Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 3. Дiни экзистенциализм мен антропология



Pdf көрінісі
бет175/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   422
Байланысты:
2 (1)

§ 3. Дiни экзистенциализм мен антропология
Орыс философиясының антропологиялық бағыты, яғни адам 
мәселесiне басымырақ қарау – оның негiзгi ерекшелiктерiне жатады. 
ХIХ ғ. ортасынан бастап адамның өмiр сүруi, оның бостандығы мен 
құндылығы, тұлғаның нәзiктiгi, болмыстың неше түрлi үрейлерге 
толылығы т.с.с. экзистенциалдық сұрақтар орыс философиясының 
негiзгi мәселелерiне айналады. Осы бағыттағы ұлы философтар 
қатарына Лев Исаакович Шестовты (Шварцман) (1866-1938 жж.) 
жатқызуға болады. Н.А.Бердяевтiң айтуына қарағанда, Л.Шестовтың 
философиясын экзистенциализм бағытына жатқызуға болады, «оның 
философиясының қайнар көзi ретiнде адамның қайғы-қасiретi, үрейi 
мен зардабы, үмiтсiздiк сезiмi болды». Ол рационализм, сциентизм 
бағытын алғашқылардың бiрi болып қатты сынға алады. Оның ойынша, 
өмiрдегi әсемдiк, өнегелілiк, сенiм ешқандай рационалдық, логикалық 
танымға жеткiзбейдi. Ғылыми зерттеу – заттар мен құбылыстардың 
жалпы жақтарын тұжырымдайды, адамға келгенде оның қайталанбас
ерекше болмысын еске алмайды. Сөйтіп, адам өмiрiнiң мақсат-мұраты, 
мән-мағынасы, қайғысы мен қуанышы, махаббаты т.с.с. сыртта қалады. 
Олай болса, ғылым мен философия ымыраға келмейдi. Философияның 
негiзгi мәселесi – адам, оның өмiрiнiң мән-мағынасы.
Л.Шестовтың ойынша, ғылым мен философия ақиқаты да екi 
түрлi. Ғылыми ақиқат дүниедегi қажеттiлiктi зерттеуден шығып, 
барлық адамдарға бiрдей болып келедi. Ал философиялық ақиқатқа 
келер болсақ, оған әрбiр адам өзiнше өзiнiң болмысында жетуi керек. 
Адамзаттың негiзгi мақсаты – табиғаттың қажеттiлiгiн жеңiп, адамға 
бостандық, алғашқы ерiктiктi қайтадан әперу.
Ерiктiк мәселесiне келгенде, Л.Шестов оны Киелі кітаптың аңызына 
негiздеп қарайды. Алғашында дүние мен адамды Құдай өзiне ұқсатып, 
оларды құдiреттi, ерiктi, жетiлген қылып, жоқтан жаратқан болатын. 
Бiрақ Құдай адамға ескерту жасады: Эдем бақшасындағы өсiп тұрған 
таным ағашының жемiсiн жесең – өлесiң!! Жыланның сөзiне ерiп, 
өзiн Құдаймен теңегiсi келген адам тыйым салынған жемiстiң дәмiн 
татып, «бiлiмдi» пендеге айналды. Бiлiммен бiрге күнә өмiрге келiп, 
зұлымдыққа жол ашты. Бiлiм шындықты қажеттiлiкке айналдырып
ерiктiктi жойды. Мұндай жағдайдағы адамның алдындағы мақсат – 
жойылған ерiктiктi қайтару, дүниенi зұлымдықтан құтқару. Ол үшiн 
моральдық нормалар, неше түрлi ережелердi орындау қажет емес, 


257
өйткенi олардың бәрi де ғасырлар шеңберiнде ақыл-ойдың таразысынан 
өтiп, қажеттiкке айналды. Олай болса, адам моральдық нормалардың 
талаптарына қарсы шығып, өзiн ерiктi сезiну үшiн ойына не келсе, соны 
жасауы керек, өйткенi оны жаратқан – Құдайдың Өзi. Адам әрқашанда 
iшкi тебiре-нiсте, алаңдауда болып, өзiнiң ерiктiгiн Құдайдан iздеп
онымен қайта кездесу жолында табуы керек. Ол үшiн тек қана сенiм 
керек деп қорытады Л.Шестов. Тек қана сенiм ештеңемен шектелмеген 
бостандықты бередi. Адам таным ағашынан бас тартып, өмiр ағашына 
қайта оралуы қажет.
Орыстың дiни философиясына қомақты үлес қосқан Николай Алек-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет