Серіктестігі


ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата28.12.2016
өлшемі5,95 Mb.
#637
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
140
Үшіншіден, серпілістік инновацияларды қарқынды тара-
ту  инвестициялар  құрылымының  реформасын,  қазіргіден 
жоғары  технологиялық  жөн-жосықтардың  инновацияла-
рын  әзірлеуге,  игеруге  және  таратуға  қаржы  салымдарын 
өсіруді,  ондай  инвестициялардың  бастапқы  кезеңде  жо-
ғары тәуекелдікпен және ұзақ ақталу мерзімдерімен ерек-
шеленетініне қарамастан, жаңа, жылдам дамып келе жатқан 
салаларға инвестициялауды ұлғайтуды талап етеді. 
Сондықтан  техниканың  жаңа  буындары  мен  ғылыми-
техникалық бағыттарды игерудің бастапқы кезеңінде мем-
лекет тарапынан елеулі қолдау қажет етіледі. 
Сипаты  жағынан  VI  технологиялық  құрылысқа  сәйкес 
технологияларға,  сондай-ақ  инновациялық  серпіліс  үшін 
кадрлар даярлау бойынша ірі көлемді жобаларға, ақпараттық 
технологиялар  мен  Интернетті  дамытуға,  қор  үнемдеуші, 
экологиялық  таза  технологияларға,  ұлттық  инновациялық 
жүйелерді қалыптастыру үшін инвестицияларға артықшылық 
берілуі тиіс.
Қазақстанда бүгінгі таңда VI технологиялық құрылыстың 
өзегі қалыптасып келеді. 2008–2009 жылдардағы дағдарыс 
технологиялық  көшбасшыларды  қуып  жетуге  тырысудың 
қажеті жоқ екенін тағы бір растады. олардың тәжірибесін пай-
даланып, сонымен қатар өз экономикамызда бар III, IV және 
V құрылыстардың қалдықтарын VI жөн-жосыққа көшу үшін 
пайдалана отырып, қозғалуды бастау мақсатқа қонымдырақ. 
Демек,  біз  нанотехнологияларды,  қайта  жаңартылатын 
және  балама  энергетиканы,  биониканы  және  басқаларын 
қарқынды дамытуға тиіспіз. 
Алайда  ықтимал  сценарийді  ұзақ  мерзімді  болашақта  
дамыту  шарттары  мен  жолдарын  айқындап  қана  қою 
жеткіліксіз.  Қорытындысында  серпіліс  стратегиясын  жә не 
мемлекеттің,  бизнес  пен  қоғамның  серіктестігіне  бағдар-
ланған, оны іске асыру тетігін әзірлеу жөнінде ұсыныстама-

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
141
ларға  негіздеме  беретіндей,  оптимистік,  инновациялық-
серпілісті стратегияны жүзеге асыру үшін ше шуші мәнге ие 
факторларды анықтау маңызды. 
Инновациялық-серпілісті  стратегияны  сәтті  іске  асы-
ру,  ғылыми-техникалық  көшбасшы  елдермен  арадағы 
алшақтықты  қысқарту  үшін  құрылымдық  жаңартудағы 
артықшылықты  үдерісті  технологиялық  жөн-жосықтардың 
негізіндегі өндірістердің пайда болуына беру керек. Әзірге 
жоғары  технологиялы  секторды  қалыптастыруға  жарамды 
төл  инновациялардың  жаппай  пайда  болуын  күтуге  бол-
майды. Сондықтан нанотехнологиялар, биотехнологиялар, 
ақпараттық технологиялар саласында ең соңғы технология-
лық жөн-жосықтың оза қалыптасуы үшін алғышарттар жа- 
сау қажет. олар ең алдымен мате риалдық-техникалық алғы- 
шарттар  —  бүгінгі  заманғы  коммуникациялар  мен  инфра-
құрылым, сондай-ақ ин теллектуалдық алғышарттар, соның 
ішінде білімді, ғы лымды, ғылыми-зерттеушілік базаны да-
мыту. 
Сөйтіп,  технологиялық  серпіліс  стратегиясы  иннова-
циялық-серпілістік болуға және авангардты елдерден кенже 
дамыған және артта қалған елдерге инновациялық техноло-
гияларды ілгерілетуді ұйымдастыру бойынша өркениеттердің 
серіктестігін дамытуды көздеуге тиіс.

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
142

ТҮБЕГЕЙЛІ 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ЖАҢАРТУ 
СТРАТЕГИЯСЫ
4-тарау

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
145
Өркениетті дамудың серпіні 
кеңістіктік және уақыттық көріністердің 
кең ауқымымен сипатталады. Аталған 
көріністер сан алуан параметрлермен 
және ірі экономикалық жүйелерді 
немесе өркениеттік түзілімді 
қалыптастыратын үлкен экономикалық 
жүйелер ретінде сәйкестендірілетін, 
көптеген сондай жүйелерді қамтитын 
ауқымдармен көрінеді. 
Өркениеттер серпінінің 
ерекшеліктерін зерттеу оның циклділігі 
жайында, циклдер фазаларының 
ауысу мезгілділігі жайында, кезекті 
циклден өткен кездегі өркениеттердің 
дамуы жайындағы ұғымға алып келеді. 
осының барлығы әртүрлі ұзақтыққа 
және олардың жаратылу шарттарынан 
туындайтын тереңдікке ие, соның 
ішінде экономикалық дағдарыстардың 
пайда болуының лажсыздығы туралы 
пайымдауға мүмкіндік береді.

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
146
4.1. БҮГІНГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ДАҒДАРЫСТЫҢ САБАҚТАРЫ
Дағдарыстың басым экономикалық жөн-жосықтардың 
трансформациясына және өркениеттердің серпініне тигізетін 
ықпалының  өзгешеліктеріне  қарай,  оның,  бір  жағынан, 
ескінің және одан әрі ілгерілеуге бөгет жасайтынның іргесін 
шайқау тұрғысынан жойқын әсерге, ал, екінші жағынан, жаңа 
үдерісті өзгерістердің қалыптасуына және таралуына арналған 
кеңістікті кеңітетін жасампаз әсерге ие болатыны және жүзеге 
асыратын  функцияларының  қарама-қайшылығы  туралы 
тұжырым жасау керек.
Ө
РКЕНИЕТТЕР
 
ЭКОНОМИКАСЫ
 
СЕРПІНІНІҢ
 
ЦИКЛДІЛІГІ
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында,  өрлеу  сатысында 
техникалық-технологиялық  және  экономикалық  өрке-
ниеттік  дамудың  тамаша  нәтижелеріне  қол  жеткізілді. 
Атап  өткен  серпінге  ғылыми  жетістіктердің  өрлеуі,  әлем 
халқының  білім  және  мәдениет  деңгейінің  жоғарылауы 
ілесті.  Индустриалдық  экономикалық  циклдің  шыңында 
жалпы  ішкі  өнім  (ЖіӨ)  өсімінің  ең  жоғары  қарқындары 
байқалды.  1950–1973  жылдардағы  кезеңде  олар  орташа 
жылдық өсімнің 4,9 пайызын, ал жан басына шаққанда — 
2,9 пайызын құрады. келесі онжылдықтың өзінде-ақ аталған 
көрсеткіштердің өсу қарқыны тиісінше 3,1 және 1,4 пайызға 
дейін төмендеумен болды, ал өткен ғасырдың 90-шы жылда-
рында ЖіӨ өсу қарқыны 2,6 пайыздың деңгейінде болды. 
Постиндустриалдық өркениеттің шарттарына көшу саты-
сында қалыптасқан алғышарттар, келесіде өркениеттік даму 
серпініне қосылу кезінде олардың орын алуы тек жағымды 
жағынан  ғана  емес,  сонымен  қатар  келеңсіз  жағынан  да 
көрінуі мүмкін болғандықтан, бірсыңайлы бағалана алмайды. 

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
147
мысалы,  шаруашылық  саласындағы  үрдістерді  ға-
ламдандырудың  күшеюі  –  техникалық-технологиялық 
серпіліс және жөн-жосықтардың ауысуы барлық шаруашылық 
түзілімдерге экономиканың жаңа сапасын әкеліп, оны жалпыға 
ортақ дәулетке айналдырғанда ғана, жағымды сипатқа ие. 
Алайда  аталған  үрдістердің  келеңсіз  жағы  да  бар,  ол  
өзара алшақтау, қарама-қайшылықтардың үдеуінің, әлеумет-
тік, экономикалық және саяси өмірдің түрлі салаларындағы 
асқынуға әкелетін басқа факторлар әсерінің ауқымдарынан 
көрінетін  шамадан  тыс  өзгертілген  нысандардан  туындай-
ды. 
Ғалами  дамудың  факторларын  айқындаудың  және 
бағалаудың  негізгі  мәселесін  қарастырғанда,  өр кениет-
тердің  жинақталған  қорларды  бөлуінің  және  пайдалану 
оңтайлылығының  мәселесін  орағытып  өтуге  болмайды. 
Ұлтаралық  корпорациялар  мен  әлемнің  ең  бай  елдерінің 
мүдделерінде  қалыптастырылған  неолибералдық  эконо-
микалық  үлгісінің  қолданыстағы  тетігі  әлем  экономикасы- 
ның  құрылымдық  ығысу  серпінінде  қалыптасқан  келеңсіз 
беталыстарды өршітеді және кү шейтеді. 
Дамыған  өркениеттер,  шынтуайтқа  келгенде,  жаңа 
сапалық  деңгейдің  жөн-жосықтары  трансформациясының 
әлеуетін  иемденуде  және  әрдайым  келелі  және  базистік 
қайта құруға бағдар ала бермейтін, оларды жиі қабыл ал-
майтын немесе белгісіз мерзімге кейінге ысыратын бағыттағы 
қозғалысқа мұрындық болуда. 
Үлкен экономикалық жүйелердің негізгі күштерінің байлар 
мен жарлылардың, дамыған және даму үстіндегі жүйелердің 
арасындағы  алшақтықты  қысқартуға  байланысты  ғалами 
дүниежүзілік шаруашылық мәселелерден басқасын шешуге 
шоғырландырылғанына мысалдар аз емес. 
керісінше, олар негізгі капиталды «алтын миллиардтың» 
елдерінде шоғырландыруға, дүниежүзілік қаржылық рента-

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
148
ны түгелдей өздері иемденуге ұмтылады. оған Дүниежүзілік 
банктің деректері бойынша, 2006 жылы 43,6 трлн  долларға 
жеткен, бүкіл әлемнің жалпы ішкі өнімінің 99 пайызын құра-
ған нарықтық капиталдандыру көрсеткіштері дәлел. 
XX  ғасырдың  аяғынан,  дәлірек  айтсақ,  оның  соңғы 
ширегінен бастап, дүниежүзілік өркениеттің серпіні құлды- 
рау фазасына көшіп, ол ғалами өркениеттік дағдарысқа ай-
налды. 
бәрінен ықтималы, тіпті мән-жайлардың қолайлы ұла-
суы жағдайында да аталған дағдарыс XXI ғасырдың бірінші 
ширегін  түгелдей  алады.  оның  салдары  ғасырдың  бірінші 
жартысының бойында созылмалы сипатқа ие болатындай, 
өзге нұсқасы да орын алуы мүмкін. Өркениеттердің осы даму 
сатысында өте ұзақ өркениеттік циклдердің ауысуы жүретін 
болады, бұл олардың терең сапалы жаңғыруын туғызады.
Ө
РКЕНИЕТТЕР
 
СЕРПІНІНДЕГІ
 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
 
ЖӘНЕ
 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
 
ЦИКЛДЕРДІҢ
 
ӨЗАРА
 
БАЙЛАНЫСЫ
Өркениеттердің экономикалық серпінінің бүгінгі таңдағы 
сатысы ұзақ мерзімді, өте ұзақ мерзімді және мыңжылдық 
циклдердің дағдарыстық фазаларының жағдайынан туын-
даған өте бірегей ерекшелігімен сипатталады. 
ондай ерекшелік экономикалық дағдарыстардың туын-
дау мүмкіндігін алдын ала болжауға, демек, қандай да бір 
шамада  дайындалуға  және  жалпы  өркениеттік  серпіннің 
келеңсіз фазаларынан өтудің тым ауыр болмайтын әдістерін 
және олардың мерзімдерін біршама қысқартып, көз жететін 
келешек шектеріндегі кеңістікті қамтуды қамтамасыз етудің 
негіздерін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Жалпы,  әрі  тұтас  алғанда,  бүгінгі  шарттарда  циклдік 
жаратылысқа  ие  өркениеттік  даму  серпіні  дамыған  елде 

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
149
қолданыстағы V технологиялық жөн-жосықтың бәсеңсіп бара 
жатқан сатысымен дөптеседі. Әлбетте, бүгінгі кезеңнің өзінде-
ақ  келесі  VI  технологиялық  жөн-жосыққа  дайындалудың 
және сәтті көшудің алғышарттарын қалыптастыру қажеттілігі 
туындайды. 
Алайда, нәтижелілік параметрлерінің құлдырауын көр-
сететін өтпелі сатыға қарамастан, аталған кезең өзі нің тұрақ-
сыздығына бола жағдаятты өршітуге себеп болуы, бұрыннан 
бар барлық өркениеттерді қамтитын экономика лық жүйенің 
дағдарысына әкеліп соғуы сирек емес. 
Демек,  осы  уақыт  кезеңінде  кез  келген  келеңсіз  көрі-
ністердің жайылуы және жаппай қайтымсыз сипатқа ие болуы 
мүмкін. 
міне, бүгінгі қаржылық-экономикалық дағдарыс та бөлек 
бір  елде  басталып,  жеке  қаржылық  манипуляциялардың  
шекарасын аттап өтіп, ғалами үрдістің орасан зор ауқымда-
рына  ие  болды.  Сондай-ақ  ұзақтығы  жөніндегі  болжам- 
дарға қатыссыз, оның жаңғырығы әлі ұзақ уақыт бойы ға-
лами,  аймақтық,  мемлекеттік  экономика  деңгейлерінде 
және, әсіресе, орташа және әлсіз дамығандардың қатарына 
жататын  ұлттық  экономикалық  жүйелердің  деңгейлерінде 
білінетін болады. 
онысы  дамыған  экономикалық  жүйелердің  өз  қимыл-
дарының  жағымсыз  салдарын  әлемдегі  экономикалық 
қатынастарға  қатысушылардың  баршасына  және,  әсіресе, 
дүниежүзілік  шаруашылық  байланыстардың  анағұрлым  
әлсіз әрі осал буындарына жатқызуға болатындарына артып 
қоюды әдетке айналдырғанына байланысты. 
бұл орайда, егер дамыған өркениеттер мен жекеле ген  
елдер жойқын дағдарыстың салдарын жеңу үшін жеткілікті 
үлкен әлеуеттегі мүмкіншіліктерге ие болса, онда өз әлеуе-
тінде өз экономикаларының күйреуін тежеуге анағұрлым аз 
қорларға ие болған басқаларына орын алған дағдарыстың 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
150
барлық  ауыртпалықтарын  барынша  көп  сатыда  бастан  ке-
шуге тура келеді. 
Ғалами дағдарыстың өрістеу шарттарында, дүниежүзілік 
экономикалық  өзара  әрекеттесудің  орташа  дамыған  және 
әлсіз  дамыған  серіктестері  дамығандар  қатарына  жататын 
қатысушылардан барған сайын артта қалып барады.
Негізгі  капиталды  дамыған  экономикалық  жүйелерде 
шоғырландыру, тап солай дамушы жүйелердегі қаражаттың 
айқын жеткіліксіздігі факторы келелі базистік инновациялар-
ды ірі көлемдерде игеру және VI технологиялық жөн-жосыққа 
сай, жаңа сапаға көшу мүмкіндіктерін тежейді әрі шектейді. 
оның үстіне, инвестициялар тұрғысынан бай жүйелер өз 
дивидендтерін экономиканың салыстырмалы түрде машақат-
сыз виртуалдық секторындағы, яғни қаржылық секторындағы 
капиталдан алуды мақсат тұтады.  олар инвестициялардың 
айтарлықтай  ағындарын  нақты  капиталды  сапалық  қайта 
құруды  қамтамасыз  ететін,  оны  одан  әрі  дамытатын  емес, 
виртуалдық  қаржылық  қатынастар  мен  спекулятивтік  опе-
рациялар саласын сақтауға және оны кеңейтуге бағыттайды. 
ондай операциялар инвесторларға елеулі, іс жүзіндегі нәтижеге 
негізделмеген пайда алуға мүмкіндік береді. Қаржылық ка-
питал  экономиканың  нақ ты  секторының,  онда  құрылатын 
капитал көлемдерінен айтарлықтай дәрежеде асып түсетін, 
орасан зор мөлшерлерге дейін ұлғаяды. 
осының  барлығы  тепе-теңдіктің  және  тұрақтылықтың 
іргесін  шайқайды,  өйткені  экономикалық  жүйелердің  қа-
лыптасқан пропорциялары мен арақатынастары одан сайын 
деформацияланады, деструктивті өзгерістерді (инфляцияның 
өсуіне, бағалардың бей-берекет ауытқу ларына) алып келеді. 
осыдан экономикалық серпінге теріс ықпал ететін шарттар 
қалыптасады. 
капиталдың асып төгілу үрдістері күшейіп, онсыз да «әлсіз» 
экономикаларды әлсіретеді және «күштілерінің» жағдайын 
қиындатады,  себебі  қаражаттар  виртуалдық  капиталдың 

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
151
ұдайы  өндірісіне  бағытталады.  Қаржылық  ағындар  келе- 
шекті  инновациялық  жетістіктердің  шын  мәніндегі  және 
пәрменді резервтері жатқан нақты экономиканы орағытып 
өтеді. 
осындай  жаратылыстағы  трансформация  келеңсіз, 
бей-берекет  ауытқуларды  мөлшерлей  отырып,  стихиялық 
үрдістерді  жүгендеп  және  олардың  әсер  етуге  көнбейтін 
ауқымдарға дейін ұлғаюының алдын ала отырып, реттейтін 
әсерді күтеді. 
Өркениеттердің  серпініндегі  трансформациялық  үрдіс-
тердің  заңдылықтарын  ұғыну  бұл  туралы  дүниежүзілік 
өркениеттер  жинақтаған  әлеуетті  шашып-төкпей,  жойқын 
революциялық өзгерістерден құтылудың объективті қажет-
тілігі ретінде ұштас өзгерістердің сипатын түсінуге мүмкіндік 
береді. 
Б
ҮГІНГІ
 
ҚАРЖЫЛЫҚ
 
ДАҒДАРЫСТЫҢ
 
СУБъЕКТИВТІ
 
СЕБЕПТЕРІ
 
Өркениеттердің  экономикалық  серпінінің  ерекшелік-
терін анықтау 2007–2009 жылдардағы ғалами қаржылық-
экономикалық  дағдарыстың  алғышарттары  өркениеттік 
жүйелердің  экономикалық  тірлігінің  объективті  себептері 
және заңдылықтары болды деп пайымдауға негіз береді. 
Сонымен  қатар,  ол  қаржылық-экономикалық  дағда-
рыстың туындауының субъективті себептері де бар. оларды 
тек қана бар шамада индустриалдық өсу факторларын тауы-
сумен және «ақылды» экономиканың қағидасындағы жаңа 
тәсілдемелерге  ден  қойған  жаңа  экономикалық  саясатты 
енгізу қажеттілігімен түсіндіруге болмайды. 
Қалыптасқан  жағдаятқа  бизнесті  жүргізудің  қитұрқы 
әдістемесін  пайдалану  тән,  оны  көбінесе  нарықтың  вир-
туалдық  және  қалтарысты  тетіктерін  тартуға  негізделетін 
«айлакер» экономика ретінде айқындауға болады. 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
152
Экономиканың  дағдарыстық  жағдайы  айтарлықтай 
дәрежеде  ондағы  басым  позицияларды  нақты  өндірістік 
сектордың  емес,  виртуалдық  өнімдер  өндіретін  қаржылық 
институттар  алғанының  салдарынан  шығады.  Қаржылық 
сектор, яғни банк делдалдан оларды сатуды жүзеге асыра-
тын  құрылымдандырылған  қаржылық  өнімдерді  жасаушы 
банкке айналып, виртуалдық сектор ретінде жылдам қанат 
жайып келе жатқанын туғызатын осы. 
мысал  үшін,  соңғы  жылдарда  берешек  өсуінің  үдеуі 
орын алды, қаржы жүйесінің тәуекелдігі өсті. ондай түр дегі 
өзгерістер  асқан  өтімділіктің  қалыптасуымен  сәйкес  келді, 
ал  жеңілдетілген  несиелер  қаржылық  активтерге  өнімсіз 
сұраныстың ұлғаюы мен олардың құнының өсу факторына 
айналды, ал бұл – тәуекелдіктердің артуына барабар. 
бірқатар  экономистер  аталған  жағдайды  борыштық 
«көпіршікті» үрлеумен салыстырады. осының барлығының 
дүниежүзілік  шаруашылықтың  ауқымына  жеткенін  ескер-
сек,  «көпіршік»  бүгін  ғалами  мөлшерге  жетті.  Виртуалдық 
экономиканың  қойнауында  туындаған  бүгінгі  қаржылық-
экономикалық  дағдарыс  дүниежүзілік  экономикалық  
кеңістікті  қамтыған,  болжамдағы  салдары  бәрінен  бұрын 
жалпы нарық жүйесінің осал буындарына анағұрлым үлкен 
күш салатын ғалами үрдістің сипатына ие болды. 
Жалпы  алғанда  әлем  қауымдастығы  және  оған  кі ретін 
мемлекеттер  бүгінгі  қаржылық-экономикалық  дағ дарыс- 
тың ауқымы мен көлемінің ұлғаюын тежеу және оның мер-
зімдерін мүмкіндігінше қысқарту мақсатындағы қадамдар-
дың тұтас бірқатарын қабылдауда. 
Әлемдегі  қаржы  жүйесін  түбегейлі  жаңартудың  ықти-
мал  жоспарын  мен  «егемендегі»  атауы  «Дағдарыстан 
шығу  кілті»  атты  мақаламда  баяндағанмын  [11].  Аталған 
мақаланың көкейтестілігін жоғалтпауына байланысты, мен 
осы  жұмысымда  оның  негізгі  идеяларын  беруді  мүмкін  
болады деп таптым.

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
153
4.2. ДАҒДАРЫСТЫҢ КІЛТТЕРІ
 
бүгінгі таңда елдер мен құрлықтарды шайқалтқан ғалами 
дүниежүзілік  дағдарыс  —  адамзат  бұрын-соңды  білмеген 
ерекше  құбылыс. ол  әлем  тарихында  баламасы  жоқ  және 
дүниежүзілік  тәртіпті,  барлық  экономикалық  қалыптарды 
түбегейлі  өзгертетін  құбылыстардың  қатарына  жататыны 
анық.  Сондықтан  да  оны  талдау,  ой  елегінен  өткізу  және 
жеңу үшін барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта 
қарайтын әдеттен тыс тәсілдеме керек. 
бұл  орайда  кінәлілер  мен  айыптыларды  іздеу  ештеңе 
өндірмейді.  Қазір  соншалық  қуатты  дүниежүзілік  катак-
лизмдерді  туғызған  жүйенің  тұңғиықтағы  ақаулықтарын 
айқындауға, ал ең бастысы — оларды түгелдей жою жолда-
рына  зейін  қойған  маңыздырақ.  ол  үшін  біздің  түбегейлі 
жаңа, өзгеше құрылған дүниежүзілік экономика, саясат және 
ғалами  қауіпсіздік  үлгісін  құрудың  қарсаңында  тұрғаны- 
мызды мойындауға батылдығымыз жететін болуы тиіс. 
егер біз шын мәнінде ескі дүниенің кемелсіздігін жеңуге 
және  Жаңа  дүниені  тұрғызуға  бірегей  мүмкіндікті  тиімді 
пайдалануға ниетті болсақ, одан өзге амал жоқ та. ол үшін 
бүкіл  дүниежүзілік  қоғамдастықтың  орасан  зор  күштері, 
зияткерлік және материалдық қорларды жұмылдыру және 
бірталай уақыт қажет болатыны түсінікті. бізді алда түбегейлі 
жаңа логиканы құру және әзірге ғалами (немесе ұлы) транзит 
әлемі деп шартты атау беруге болатын осы бір өткел арқылы 
жаңа ортақ «қозғалыс ережелерін» әзірлеу күтіп тұр. бірақ, 
ең алдымен, осы ғалами дағдарыстың бастапқы себептерін, 
оның бастауларын белгілеп көрейік. 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
154
Т
ҰҢҒИЫҚТЫҚ
 
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК
 
АҚАУ
 
еуразияның бір ұлы ғұламасы бір жарым ғасыр бұрын 
былай деген екен: «Сырттағы күш – іштегі күштің жемісі». осы 
ойды қайта құрсақ, «сыртқы дағдарыс – ішкі дағдарыстың 
жемісі» деп пайымдауға әбден болады. 
Және  де  бүгінгі  ғалами  дағдарыс  —  тіпті  де  әлдебір  
табиғи  нәубет  және  мән-жайлардың  кездейсоқ  ұштас-
тығының  нәтижесі  емес,  әлдебір  тұңғиықтық  ақаулықтың 
заңды сырттай көрінісі екені айқын.
Сондықтан біз оны нақты айқындамайынша және бел-
гілемейінше,  дағдарыстың  бастауы  болған  дүниежүзілік 
валюталық-қаржы жүйесін қалпына келтіру бойынша біздің 
барлық  күштеріміз  тек  сыртын  жайнатар  шала  сипатқа  ие 
болмақ. ондай жағдайда біз жоймаған ақаулық одан әрі де 
жиілігі үдейтін және салдары анағұрлым ауыр болатын жаңа 
дағдарыстарды бірінен соң бірін туғыза беретін болады. 
біздің  барша  әлеміміз  кенет  әрі  байқамай  ғалами 
дағдарыстың туннеліне «кіре берістен» өтіп кеткен болып тұр, 
ал одан «шыға берісті» әзірше ешкім де көре қоймады. 
оның орын алған себебі, біздің бүгінгі әлемге, тап солай 
Жаңа әлемге де ескі ойлау құралдарының оптикасы арқылы 
қарағанымыздан болар. бірақ, түбегейлі жаңартуды бастау үшін, 
бізге өзіміздің ой-санамыздың барлығын жаңарту керек. 
тиісінше, барлық ұғымдарды, санаттарды, теорияларды, 
сұлбаларды, ойлау концепттері мен Жаңа әлемнің фактілері 
мен құбылыстарын атайтын терминдерді де жаңарту керек. 
Дүниежүзілік дамудың негізінде жатқан не нәрсе? оның 
ядросы және даму моторы — ұдайы өндірілетін дүниежүзілік 
байлық  ретіндегі  дүниежүзілік  капитал.  Ал  ол  капиталдың 
негізінде не жатыр? Жауап — дүниежүзілік валюта жүйесі. Ал 
дүниежүзілік  валюта  жүйесінің  негізінде  жатқан  не?  оның 
негізінде генерация және айналыс тетігі — заңдар, шаралар, 
эмитенттер, арналар, пайдаланушылар және т.б.жатыр. 

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет