258
Осы арада Н.А.Бердяевтiң философиясының ғажап қызықты жағын
көремiз. Ол – алғашқы Ерiктiк пен Жаратушы-Құдайдың арасындағы
дуализм, қайшылық. Құдай дүниедегi зұлымдыққа жауапты емес,
өйткенi Оның
Өзiнiң негiзi жоқ, Ол Өзi шыққан түбi жоқ ерiктiкке
ештеңе жасай алмайды. Керiсiнше, Құдайдың Өзiнiң болмысына, содан
кейiн оның дүниенi жаратуына жол ашқан сол алғашқы Ерiктiк емес
пе? Олай болса, адамның өзi, бiр жағынан, Құдайдың жаратқан пендесi
болса, екiншi жағынан, түбi жоқ ерiктiктiң нәрестесi. Сондықтан ерiктiк
бүкiл адамның iс-әрекетiн баурайды. Ерiктiк дегенiмiз – еш нәрсеге
тәуелсiз таза сана, күш-қуат.
Белгiлi бiр «метафизикалық ессiз кезеңде» ерiктiк өзiн Құдайға
қарсы қойып, онымен күресе бастады. Ол барлық жаратылған дүниеге,
адамның өзiне де тарады. Сондықтан дүние мен адам зұлымдыққа
белшесiнен батты, ал Құдай оған еш нәрсе жасай алмайды, өйткенi
Ол ерiктiктi жаратқан жоқ. Мiне, осы сәтте дүниеге Мәсіх келiп,
бүкiл дүние мен адамдардың күнәларын өз мойнына алып, тұңғиыққа
тереңдеп, оны өз сәулесiмен жарқыратады. Сонымен Н.А.Бердяев
Құдайдың ессiз ерiктiктi жеңетiнiне
сенгенмен, бiрақ, оған үзiлдi-
кесiлдi
кепiл беруден бас тартады.
Н.А.Бердяевтiң философиясындағы негiзгi болмыстық санат – ол
Достарыңызбен бөлісу: