Сәттілік!!! 1-билет доктрина


•  Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтаңыз



Pdf көрінісі
бет22/49
Дата22.08.2023
өлшемі0,74 Mb.
#105472
түріНұсқаулар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
Байланысты:
БИЛЕТ ЖАУАПТАРЫ 11А

• 
Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтаңыз. 
Ақ Орданың пайда болуы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына алғышарттар тудырды. 
Ақ Ордада феодалдық басқару жүйесінде хан, феодалдар болды. Әскери қызметкерлер мен 
шаруалардан салықтар алынды. 
Қазақ мемлекеттілігі ру-тайпалық жүйемен біріккен аумақтың, биліктің және халықтың бірлігіне 
негізделген . 
Қазақ қоғамы саяси билігі хан, билер, құрылтай, ұлыстардың көмегімен басқарылды. 
Екі мемлекет те көшпелілермен, мал шаруашылығымен көптеп айналысты. Қолөнермен сауда 
қатынасы дамыды. 
Ақ Орданың үлкен аумағы қазақтардың этникалық аумағы да, Қазақ хандығының мемлекеттік 
болашағы да болды . Сондықтан Ақ Орда алғашқы қазақ мемлекеті болып саналады. 
///////////////////////////////////////////
/
///////////////////////////////////////////////////
15билет 
материалдық мәдениет- қазақ халқының материалдық мәдениетіне өндірістің өндірістің әртүрлі 
құралдары, баспана, киім-кешек, әшекейлер, қару-жарақ, сәндік қолданбалы өнер бұйымдары, 
музыкалық аспаптар, ыдыс аяқ және тб тұрмыстық заттар жатады. Тұтастай алғанда адам қызмеиінің 
нәтижесі болып табылатын заттарды жатқызамыз. Соның ішінде қазақ халқының дәстүрлі баспанасы- 
киіз үй. Бұл көшпелілердің жыл бойы көшіп қонуға жарамды тамаша өнертабысы. Киіз үйдің ішкі 
жабдықтары: сандық, мылтық, сәнді кілем. Төрден оңға қарай:ер-тұрман, ат әбзелдері, қару, аспаптар. 
Төрден солға қарай:әйел заттары.Яғни қазақ халқының дәстүрлі қолөнерлері, ағаш өңдеу арқылы 
еңбек құралдары, зергерлік бұйымдар, сәндік қолданбалы өнерлері, ою өрнек 
Рухани мәдениет-дін, наным-сенім, салт-дстүрлер, эпикалық дастандар: Ер тарғын, Қыз Жібек, Еңлік 
Кебек,Қозы көрпеш Баян сұлу, дстүрлі мерекелер, халық әндері, ертегі , мақал-мәтел. 
2)Қазақстанның киелі ескерткіштерін сипаттаңыз. 
Қазақстанның киелі жерлеріне діни ғибадат орындары: Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-
мұражайы, Қожа Ахмет Ясауи кесенелері, Арыстан Баба, Бекет ата кешені сияқты ұлттық мақтаныш 


орындарын жатқызуға болады. Екінші мысал - Баянауыл мен Шығыс Қазақстан облысындағы 
үңгірлер, Алатау таулары, Алтайдағы Белуха тауы, Ұлытау. Бұл қасиетті орындар тарихи мақтаныш. 
Сондай-ақ Қазақ хандығының ірі ортағасырлық қалалары мен астаналары Сығанақ, Отырар, Сауран, 
Сарайшық, Тараз. Бір ескерткішке тоқталсақ, онда Бабаджа Хатун кесенесі (Х-ХV ғ) Айша биге арналған 
кесененің құрылысы туралы аңыздармен байланысты. Аңыз бойынша, Айша бибі қайтыс болғаннан 
кейін оның күтушісі Бабаджа хатун оның қамқоршысы болады, ал қайтыс болғаннан кейін оны қыздың 
кесенесінен жиырма қадам жерде жерлейді. Адал әйел үшін арнайы кесене тұрғызып, оны Бабаджа 
хатун кесенесі деп атады. Бұл екі ғимарат қажылық жасайтын мұсылмандар үшін керемет 
ескерткіштер мен қасиетті орын. Бүгін кесенеге әйелдер ерлі-зайыптылық бақыт пен ұрпақ сұрап 
келеді.АЛАША ХАННЫҢ КЕСЕНЕСІ Бұл мазарды ұсталар ХІ-ХІІ ғасырларда Алаша ханға арнап 
тұрғызыпты-мыс. Оның есімі қазақ халқының үш жүзінің пайда болуымен тікелей байланысты. 
Қазақстандағы ең атақты мазарларының бірі Қаракеңгір өзенінің сағасында, Қарағанды облысының 
Ұлытау ауданында, Малшыбай ауылының жақын маңында орналасқан.ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ. Моңғол 
дәуіріне жатқызылатын Жошы хан кесенесі ХІІ-ХІІІ ғасырларда тұрғызылған. Бұл сол дәуірді 
сипаттайтын ең құнды әрі танымал ескерткіштердің бірі. Кесене Қарағанды облысы Ұлытау 
ауданында орналасқан. Тұрған жері Жезқазған қаласынан солтүстк-шығысқа қарай 50 шақырымда. 
Қаракеңгір өзенінің сағасында, оң жағалауынан 2 шақырым жерде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет