Серік Мырзалы философия оқу құралы


мәңгілік заң (lex aеterna)



Pdf көрінісі
бет79/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   422
1. мәңгілік заң (lex aеterna);
2. табиғи заң (lex naturalіs);
3. адамдардың қабылдайтын заңдары (lex humana);
4. Бұлардан оқшау тұрған Құдайдың аяны бар (lex dіvіna).
Мәңгілік заң – ол Құдайдың ойынан шыққан жоспар, жаратылған 
дүниедегі заттардың тәртібі, әрбір зат пен құбылыстың ішкі мақсаты 
(Аристотельдің тілімен айтқанда – энтелехиясы). Бұл заң тек Құдай мен 
әулиелерге мәлім. Адам да, әрине, саналы пенде ретінде болмыстың 
мәңгілік өміріне жартылай қатысты болуы мүмкін. 
Табиғи заң адамның ақыл-ойдың иесі ретіндегі жақсылық пен 
жамандықты айыруынан шығады. «Жақсылыққа ұмтыл, зұлымдықтан 
аулақ бол» деген қағида – ол табиғаттан шығатын заң. Табиғаттың ең 
биік құндылығы – өмір. Олай болса, адам өз өмірін сақтауы керек, ол 
табиғи заңға жатады. Табиғи заңға еркек пен әйелдің қосылуы, бала-
ларды тәрбиелеу, басқа адамдармен бірге өмір сүру, өзара адамдардың 
бір-біріне көмектесуі, істеген нәрселерімен алмасуы, барлығы – табиғи, 
адамның ақыл-ойынан шығатын нәрселер. 
Адамдардың қабылдаған заңдарына келер болсақ, олар – қылмысқа, 
зұлымдықтың қайсыбір түріне қарсы бағытталған заңдар. Олар – 
адамның ақыл-ойының туындылары. Заңда қандай мақсатқа жетіп
оған жету жолында қандай құралдарды пайдалану керектігі көрсеті-
леді. Егер Августин заңдардың керектігін адамзаттың алғашқы тектік 
күнәсінан шығарса, Фома Аквинский оны табиғи қажеттіліктен 
шығарады. Адамдардың шығаратын заңдары табиғи заңдардан өзінің 
қайнар көзін бастап, соларға сәйкес келуі керек. Ой арқылы табиғи 
заңдардан адамдардың құқы құрастырылады. Ал соңғыдан оны нақ-
тылау арқылы азаматтық құқық пайда болады. Мысалы, табиғи заң – 
өмірдің құндылығы, оны сақтау керектігі. Одан «Өлтірме» деген адам 
құқы пайда болады. Ал азаматтық құқықта нақтылы түрде адам арам 
пиғылдың негізінде өлтірілді ме, әлде кездейсоқ жағдайда қаза болды 
ма, әлде мас адамның іс-әрекетінен өлді ме, – зерттеу негізінде әртүрлі 
жақтары тексеріледі.
Қайсыбір заң зұлымдық жолына тосқауыл қойып, оны бұзушыларға 
күш жұмсау, қамау арқылы қалған адамдардың бейбіт өмірін сақтайды. 


118
Сөйтіп, табиғаты бұзылған адамдар заңның күші арқылы, алғашқы 
уақытта сырттай оның талаптарына көнеді, жүре келе, ол әдетке айна-
лады. Мүмкін, олар соңында ізгі адамдарға айналуы да ғажап емес. 
Олай болса, қайсыбір заң тек қана қоғамды зұлымдықтан қорғау ғана 
емес, сонымен қатар тәрбиелік қызмет атқарады. 
Адам – міні көп, кемеліне келмеген пенде. Заңның керектігі осы 
іргетасты қағидадан шығады. Адамның барлық кемшіліктерін есеп-
теп, оны заң арқылы тежеу мүмкін емес. Ал, бірақ бүкіл қоғамға, басқа 
адамдарға кеселін тигізетіндерін заң арқылы тежеу керек. Мысалы, 
адам өлтіру, ұрлық жасау – ол бүкіл қоғамның өміріне қауіп туғызады. 
Оларға заңдық тосқауыл қойылуы қажет. 
Аса көңіл аударатын нәрсе – егер адамдардың шығарған заңы 
табиғи заңға қайшы келсе, – ол заңдық мәртебесін жояды. Қайсыбір 
заңның негізінде әділеттік жатуы керек, басқаша жағдайда, біз түгел 
шарпыған жемқорлыққа келеміз. Мүмкін, бүгінгі кең етек жайып кет-
кен жемқорлықтың себептерінің ішінде осы да болса керек. Фома 
Аквинскийдің осы ойлары бізді моральдық, адамгершілік мәселелеріне 
әкеліп тірейді. Заңның моральдық құндылығы табиғи заңмен байла-
нысты. Әділетсіз заң зорлық-зомбылыққа жеткізеді. 
Адам заңы Құдай заңына қайшы келсе, одан үзілді-кесілді бас тарту 
керек. Озбырлыққа қарсы көтерілісті де ақтау керек, өйткені одан артық 
зұлымдық қоғамда жоқ. 
Фома Аквинскийдің айтуына қарағанда, монархиядан артық билік 
формасы жоқ, ол – тәртіп пен мемлекет бірлігінің кепілі. Ең жаман 
билік формасы – қатал, озбыр билік, өйткені ол зорлық-зомбылыққа, 
заңсыздыққа негізделген, қоғамға зұлымдық әкеледі. Бұл билік 
күшейген сайын, оның зұлымдығы да арта түседі. 
Мемлекет адамдарды игілік жолына бағыттап, бұзылған адамдарды 
тәрбиелеп, ізгілікке сілтейді. Адамдардың жасаған заңдары арқылы 
қоғам өмірінде тәртіп орнап, адамдар бір-бірімен әртүрлі қарым-
қатынасқа түседі. 
«...Бірақ мемлекет адамдардың барлық рухани ұмтылысын, мақсат-
тарын өтей алмайды. Табиғи заңдар да, адамдардың жасаған заңдары 
да оған жеткіліксіз. Сондықтан Құдай адамдарды сүйіп, оларға аян-
мен берілген заңдарды (lex dіvіna) ұсынды. Сол себепті адамның 
басшылыққа алатын заңдарын әрқашанда Киелі кітаптағы заңдармен 
толықтырып отыруымыз керек», – деп қорытады Фома Аквинский.
Фома Аквинский философия тарихында өзінің ерекше ізін қалдырды. 
Оның сәулелі ойы, мөлдір логикасы, Құдайға деген шын ниеті, адамды 
сүюі осы күнгі заманға дейін үлгі болып, қазіргі адамзаттың рухани 
өміріне әсерін тигізуде.


119


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет