. сөзі, заттың аты) – схоластикадағы 
жалпы ұғымдардың болмыстық мағынасын мойындамайтын, олар тек 
қана ой-өрісте ғана деп санайтын ағым. Номиналистер: «Шын өмірде 
тек қана заттар өмір сүреді, универсалиялар – жалпы ұғымдар, тек қана 
заттардың аты, біздің аузымыздан шығатын дыбыстар ғана», – деген 
пікірге келеді. Осы тұрғыдан олар Құдайдың үш тұлғалылығын да 
қатты сынға алды.
Реализм (realіs – лат. сөзі, шынайы зат) бағытына келер болсақ, олар 
номинализмге қарсы бағытталған. «Универсалиялар – жалпы ұғымдар, 
шынайы және адамдардың санасына тәуелсіз өмір сүреді», – деген 
пікірді ұстанады. 
Концептуализм (conceptus, – лат. сөзі, ұғым) бағыты: «Жалпы ұғым-
дар бөлек өмір сүре алмай, болмыстық орны болмағанмен, бірақ олар 
тек қана заттарға қойылған ат емес, негізінде, ақыл-оймен қорытылған 
заттардың жалпы қасиеттерін бейнелейді», – деген пікірге келеді. 
Сөйтіп, концептуализм бір-біріне қарсы тұрған екі бағыттың 
сыңаржақтығын байқап, универсалия мәселесін дұрыс шешу жолына 
шығады. 
Схоластика философияның пісіп-жетілген кезінде өмір сүрген
Ортағасырдағы аса ұлы тұлғалардың бірі – Фома Аквинский  
(1221-1274 жж.). Италия елінде бай ақсүйектердің отбасында дүниеге 
келген. Неаполь университетінде оқыған. 1256-59 жж. Париж универ-
ситетінің теология кафедрасын басқарған. Өмірінің соңында ел аралап, 
Еуропа университеттерінде лекциялар оқиды. 1323 ж. «әулие доктор» 
атағы беріліп, шіркеудің бесінші ғұламасы болып есептелген. 
Өмірінің және өзінің жазған еңбектерінің түкке тұрғысыздығы 
Фомаға өлерінің алдында ашылса да, соған қарамастан, ол кітаптарын 
жазуды қоймады. Өзінің көмекшісінің демалуды өтінген тілегіне: 
«Жоқ, себебі, менің осы уақытқа дейін жазғанымның бәрі қазір менің 
көз алдыма келген аянмен салыстырғанда, күл сияқты», – деген жауабы 
аңыз болып қалған. 
Фома Аквинскийдің негізгі еңбегі «Теология жинағы», «Табиғаттың 
бастамалары», «Мән мен өмір сүру жайлы» т.с.с. 
Ортағасырлық схоластикада Фома Аквинский Құдайдың болмы-
сына жан-жақты ең көлемді, дәлелдеулерін келтіреді. Олар – бесеу. 


115
1. Қозғалыс арқылы дәлелдеу. «Бұл дүниеде бірдеңе қозғалатынына 
ешкім күмән келтірмес», – дейді ойшыл. Мысалы, оттың қазіргі қажетті 
жылуы ағаштың әлеуетті жылуының өзекті жылуына өтуіне, яғни 
оны өзгеріске, қозғалысқа әкеледі. Бірақ белгілі бір зат бір уақытта 
әлеуетті және дәл қазіргі қажетті бір қатынаста бола алмайды. Қазіргі 
қажетті ыстық зат әлеуетті ыстық бола алмайды. Олай болса, бірдеңе 
бір уақытта қозғалушы және қозғалтушы бола алмайды, яғни заттың 
өзі – өз қозғалысының қайнар көзі емес. Онда қайсыбір қозғалыс 
басқа қозғаушы күшті қажет етеді, соңғы тағы да басқаны т.с.с. Бірақ 
оны шексіздікке кетіру мүмкін емес. Олай болса, біз бірінші өзі 
қозғалмайтын қозғаушы күшті қажет етеміз. Ол – Құдай. 
2. Тудырушы себеп арқылы дәлелдеу. Сезімдік заттарға назар 
аударсақ, біз тудырушы себептердің бірінің артынан бірі келіп отыра-
тынын байқаймыз. Алайда бірде-бір өзін-өзі тудырған затты ешкім 
көрген жоқ. Олай болса, зат өзінің алдында өзі дүниеге келер еді, ол 
мүмкін емес. 
Алайда тудырушы себептерді шексіз соза берсек, онда бірінші 
себеп болмас еді, ол жоқта салдарлар да жоқ болар еді. Ол ақыл-ойға 
сыймайды. Олай болса, алғашқы дүниені тудырған себепті мойындау 
керек. Ол – Құдай. 
3. Мүмкіндік пен қажеттілік арқылы дәлелдеу. Біз дүниеде болуы 
мүмкін және мүмкін емес заттарды күнбе-күн көреміз. Бүгін бар, ертең 
жоқ. Бірдеңе дүниеге келіп, содан кейін кетеді. Мұндай заттардың 
мәңгілік болмысы жоқ. Бірдеңенің бейболмысқа өтуі мүмкін болса, ол 
ертелі-кеш оған өтеді. Олай болса, дүниедегінің бәрі де бір күні жоқ 
болуы мүмкін. Олай болса, біз шынайы, бейболмысқа өтпейтін мәңгі 
Құдайды қажет етеміз. 
4. Сатылық арқылы дәлелдеу. Біз заттардың ішінен әртүрлі 
сатыдағы кемеліне, игілігіне, сұлулығына келгендерді көреміз. 
Дүниедегі заттарды біз бір-бірімен салыстыру арқылы бағалаймыз
бірақ мұның өзі кемеліне келген, ең сұлу игіліктің қажет екенін талап 
етеді. Сұлулықтың, Ақиқаттың, Игіліктің соңғы себебі – Құдай.
5. Табиғаттағы тәртіп арқылы дәлелдеу. 
Табиғаттағы ақыл-ойы жоқ заттардың болмысы белгілі бір мақсатқа 
лайықтылыққа бағытталған. Ал олардың санасы жоқ болса, олар белгілі 
бір сананың, еріктің басшылығымен өмір сүреді деген ойға келеміз. 
Ол атылған оқты еске түсіреді, бірақ ол оқты жіберген садақшыны 
естен шығармауымыз керек. Олай болса, бүкіл дүниеге мақсат берген 
саналының бар екенін мойындауымыз керек. Ол – Құдай.


116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет