Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет107/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

ҒҰЛАМАЛАР АЛДЫНДА
І
Осы сапарда Қаныш Имантайұлына Мәс кеу дің небір еңселі 
кабинеттерінің ал 
дын 
да телміріп отырып қабылдау күтуіне 
тура келді. Бірінен сағы сынып, қайта келместей болып шықса, 
екіншісіне ба рады. Тек тындырғаны шамалы. ВСНХ-ның гео ло-
ги я лық Бас басқармасы (бұрынғы Геолком) Жезқазған барлау-
шысының төндіре айтқан арызын, құшақ-құшақ дәлелін жүре 
тыңдап, көбіне тыңда май діңкелетті. Қан дай да ірі басшы, келелі 
маманмен тілге келсе, ести тіні: «Дұрыс айта сыз, Жезқазғанда мыс 
көп, тіпті қисапсыз мол, бұған біздің ешқан дай да шүбәміз жоқ!» – 
дейді де, іле-шала «Ақылға көніңіз» дегенге бұрып, үгіттей бастай-
ды. Дәлелі – «Сіздің көзір етіп отырған қисапсыз мол мысыңыз 
қиыр шетте, жолсыз шөл далада. Оны игеру үшін пәленбай жүз 
шақырымға темір жол тарту керек – құны оның жүздеген мил-
лион сом; ал су мүлдем жоқ, демек, Жезқазғанда іргелі үлкен 
өн діріс тұрғыза алмаймыз... Сіз жо ғары білім ді һәм білікті ма-
мансыз, өзіңіз айтыңыз шы, Қазақ станда екі мыс алыбын бір мез-
гілде тұрғы зуға бола ма? Қарсақбайдағы зауытты ша ғын деп тым 
кішірейтпеңіз, қым баттым, оның одаққа беріп отырған мысы – 
әзірше көп-көрім. Жезқазған кеніші әуелі соған қызмет етсін... 
Қазірде біз бірнеше жерде түсті металл өндірістерін бастадық. 
Бәрі де тиімді технологияға негізделген. Бә 
рі-бәріне қыруар 
қаражат пен жұмыскер керек. Сан түрлі құрал-жаб дық, кәсіби 
мамандар керек. Ал сіз: «Солардың бә рінен де алып, бәрінен де 
тиімді – Жезқазған!» дейсіз. Русаковты тыңдасақ, ол да біл гір ма-
ман, өзі ашқан Қоңы рат мысы туралы ту ра солай дейді. Қоңырат
кеніне негіздеп, Балқаш көлінің жағасынан үлкен өндіріс ашуға 
кірістік. Өйткені онда су мол әрі ол темір жолы бар Қарағандының 
мол көміріне ұрымтал ор наласқан. Ал Жезқазғанда?.. Білмеймін, 
жолдас Сәт баев, таяу арадағы қырық-елу жылда Ұлы тау атыра-


257
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бында іргелі құрылыс бастаймыз деп сізді бекерге сендіре алмай-
мын... Демек, оның қыртысын барлауды да әзірше тоқ тата тұру 
қа жет, ең аз дегенде жиырма жыл ға. Ау, сайып келгенде, сіздің 
міндет – кен бар лау емес, Қарсақбай зауытын құ нарлы мыс шикі-
заты мен жабдықтау. Ұқ тыңыз ба, геология бөлі мін де сол үшін 
қысқарт қан жоқпыз. Жолдас Сәтбаев, өз бой ы ң ызға лайық нақты 
іспен шұғыл даны ңыз!..»
Қаныш Имантайұлы – бұл қарсаңда өмір теперішін біршама 
көрген, жасы сол көктемде отыз төртке шығып, өндіріс түтінін 
«иіс ке ген» сақа инженер. Ең бастысы, сол күнде оны ешқандай 
иланымды дәлел иә күш көрсетіп, Жезқазғанның мыс көмбесін 
іздеу ісінен бездіру оңай емес-ті.
Сонсоң да ол астанада айлап жатып, түртіне ізденуден жа-
лықпаған. Сәуірдің бас кезінде республика үкі метінің жәрдемімен 
бөлімге қалды рылған болмашы қаржыны екі есе өсіруге рұқсат 
ала ды (былтырғы соманың екі пайызы). Бұл мардымсыз ізде ніс ті 
бірер айға созуға ғана жетпек. Амал қанша, көмектің өзге көзде- 
рін іздеуге тура келді.
Соның бірі – Алтын барлау тресі. Тресте қаржы мол. Бір 
тәуірі, алыс-жақын деп жер талғамайды. Қаныш Имантайұлы 
алтын іздеушілермен шарт жасасады; Жезқазған геологтары 
пәленше жүз мың сом қарыз алады; төлемі – алтыны құнарлы 
кен көздерін нұсқау... Ұлытау өңірінің мұндай қымбаттардан 
да құралақан емесіне соңғы жыл дардағы ізденісте көзі жеткен. 
Тап соларды қысталаң кезде пұлдап, Ұлытау келешегіне неге 
пайдаланбасқа?!.
Одақтық Көмір институтымен де «Қияқты кө мі рін зерттеу-
ге...» деп көп-көрім қаржы алды. Рас, ыңғайсыздау «сауда». 
Себебі сол үшін бір тиын жұм самасы өзіне аян. Көмір институты 
бірақ ешқандай зиян шек пейді. Екі жылдан бері үш-төрт станок 
Қи яқтыда не үшін жұмыс істеді? Жезқазған геологтары сол өңірге 
шұқшия үңіл іп, неліктен барлау жүргізді? Үйге қайтқан соң ин-
женер Бурцевті бірер ай кабинетке оңаша отырғызады да, бұрын-
ғы барлау де рек терін жинақтап, институтқа жаңа бар лау нәтиже-
сі етіп көлденең тартады. Әрине, келеңсіз шаруа. Жаяу базардағы 
делдалдың қарекеті. Іскер пысықтар айтпақшы, «Түпкі мақ-
сат – жол таңдат пай ды», не деп бопсаласаң да, аш өзек отырған 
жұмыс керіне нан жегізетін қаржы тауып беруі керек, станок та 
тоқтамайды. Ең бастысы, көк бейнетпен жер-жерден құраған бар-
лау мамандарын сақтайды. 
17-0196


258
Медеу СӘРСЕКЕ
Құдай дес бергенде, ілдебай көмектің тағы бір жолын тап-
ты. Тіпті молырақ та тұрақты көзін. Лак-бояу тресі көкжасыл 
сыр өндіруге шикізат іздеп, қандай қиянға болсын экспедиция 
аттандыруға әзірлік жасап отыр екен. «Асқар тау Мұхаммедке 
келе ме, әлде Мұ хам медтің өзі тауға бара ма?» деп кергитін кі-
сі – Сәтбаев емес. Бояу тресіне өзі барды. «Сіздерге керегі – мыс 
кенінің тотыққан түрі. Сірә, «медянка» болар? Бізде ол бар. Жай 
«медянка» емес, «ярь-медянка» аталатын аса қанық түрі...» – де-
ген Жезқазған геологіне трест басшылары ожырая қарап, ділгер 
боп іздеген жоғы бейнетсіз табылғанына сенер-сенбесін білмей 
таңданыс білдіреді. «Сіздерге содан қанша керек?» – дейді Қа ныш 
Имантайұлы. «О, өте көп! Биылдың өзінде ондаған тонна! Сапасы 
айтқаныңыздай жақсы болса – одан да көп...» «Табамыз, – деді 
қонақ нық сеніммен. – Тек бұл үшін ағылшындар қаздырған ескі 
қазаншұңқырларды ақтарып, шурф, жыралар қазып, арнайы 
зерттеу жасаймыз. Тек сөйту үшін?..» «Қанша тілейсіз – сонша 
аласыз, қымбаттым. Құдай тағала сізді бізге әдейі жолықтырған 
болар!» – деп Лак-бояу тресінің басшылары қазақ геологіне 
сүйсіне қарайды.
Ақыры, екі жақты тиімді шартқа қол қойып, биылғы ізденіске 
бір миллион сом алатын болды. Қаныш сол істі мейірімі мол 
Алланың өздеріне жәрдемдескені деп білді де, білек сыбана ізденіс 
жасап, сол жазда-ақ ескі қазаншұңқырдың бірінен тотыққан 
кеннің сүбелі қабатын нұсқады. Әрине, бояу трес інің қомақты 
қаржысын барлаудың ділгер қажетіне жұмсады.
(Бояушылар ұжымы осы істен шаш етектен пайдаға кенелген. Лак-бояу 
тресі тотыққан кеннің әр тоннасынан 10 мың сом таза пайда тауыпты. Демек, 
миллиондаған сом кіріс алған. Жаңа кәсіптің аса тиімді болғаны соншалық – 
1934-1940 жылдар аралығында, яғни Жезқазғанға темір жол келгенге дейін 
бояу шикізатын трест Ұлытаудан жүк ұшақтарымен тасыған).
Бірер жүз мың сомды КСРО ҒА-ның Қа зақ стандағы базасы 
беріпті: әрине, Жезқазғанның жалпы геологиялық құрылымын 
зерттеуге міндеттеген жоба ұсынып...
Сөйтіп, Жезқазғанның жанкүйері «түйе сұрап келіп, бие де 
ала алмай», жыл аяғына дейін демеу болғандай қаржы тауып, 
Ұлытауға қайтқан. Келе-ақ қарамы селдіреп қалған барлаушы 
топқа бұдан үш жыл бұрынғы бесжылдық жоспарды қайткен күн-
де орындауды міндет етеді. Қандай күштермен?.. Өткен жыл-


259
ШЫҒАРМАЛАРЫ
да 32 станок барлау жүргізді, қазір оның жартысы да істемейді. 
Сөйтсе де, жеті-сегіз станок жер бұрғылауы қажет. Демек, әрбір 
станок үшеудің жұмысын орындауға тиіс. Яғни әрбір бұрғылау-
шы үш жұмыскердің міндетін атқарсын. Өйтпейін ше, мұрат ет-
кен межеге жете алмаймыз. Мотордың әрбір грамм майы қатаң 
есеппен жұмсалсын. Алмаз ұсағының әрбірі әжетке жаратыл-
сын, қымбат бытыраның да әр килосы үнеммен ұсталсын!..
Жезқазған эпопеясының ең ауыр кезеңіне қатысқан жан-
кештілердің куәліктеріне жүгінелік:
МЫРЗАБЕК ТҰҢҒЫШБАЕВ: «Бүгінде жұрт сенбейтін ауыр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет