Серіктестігі



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата28.12.2016
өлшемі5,95 Mb.
#637
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

127
алмасудағы елдер арасындағы серіктестікке және төмендегі 
мәселелерді шешу арқылы өмір сапасын арттыруға қатысты 
болуы тиіс: 
ғылым саласында да, өндіріс және қызметтер саласын да 
 •
да қосымша және жоғары жарақталған жұмыс орында-
рын құру; 
халықтың  білім  деңгейін  көтеру,  халықтың  құрамында 
 •
анағұрлым білікті еңбекпен шұғылданатын және тиісінше 
анағұрлым жоғары табыстар алатын адамдардың үлесін 
ұлғайту; 
ең  жаңа  технологияларды  пайдаланудың  есебінен  төл 
 •
өндірістік, экологиялық және әлеуметтік проблемаларды 
шешу; 
халық  тұтынатын  тауарлар  өндірісінің,  медицина  және 
 •
басқа салаларда зерттеулерді кеңейту, бұл өнімдердің, 
медициналық препараттардың және т.б. жаңа түрлерін 
әзірлеуге және өндіріске енгізуге жәрдемдеседі. Соның 
арқасында отандық нарықта бүгінгі заманғы, тиімділігі 
жоғары,  бәсекелестікке  жарамды  әрі,  ең  маңыздысы, 
отандық  тұтынушы  үшін  қол  жетерлік  тауарлар  пайда 
болуы тиіс; 
ғылымды  көп  қажет  ететін  өнімдер  өндіру  көлемдерін 
 •
кеңейтудің  және  халықтың  табыстарын  ұлғайтудың 
есебінен түрлі деңгейдегі бюджет түсімдерін ұлғайту; 
өндірістерді,  өндірістік  үрдісті  барынша  гуманизация-
 •
ландыруға, еңбек жағдайларын жақсартуға және та биғат 
пен адам үшін экологиялық нұқсанды азайтуға мүмкіндік 
беретін ең жаңа жабдықпен қамтамасыз ету.

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
128
Ж
АҢА
 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
 
ЕНГІЗУГЕ
 
БАЙЛАНЫСТЫ
 
ТӘУЕ
 
КЕЛДІКТЕРДІҢ
 
АЛДЫН
 
АЛУ
 
технологиялардың  адамзат  үдерісіне  оң  ықпалымен 
қатар,  технологиялық  тәуекелділіктердің  туындау  қаупі  де 
орын алады. 
XX ғасырдың екінші жартысында, гипериндустриализм 
кезеңінде,  технологияларды  дамытудағы  серпіліс  тәуе-
келдіктердің сандық үдеуіне, олардың қатарында ең елеулі 
орынды технологиялық тәуекелдік басқан тәуекелдіктердің 
жаңа түрлерінің пайда болуына алып келді. 
Индустриалдық  дамудың  бастапқы  сатыларында  бұл 
тәуекелдік түрі бірінші кезекте жаңа құралдармен, жаңа өндіріс 
технологияларымен байланысты болды және бұл жағдайда 
қауіп сол үрдіске тікелей қатысатын адамға төнетін. 
бірақ, мысал үшін, АЭС, кейбір әскери және химиялық 
өндірістердегі  секілді  аса  күрделі  технологиялар  пайда 
болғаннан  кейін,  технологиялық  тәуекелділік  өндірістің 
өзінің орналасқан жерінің шектерінен тысқары шықты. бұл 
тәуекелдік түрі енді қоғамға, адамға және табиғатқа төнген 
қатердің  тұрақты  факторына  айналды.  басқа  сөзбен  айт-
қанда, ол әлеуметтік, экологиялық проблемаға және, сайып 
келгенде, ғалами проблемаға айналды. 
XIX–XX  ғасырларда,  технологияларды  жаппай  дамы-
ту  кезеңінде,  адамзатта  оған  сәйкес  ғылыми-техникалық 
шығармашылықтың ең жоғарғы жетістігі өнертабыс болып 
саналатын  құндылықтар  жүйесі  қалыптасты.  бұл  орайда 
нақты өнертабыстың құндылығы оның азаматтық әлде әске- 
ри мақсатқа ие болуына байланысты, оның табыстылық не-
месе жойқындық әлеуетімен айқындалды. 
Нәтижесінде XXI ғ. басына қарай әртүрлі технологиялық 
өнертабыстар бүкіл адамзатқа зиян келтіретіндей пайдала-
нылды. 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
129
Қалыптасқан әлеуметтік-экологиялық дағдарыстан шығу 
өтіп бара жатқан дәуірдің, соның ішінде ғылыми-техникалық 
шығармашылық бағдары жағынан да, құндылықтар жүйесін 
өзгертусіз мүмкін емес. 
бүгінгі  заманның  тұрғысынан  ең  бастысы  жаңа  жаңа-
шылдықтың немесе өнертабыстың өзі емес, оларды пайда-
ланудың экологиялық, медициналық, қоғамдық, әлеуметтік, 
мәдени,  этикалық,  экономикалық  салдарына  барынша 
қамтамасыз етілетіндей ұзақ мерзімді болжам арқылы жан-
жақты талдау болуы тиіс [7]. 
Өзінің бүкіл тарихының бойында соғысып келген немесе 
соғысқа  дайындалуымен  болған  адамзат  қайта  ойлаудың 
нәтижесінде қару-жарақты шектеу, кейбір анағұрлым қауіпті 
әскери технологиялардан бас тарту жолына түсе алды. 
бұл  тұрғыдан  Қазақстаннның  өз  халқының  қауіпсіздігі 
мен бейбітшілікті нығайту мақсатында ядролық қарудан бас 
тартқанын  мысалға  келтіруге  болады.  кСРо  ыдырағаннан 
кейін, республиканың аумағында ядролық қару-жарақтың 
— батыста «Сатана» деген үрейлі атауға ие болған, бөлінетін 
жарылғыш ұштықтары бар стратегиялық ракеталардың және 
тиісінше оларға атомдық және термоядролық зарядтардың 
айтарлық саны қалған еді. Сол сәтке қарай бұл ажал әкелуші 
әлеует әлемдегі қуаты жағынан төртінші болып табылатын. 
ол кезде Қазақстанда құрлықта орналасқан континен-
таралық баллистикалық ракеталар ұшыруға арналған жалпы 
саны 148 шахталық қондырғы шоғырландырылған болатын. 
Ұшыру шахталарында әрқайсысы ядролық жарғыш ұштықпен 
жарақталған тура 104 континентаралық баллистикалық раке-
та орналасқан еді. Сол ракеталардың жүктемесі 7,6 тоннаны, 
ал  жойқындық  радиусы  —  шамамен  12  мың  шақырымды 
құрады.
Қазақстанның  биологиялық  қару  саласындағы  әлеуеті  
де аз болған жоқ. 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
130
Әлем тарихында Қазақстан тұңғыш болып сол жой қын 
арсеналдың  барлығынан  ерікті  түрде  бас  тартуға  шешім 
қабылдады. бұл шешім тәуелсіз Қазақстанның ғаламшардағы 
тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайту ісіне қосқан абы-
ройлы үлесі болды. 
Демек,  ғалами  экологиялық  проблемалар  тұрғысынан 
қалаусыз индустриалдық және ауыл шаруашылығы технологи-
яларына қатысты да тап сондай міндеттерді шешуге болады. 
бүгінгі заманның ғылымы, техникасының жоғары деңгейі, 
білімнің  барлық  дерлік  салалары  бойынша  қол  жетерлік 
ақпарат қоры, өнеркәсіптік технологиялардың айтарлықтай 
арзандауы — осының барлығы адамзаттың игілігіне жұмыс 
істеуге  тиіс.  Өкінішке  қарай,  үдеріс  тек  бейбіт  даму  үшін 
ғана  емес,  сонымен  қатар  оған  қарсы  тұру  үшін  де  жаңа 
мүмкіндіктер туғызады. 
Сондықтан ғалами қауіпсіздік жүйесі үзіліссіз жетілдіріліп 
отыруға, техникалық дамумен бірге аяқ басуға тиіс. Қауіпті 
материалдар мен технологияларды қатаң бақылау — олар-
дың  таралмауының  негізгі  элементі,  кез  келген  қауіпсіздік 
жүйесінің негізі. Қарудың өзінің де, сондай-ақ оның ғалами 
және ауқымды жекелеген элементтерінің таралуына қарсы 
тұру басқыншылық ұмтылыстарға қарсы пәрменді шара бо-
лып табылады. 
бүгінгі заманда адамзат өркениеті техногендік, жасанды 
ортада дамуда. біз оны өз қолымызбен құрып, үнемі қайта 
жаңғыртып отырамыз. 
бҰҰ деректері техногендік апаттардан қаза тапқандардың 
саны  жағынан  табиғи  нәубеттердің  барлық  түрлерінің  қа-
тарында үшінші орын алып отырғанын көрсетеді. техникалық 
үдеріс ондай апаттардың тәуекелдігін бірбеткей ұлғайтады, 
оның үстіне, олардың себебі көбінде ақымақтық, салақтық 
пен пайдакүнемдік негізіндегі «адами фактор» болуда. 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
131
табиғи  нәубеттердің  барлық  түрлерінің  ішінде  қа за 
тапқандардың  саны  жағынан  бірінші  орында  —  гидро-
метеорологиялық  апаттар,  мысалы,  топан  су  және  цуна-
ми,  екінші  орында  —  геологиялық  апаттар  (зілзала,  сел 
ағындарының көшкіндері, жанартаулардың атқылауы және 
басқасы). 
Жалпы алғанда, XX ғасыр тек адамзатқа жаңа қатерлер 
мен тәуекелдіктер әкеліп қана қоймай, сонымен қатар ға лами 
қатерлерге қарсы тұрудың бірнеше жалпыға ортақ жолдарын 
белгілеуге  мүмкіндік  берді.  олардың  ішіндегі  ең  бастысы, 
әлбетте,  орнықты  даму  жолы  болып  табыла ды.  Қоршаған 
ортаны  қорғау  және  дамыту  жөніндегі  халықаралық  ко-
миссия  оған  «болашақ  ұрпақтың  өз  мұқтаждықтарын 
қанағаттандыруға  қабілетіне  нұқсан  келтірмей,  қазіргінің 
мұқтаждықтарын  қанағаттандыруға»  мүмкіндік  беретін 
әлеуметтік, экономикалық және саяси үдеріс жолы ретінде 
сипаттама  берді.  бұл  тұжырымдама  Рио-де-Жанейродағы 
(1992 жыл) бҰҰ Қоршаған орта және даму бойынша конфе-
ренциясында терең өрістетілген талдауға түсті. 
Өкінішке  қарай,  адамзат  көптеген  қауіпті  технология-
лардан  бірден  бас  тарта  алмайды.  Сондықтан  ғалымдар, 
сарапшылар және саясаткерлер қоғамға бұрыннан бар техно-
логияларды қалайша анағұрлым қауіпсіз және сенімді етудің, 
істес  болуға  тура  келетін  тәуекелдіктерден  қалай  сақтану 
керектігінің жауабын беруге талпынады. 
тәуекелдіктердің  бетін  қайтару  тәсілдерінің  бірі  —  ту-
ындайтын  негізгі  тәуекелдіктермен,  әсіресе  жаңа  техноло- 
гияны пайдаланған кезде туындау ықтималдығы анағұрлым 
жоғары тәуекелдіктермен күресудің тиімді әдістерін әзірлеу. 
олардың бетін қайтару үшін түрлі ғалами және ұлт тық 
инновациялық  бағдарламалардың,  тырнақалды  жоба-
лардың, технология оларда өзінің барлық оң және теріс си-
паттарын танытқан сынамалау мысалдары қажет. 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
132
Жаңа технологияларды енгізу әлеуметтік, экологиялық 
сипаттағы тәуекелдіктер әкелмейтініне сенімділік жоқта, ол 
туралы  ғылыми  білімдер  жеткіліксіз  болған  кезде  сақтық 
қағидасын — аталған технологияларды енгізуден бас тарту 
қағидасын ұстану қажет. 
Сонымен қатар, егер технология жобаларды және ұйым-
дарды басқару мәнеріне және әдістеріне ықпал ететін бол-
са, онда енгізілгенге дейін ондай технологияда оның жақсы 
басқарылуын  қамтамасыз  етумен  байланысты  қосымша 
әзірленімдері — өнімдер мен үрдістер сапасының қосымша 
метрикалары, жобалар жағдайының көрсеткіштері, туындай-
тын тәуекелдіктерді жеңу әдістері және т.б. болуы тиіс. 
Жаңа  технологияларды  дамыту  кезіндегі  мемлекеттің 
міндеті  адами  даму  мен  технологиялық  үдеріс  сияқты  екі 
үрдістің орын алуына және бірін-бірі толықтыруына жағдай 
жасау болуы тиіс.
А
ҚПАРАТТЫ
-
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
 
ИНфРАҚҰРЫЛЫМДЫ
 
ДАМЫТУ
 
Жаңа  технологиялар  ендірудің  маңызды  мәселесі  ең 
алдымен  адами  дамуға  бағытталған  инфрақұрылым  құру 
болып табылады. Жаңа технологияларды ендіру әсерлерінің 
бірі технологиялық қорларға халықтың басым көпшілігінің 
қол жеткізу мүмкіндігі, өндірістің жоғары жылдамдығы мен 
икемділігі,  барлық  өмір  салаларына  қарқынды  ендіру  бо-
луы тиіс. іс жүзінде технологиялық игіліктерге қол жеткізу, 
оларды пайдалану мүмкіндігі, бір қызығы, түрлі әлеуметтік 
қауымдар мен елдердің арасындағы айырғыш, бөлектегіш 
болып табылады. 
көптеген технологиялық оқшауланған аудандар — әсіресе 
оңтүстік Азия мен Африка елдеріне қатысты — қайыршылық 
жағдайда өмір сүріп жатыр.

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
133
Әрі  осының  салдары  ретінде,  олардың  ең  басты  мә-
селелері  —  тропикалық  аурулар,  ауыл  шаруашылығы 
өндірісінің  төмен  деңгейі,  айналадағы  құлдилау;  аталған 
мәселелердің  шешімі  бүгінгі  заманның  технологияларын 
пайдалануды талап етеді.
бірақ,  сол  елдердің  ауыр  экономикалық  жағдайына 
байланысты,  ондай  технологияларға  олар  қол  жеткізе  ал-
майды:  сатып  алу,  ғылыми  зерттеулер  жасап,  ендіру  үшін 
қаражаты  жоқ.  кедей  елдер  үшін,  әсіресе  Африкада,  ау-
рулар, тропикалық жұқпалы аурулар — жалпы адамзаттық 
алапат,  өркениеттің  дамуына  елеулі  кедергі.  Шетелдік 
инвесторлардың  көзқарасы  тұрғысынан,  ең  алдымен 
технологиялық оқшауланған елдер үшін қатерлі болып та-
былатын  аурулардың  үлесі  жоғары  аймақтар  дүниежүзілік 
экономикасына зиянды әсерін тигізеді. 
Қазіргі кезде дамыған елдер мен басқа әлем арасындағы 
ақпараттық  технологияларды  дамыту  және  пайдалану 
саласындағы алшақтық ұлғайып келеді. 
озық елдер жаңа технологияларды қарқынды да мыту-
дың  есебінен  басқаларынан  қарасын  үзетін  әртүрлі  елдер 
арасындағы теңсіздік немесе Интернетке, ақпараттық өнімдер 
мен  байланыс  қызметтеріне  қатынау  мүмкіндігі  жағынан 
халық  топтарының  арасындағы  теңсіздік  қазіргі  әдебиетте 
«Digital  Divide»  терминімен  аталады.  бұл  ағылшыннан 
«цифрлық теңсіздік» деген мағынада аударылады. 
Атап айтқанда, әртүрлі елдер мен әлеуметтік топтар са-
палы ақпараттық өнімдерге әртүрлі қол жеткізу мүмкіндігіне, 
сондай-ақ әртүрлі білім және техникалық машықтардың даму 
деңгейінің нәтижесінде оларды пайдалану жағынан әртүрлі 
мүмкіндіктерге ие болады. 
Цифрлық теңсіздік елдердің немесе халықтың жекелеген 
топтарының білімді тиісті шектерде пайдалануға, бейімдеуге, 
өндіруге және таратуға қабілетін айқындайды. Ақпараттық 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
134
теңсіздік  жекелеген  елдердің  ішінде  де,  халықтың  әртүрлі 
топтарының  —  байлар  мен  жарлылардың,  жас  және  егде 
адамдардың,  дені  сау  және  мүгедектердің  арасында,  ал 
кейбір елдерде — этникалық азшылықтың және әйелдердің 
арасында орын алады. 
технологиялық өзгерістер онсыз да өркениеттің бүгінгі 
мүмкіндіктерінен  ада  болған  халықтың  кейбір  топтары 
халықтың элиталық бөлігінен одан сайын алшақтауына әкеліп 
соғады. оның үстіне, алғашқылардың үлесі әлемдегі елдердің 
көпшілігінде,  соның  ішінде  ЭыДҰ  елдерінде  де,  үнемі  өсу 
үстінде. Сонымен қатар, статистиктер жаңа технологиялардың 
барлығы дерлік бүкіл дүние жүзі халқының 15%-ынан аспай-
тыны тұрып жатқан елдерде жасалатынын анықтаған. оның 
үстіне, бұл ноу-хау Жер шары тұрғындарының жартысынан 
артылмайтын бөлігіне дейін ғана жетеді.

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
135
3.5. ӨРКЕнИЕТТЕРДІ ТЕХнОЛОГИЯЛЫҚ 
ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ
 
И
НЕРЦИЯЛЫҚ
 
СТРАТЕГИЯ
 
бүгінгі таңда үстем беталыстар мен орын алған күштер дің 
бөлінуі жағдайында, ұзақ мерзімді болашақта ең алдымен 
мұнай мен басқа да шикізаттық қорларға әлемдегі бағалардың 
төмендеуінің есебінен дүниежүзілік ЖіӨ өсу қарқындарының 
төмендеуіне әкелетін технологиялық дамудың инерциялық 
сценарийінің іске асу қатері бар. 
бұл ескірген негізгі капиталды инновациялық жаңартуда 
артта қалуға, өнімнің тек сыртқы ғана емес, сонымен қа тар 
ішкі  нарықта  да  бәсекелестікке  жарамдылығының  төмен-
деуіне,  демек,  жалпы  алғанда  экономиканың  да  артта 
қалуына әкеліп соғады. 
Өркениеттердің  инерциялық  бағытта  даму  алғышарт-
тарының  бірі  дүниежүзілік  және  отандық  экономи калық 
ғылымда әлі күнге дейін кеңінен танымалдыққа ие болған 
постиндустриалдық  интегралдық  экономиканың  ғылыми 
тұжырымдама әзірленбеу фактісі болуы мүмкін. кейбір эко-
номистер  постиндустриалдық  экономика  ендігі  Солтүстік 
Америка мен батыс еуропаның дамыған елдерінде іс жүзін-
де бар, ал еуразиялық өркениеттің елдері әлі де ұзақ уақыт 
екінші шепте немесе мүлдем артта қалған, жаңартуға жата-
тын елдердің қатарында қала береді деп мәлімдейді. басқа 
экономистер  постиндустриалдық  өркениетті  ақпараттық 
қоғаммен  сәйкестендіреді,  бұл  технократиялық  сипаттағы 
қоғамның сақталып қалуын жорамалдайды. 
іс  жүзінде  алғашқылары  да,  басқалары  да,  бүгінгі  за-
манның  технологияларын  олардың  шын  мәніндегісінен 
анағұрлым  жақсы  тұрғыдан  көруді  қалап,  оларды  консер-
вациялаудың ықтимал сценарийін ақтайды. 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
136
Менің пікірімше,
 кез келген нысандағы инерциялық 
сценарийді  таңдау  –  болашақ  өркениеттер  үшін 
қауіпті. 
И
ННОВАЦИЯЛЫҚ
-
СЕРПІЛІСТІ
 
СТРАТЕГИЯ
Өркениеттердің  ұзақ  мерзімді  дамуының  бірден-бір 
сенімді  әрі  нақты  сценарийі  инновациялық-серпілісті  сце-
нарийі  болып  табылады.  Инновациялық-серпілісті  стра-
тегияны  әзірлеу  қажеттілігі  XXI  ғасырдың  талаптарынан, 
ғаламдандырудың және әлем экономикасының бүгінгі күнгі 
рецессиясының салдарынан туындаған сыни жағдаяттарды 
тиімді  шешудің  экономикалық  өктемдерінен  пайда  бо-
лады.  Дүниежүзілік  экономикалық  рецессия  мен  өндіріс 
тиімділігінің  өсу  қарқынының  төмендеу  баламасы  V  және 
VI  технологиялық  жөн-жосықтардың  постиндустриалдық 
технологиялық өндіріс тәсілінің қалыптасуы болуы тиіс, ол 
болса,  өндірістік  аппаратты  (негізгі  капиталды)  түбегейлі 
жаңартуды, инновацияларға айтарлықтай қаржы салымда-
рын салуды талап етеді. 
VI технологиялық жөн-жосықтың дайындамалары соң- 
ғы 10 жылда дамыған елдерден көрінуде. бұл, ең алдымен, 
нанотехнологияларды үдете дамыту, балама энергияның жаңа 
түрлерін, яғни сутек энергиясын да, сондай-ақ екінші буынның 
биологиялық отынын да әзірлеу және қайта жаңартылатын 
энергия көздерін игеруге назар аударуды күрт күшейту. 
технологиялық революцияның XXI ғасырдың ортасына 
қарай бүкіл қоғамның технологиялық базасын қайта құруға, 
еңбек өнімділігін өсіру қарқынын үдетуге және экономикалық 
өсудің  жоғары  қарқындары  мен  халықтың  өмір  деңгейін 
және  сапасын  арттыруға  жеткілікті  қорларының  болуына 
жағдайлар жасауға мүмкіндік беретін басқа бағыттарын да 
атауға болады. 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
137
Инновациялық-серпілістік стратегия білімге негізделген 
қоғамға  көшкенде,  постиндустриалдық  ғылыми  парадиг-
ма  қалыптасқанда  қолайлы  факторлардың  жиынтығын 
пайдалануға, дағдарыстық кезеңнің қарама-қайшылықтары 
мен қауіп-қатерлерінен жылдамырақ өтуге және объективті 
орын алған шектемелерді (ең алдымен табиғи-экологиялық 
және демографиялық) ескере отырып, макроэкономикалық 
серпіннің оңтайлы траекториясын қамтамасыз етуге мүмкіндік 
пайда болады дегеннен бастау алады. бұл сценарийді орташа 
оптимистік деп санауға болады. 
осы екі арада, бұл үрдістің жолында белгілі бір ке дергілер 
пайда болуда.
Біріншіден,  әлемде  үлкен  көлемде  еуразиялық  өр ке-
ниеттің елдеріне, соның ішінде Қазақстанға да, өзгертілген 
түрде импортталатын, ескірген технологиялар жинақталып, 
таратылуда. Жалған инновациялардың, яғни жақсартылған, 
бірақ моральдық тұрғыдан ескірген технологиялардың ағыны 
ұлғайып келеді. 
бұл елдің инновациялық-серпілісті экономикалық даму  
сценарийін іске асыруға кедергі келтіреді және еңбек өнімділігі 
өсу қарқынының төмендеуінен көрініс табады. 
Жағдаяттың шешілуі экономиканың ғылыми-техникалық 
жаңартуға  инвестициялардың  жалпы  көлемі  мен  олардың 
ЖіӨ үлесін өсірудің, инвестицияларды ғылыми-зерттеушілік 
және  тәжірибелік-конструкциялық  жұмыстарға,  V  және  VI 
технологиялық жөн-жосықтардың инновацияларын игеруге 
қайта бөлудің негізінде мүмкін. 
Екіншіден, артта қалған өркениеттердегі технологиялық 
дамудың  сыни  жағдаяты  индустриалды  қоғамның  басым-
дықтарына және табиғатты қарқынды пайдалануға бағдар 
алған  экономиканың  және  инновациялық-техно логиялық 
әлеуеттің  тиімсіз  құрылымынан  көрініс  табады.  бұл  сыни 
жағдаяттың  шешімін  экономиканың  және  инновациялық-

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
138
инвестициялық секторын реформалау, оның ЖіӨ үлесін арт-
тыру, адами капиталды және қор үнемдеуші технологияларды 
инновациялық дамытуға бағдар алу жолынан табуға болады. 
Үшіншіден, авангардты елдер мен артта қалған елдердің 
көпшілігінің арасындағы технологиялық алшақтық ұлғайып 
келеді. бұл артта қалып отырған экономикалар өнімдерінің 
бәсекелестікке  жарамдылығының  төмендігін,  байлық  пен 
жаршылықтың арасындағы тереңдеп бара жатқан шыңырауды 
туғызады. XXI ғасырдың басындағы ғалами экономикалық 
дағдарыс артта қалған елдерде жаңа технологиялық жөн-
жосықтарды  игеру  үшін  ең  аз  қажет  етілетін  төл  ғылыми, 
кадр-лық және инвестициялық әлеуеттің жоқтығы кесірінен 
ол алшақтықты күшейте тү седі. одан шығу жолы — авангард-
ты  және  артта  қалған  өркениеттердің  экономикалық  және 
әлеуметтік  даму  деңгейлерін  жақындастыру  жолындағы 
серіктестігінде. 
Төртіншіден, инновациялық даму жолындағы елеулі ке-
дергі жаңа технологияларды тиімді әзірлеуге, игеруге, өндіруге 
және іске пайдалануға қабілетті кадрлардың қатты тапшылығы 
болып табылады. Әңгіме өзегі технологиялық тізбектің барлық 
деңгейлерінің кадрлары — ғалымдар, конструкторлар, ин-
женерлер,  техниктер,  білікті  жұмысшылар,  менеджерлер, 
мемлекеттік қызметшілер туралы қозғалып отыр. 
мәселе олардың санында емес, олардың кәсіптік дайын-
дық деңгейінде, өздерінің қызмет салаларында айтарлықтай 
тәуекелдікке баруына байланысты, бірақ жаңа инновациялық 
нарық тауарларын сәтті қалыптастырған және игерген жағ-
дайда, ірі табыс әкелетін түбегейлі инновацияларды енгізу 
қабілетінде болып тұр.
XXI  ғасырдың  жаңа  талаптары  ірі  ауқымды,  бастапқы 
капиталының  деңгейі  жоғары  постиндустриалдық  техно-
логиялық өндіріс тәсілінің инновацияларын игеруді қажет етеді. 
ондай инновациялық серпіліс тек дайындалған және инно-

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
139
вацияларды белсенді енгізуге бағдарланған кадрлар болған 
кезде, сондай-ақ мемлекеттің, бизнестің, ғылым мен білімнің 
инновациялық серіктестігінің негізінде мүмкін болмақ. 
Инновациялық-серпілісті  стратегияны  іске  асыру  өрке-
ниеттердің  серіктестігін  дамытуды  және  соның  нәтижесі 
ретінде  авангардты  өркениеттер  мен  елдерден  артта  қал-
ғандарына инновациялық технологиялардың қуатты ағынын 
ұйымдастыруды күтеді. Алайда басқалардың тәжірибесінен 
алынған  серпілістік  технологиялар  артта  қалған  елдердің 
жағдайларына бейімделіп, тиімді қолданылуы үшін арнайы 
шарттар қажет. 
Біріншіден, меншікті қолданбалы ғылыми және тәжіри-
белік-конструкторлық база мен дайындалған кадрлық әлеует 
(білікті  зерттеушілер,  конструкторлар,  сынақшылар,  тал-
даушылар, инженерлер, білікті жұмысшылар, менеджерлер) 
дамыған болуы тиіс. 
Қатарына Қазақстан кіретін еуразиялық өркениеттің ел дері 
үдерісті технологиялардың осы ағынында ерекше орын алып 
отыр. олар тек технологиялардың алыс-берісімен ғана шектеліп 
қалмай, сонымен қатар технологиялық серпілістің жекелеген 
бағыттары бойынша көшбасшылардың қатарында болу үшін 
жетерліктей жоғары ғылыми негізге және жұмыскерлердің 
білім деңгейіне ие. бірақ ол үшін инновациялық серпіліске 
жарияланған  бағытты  табанды  жүргізу,  мемлекеттің  және 
әсіресе жеке бизнестің отандық ғылыми-техникалық негізді 
дамытуға жұмсалымдарын көп есе ұлғайту, технологиялардың 
алыс-берісі басым бүгінгі курстан бас тарту қажет. 
Екіншіден, азық-түлік, энергетика және экология, білім 
саласындағы ғалами сыни жағдаяттарды шешуге және адами 
капиталды дамытуға арналған V пен VI технологиялық жөн-
жосықтардың технологияларын үдете игеруді және таратуды 
мақсат  тұтқан  инновациялық  дамыту  тетігін  қалыптастыру 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет