Білім беру ұйымының атауы
|
|
Пәні:
|
Құқық негіздері
|
Бөлім:
|
Жеке құқық
Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 10
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Мәміле түсінігі және оның түрлері
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
10.3.1.6 - құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымын және оның түрлерін түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты
|
Мәміле ұғымы және оның түрлерін түсіндіру
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» құндылығы. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
|
Миға шабуыл технологиясы арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбын анықтау үшін презентациямен жұмыс.
Оқушыларды сабақтың мақсаты, жетістік критерийлері мен таныстыру.
|
Сабаққа ынталанады.
Жағымды ахуал туады.
Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
|
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz
|
Жаңа білім
|
Мағынаны тану
«БББ» кестесімен жұмыс жүргізу.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Білдім
|
|
|
|
Екінші бағанадағы сынып оқушыларының жазған сұрақтарына жауап табу үшін сынып оқушыларын үш топқа бөлу
Мәтінмен жұмыс
1-тапсырма
Интеллект картасын және мәміле үлгісін жасайды.
1 Сату-сатып алу мәмілесі
2 Айырбас шарты
3 Сыйға беру шарты
4 Кепіл хат
ЕБҚ оқушыға көмекші карточкалар арқылы тапсырма беру
Оқушыларға мәміле жасасуға қатысты даулы жағдаятты ұсыну.
«БББ» кестесі бойынша сабақ соңында «Білдім» бағанын толтыру қажет.
2-тапсырма
1. Мәміленің қаңдай нысандарын білесіңдер?
2. Мәміле жарамды деп танылуы үшін қандай жағдайлар қажет?
2-деңгейлі тапсырма. «Мәмілелердің түсініктемесі мен нысандары» тақырыбында
көрсетілім жасаңдар. Оны талқылаңдар.
2-деңгейлі тапсырма. Азамат Х. компьютер сату туралы хабарландыру жасады. Сатып
алушы D. хабарландыру бойынша келгенде, азамат Х. сатып алушыға әзілдегендігін айтты.Сатып алушы D. Х. дан компыютерді тасымалдау үшін көлікті жалға алған шығындарын төлеуді талап етуге құқылы ма?
ЕБҚ: оқушы шығарылып берілген тапсырманы орындайды
ПТМС формуласы
Позиция «Заң жасалатын мәмілелерді тіркеуді талап етеді
Түсіндіру(себебі...)
Мысал (мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)
Салдар(қорытынды жасаймын....
ЕБҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі.
|
Сынып оқушылары алдыңғы тоқсандағы өткен азаматтық құқықтағы білімдерін бірінші бағанаға жазады. Екінші бағанаға бүгінгі сабақта нені білгілері келеді соны жазулары керек
Оқушылар өздеріне берілген «ҚР Азаматтық кодексінің баптарына сүйеніп даулы мәселені шешеді немесе өз ұсыныстарын келтіреді.
Дескриптор:
мәмілелерді тіркеу заңды жолдарын анықтайды;
мәмілелерді тіркеу заңды жолдарына талдау жасайды;
|
|